Мазмұнға өту

Жаңа

Халыққа сапалы медициналық қызметтер көрсету – денсаулықтың кепілі

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ және ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасымен бірлесе отырып, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің  Медициналық  және фармацевтикалық қызметін  бақылау және Медициналық қызметке ақы төлеу комитеттерінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылау жөнінде семинар-кеңес  өткізілді.

Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті РММ басшысы Майра Үкібай Департаменттің қызметі мен жүктелген тапсырмалары және Алматы қаласы бойынша медицина мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын артыруға бағытталған жұмыстар жөніндегі мәселелерге тоқталды.

МҚІ және СЖҚІҚА Алматы қаласы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс- қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин бес институционалдық реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық  жоспарда қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат құру, сот, құқық қорғау, кеден және салық салаларын онтайландыру, әлеуметтік бағдарланған тиімді экономика құру жайлы айта келе, алдағы уақытта мемлекеттік басқару саласындағы заң актілеріне өзгерістер еңгізу туралы берілген тапсырмаларға  өз пікірін білдірді.

«Халықаралық құқық қорғау орталығы» ҚБ президенті Жәнділда Жақыпов  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық, Қылмыстық кодекстеріне енгізілген өзгерістермен таныстырып,  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралардың маңыздылығы тоқталды.

ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетің Алматы қаласы бойынша басқармасының пракуроры Әсел Әбдікәрімова құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  басқармада  сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары  мен Қазақстан Республикасының заңдарын бұлжытпай орындау  мәселелеріне өз ойын білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Алматы қаласы бойынша  Департамент басшысы Манас Рамазанов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың реформасының маңыздылығы тоқтала келе екі Департаменттің барлық мемлекеттік қызметтер көрсету мен қызмет алушыларға сапалы қызметтер көрсетіліп жатқандығы жөнінде мәселелерге тоқталды.

Семинар – кеңес барысында «Халықтың құқықтық санасы мен  жауапкершілігін арттыруға бағыталған шаралар» атты жадынамалар таратылды.

Аталған шара БАҚ өкілдірінің қатысуымен өтті.

 
0
0
315

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойнша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформасын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында (бұдан әрі – МКБ), Алмалы ауданы бойынша МКБ басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» және «100 нақты қадам» атты семинар-кеңес өткізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы, бес институционалды реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары туралы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» Заңдардың жобалары туралы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл Стратегиясына сәйкес 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін түсіндіріп өтті.

Алмалы ауданының бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Жанна Аманова өзі басқарып отырған аудан бойынша Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жеткізу барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа бағыттары мен міндеттері жайында айтып өтіп, бизнес өкілдерімен халық арасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары насихатталып жатқанына тоқталды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылып, тақырыпты бейнероликтер көрсетілді.

Жиынға бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

0
0
1120

Астанада жыл сайынғы «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен жыл сайынғы «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Биыл байқауға республиканың барлық өңірінен 541 кәсіпорын қатысты.

Аймақтардан келіп түскен өтінімдердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысынан болды - 57. Қарағанды және Павлодар облыстарынан сәйкесінше 56 және 53 өтінім қабылданды.

Байқауға қатысушылар өтінімінің басым бөлігі (264 кәсіпорын) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына келіп түсті. Аталған номинация бойынша үміткерлердің өз қызметкерлерін қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік бейімдеу, жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру қызметі бағаланды.

100 кәсіпорын «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына қатысуға өтінім білдірді. Бұл номинация бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын нығайтатын жұмыс берушілердің іс-әрекеттері бағаланды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына 79 үміткер қатысты. Аталған номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қарастырылды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 98 өтінім қаралды. Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі бағаланды.

Биыл байқаудың Бас жүлдесіне жұмыста, сонымен қатар, корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген «Самұрық Энерго» АҚ ие болды. Жеңімпазға жоғарғы марапатты Мемлекет басшысы тапсырды.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша Қызылорда облысының өкілдері – ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында «Саутс-ойл» ЖШС, сонымен қатар, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында «Абзал және К» ТС жеңіске жетті.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Ақтөбе облысының «Ақбұлақ» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында Павлодар облысынан «Мойылды шипажайы» АҚ жеңімпаз атанды.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында көшбасшы ретінде Жамбыл және Атырау облыстарының қатысушылары анықталды. Ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында АО «Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭСі» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында сәйкесінше «Каспиан Салфа Компани» ЖШС жеңімпаз болды.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілер арасында Шығыс Қазақстан облысының «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, орта және кіші кәсіпкерлік субъектілері арасында Қарағанды облысының «ГорКомТранс» ЖШС үздік атанды.

Ақпарат көзі

 

0
0
373

Қаланың қоғамдық ұйымдары Ұлт көшбасшының реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы бірлесе отырып, Достық үйінде «Ұлт көшбасшысының 5 реформасын жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.    Дөңгелек үстелге  Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарының өкілдері  қатысты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков Елбасы реформаларының маңыздылығына, Ұлт жоспарының жүзеге  асырудың негізгі бағыттарына тоқталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бақтияр Камалов  Ұлт жоспарының бірінші 15 қадамындағы   мемлекеттік аппараттың  түбегейлі  кәсібилендіру мәселесіне өз пікірін білдірді.

Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Хайырболат Хайдаров  жоғары жаңа технологиялық экономикалық өсуді, адам капиталын дамытуға, қазақстандықтардың өмір сүру салтын жақсартуды ынталандырылатын  айқын және нақты  шешімдерге  және қоғамды жаңарту жөніндегі тиімді іс-қимылдар туралы мәселелерге  тоқталды.

Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы Мәркен Ахметов қоғам бірлігінің жалпықазақстандық біртектілігін нығайтуды, «Мәгілік Ел» құндылықтары жүйесін дамытуда көздейтін толыққанды шаралар және «Ашық Үкіметтің» жұмыс тетіктерін, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін жетілдіру, қоғамдық бақылауды күшейту мен іскер азаматтық тұрғыдан араласуды қамтамасыз етеді деп өз сөзін түйіндеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының Ұлттық жоспарының тарихи маңыздылығына өз пікірлерін білдірді.

0
0
269

Алматы қаласының активтері «100 нақты қадамды» талқылауда

Алматы қаласының әкімдігінде қала активтерінің қатысуымен  «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалды реформасын жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» атты семинар-кеңес өткізілді.

Семинардың модераторы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зауреш Аманжолова өз сөзінде  қазіргі таңда жалпы  әлемдік қаржы және экономика жүйесінде болып жатқан қиын-қыстау кезеңдерге тоқтала келе халқымыз үшін  стратегиялық құжаттар маңызды екендігін атап өтті.   Елбасымыздың «100 нақты қадам» ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында алдыңғы қатарлы дамыған 30  мемлекеттің қатарына қосылу үшін алға қойған мақсаттарға ең қысқа жолдармен жету, еліміздің жалпы өмір салтын жақсарту, тұрақтылығын сақтау, жер бетіндегі бейбітшілік пен келісім, еліміздің одан әрі дамуына қажетті шикізат қорларын келесі ұрпаққа  қалдыру мәселелеріне өз пікірін білдірді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Бақтияр Камалов  кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі бірінші 15 қадам институционалды реформаны жүзеге асырудағы  әрбір жеке қадамның маңыздылығына, мәнділігіне,  мемлекеттік қызметке қабылдау, мемлекеттік қызметкерлер мен тұлғалар үшін жаңа ережелеріне тоқталды.

Алматы қалалық сотының судьясы Раушан Қуандықова өз сөзінде екінші реформада заң үстемдігі туралы – сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмыстарының тиімділігін арттырып, жаңғырту жөніндегі  мәселелерді атап өтті.

Жиынның қорытындысы бойынша бес институтционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспарын Алматы қаласы тұрғындарының арасында насихаттау жұмыстарын жалғастыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.

0
0
353

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесін қолдайды

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Жетісу аудандық бөлімшесінде  Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары  мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын  жүзеге асыруды тақылау бойынша   семинар-кеңес  өткізілді.

Семинар-кеңеске  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының Жетісу аудандық бөлімшесінің қызметкерлері қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасын жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне тоқтала келе, мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту, төменгі лауазымдарға қағидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу, 3+3 формуласы бойынша  мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру мен Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына өз пікірін білдірді.

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Жетісу аудандық бөлімшесінің басшысы Қалия Базикенова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы  мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдеріне айналатын «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесіне тоқталды.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

 
0
0
282

Студенттер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы 10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеуді қолдайды

Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары, Қазақстан Республикасының Конститутциясына 20 жыл  және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын  жүзеге асыруды тақылау бойынша  дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстелге   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттері  қатысты.

Университет ректоры Динар Нөкетаева «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы  10 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу мәселелеріне тоқталды.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бірінші реформасын жүзеге асыру мақсатында кәсіби мемлекеттік аппарат құру жөнінде және Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылу мәселелеріне өз пікірін білдірді.  Сонымен қатар   жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметке орналасу жөніндегі бос орындарға жарияланған хабарландыруларды іздеу жүйесінің кең аудиторияға арналған пилоттық жобасы жасалғандығы туралы хабарлама жасалды. Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін әрбір азамат  Департаменттің  almaty-anticorruption.gov.kz.сайтында  ҚР заңнамасына сәйкес  жұмысқа орналасу үшін бос орындарға таңдау жасай алады.

Университеттің заңгері Дәулет Рысқалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын талқылау шаралары  университет көлемінде  өткізіліп жатқан жөнінде хабардар етті.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

     
0
0
450

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Ұлт Көшбасшысының реформасын қолдайды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі мәтін бойынша - Департамент) «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да (бұдан әрі мәтін бойынша – АҚ) семинар-кеңес өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Максатхан Анапин Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанның қағидалық ұстанымы көрініс тапқан «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асырудың негізгі тетіктерін түсіндірді.

Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін азаматтардың әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтары туралы хабарландырып өтті.

АҚ басшысының міндетін атқарушы Кали Сахарханов Елбасы Н.Ә. Назарбаев энергетикалық салаға үлкен көңіл бөлетіндігін атап өтіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көзделген оны қайта ұйымдастыру туралы айтып, сондай-ақ «Бірыңғай сатып алушы» үлгісін енгізу үшін АҚ ұжымы алдындағы міндеттерді белгілеп көрсетті.

Ол, АҚ Республиканың ірі мегаполисін және Алматы облысын элекр энергиясымен қамтамасыз ететіндігін және барлық кәсіпорынның 4000 қызметкері ҚР Президентінің реформасын толықтай қолдайтынын баса айтып өтті.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне сауалнама жүргізе отырып, сұрақ-жауап пішімінде өтті.

 

0
0
428

АО «Алатау Жарық Компаниясы» за реформы Лидера Нации

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по городу Алматы (далее по тексту - Департамент) проведено семинар-совещание в Акционерном обществе «Алатау Жарық Компаниясы» (далее по тексту - АО).

Руководитель отдела антикоррупционного просвещения и взаимодействия с общественностью Департамента Максатхан Анапин разъяснил первую институциональную реформу «Плана нации – 100 конкретных шагов» по формированию профессионального государственного аппарата, предложенные Президентом РК Н.А. Назарбаевым и основные механизмы реализации «Антикоррупционной стратегии Республики Казахстан на 2015-2025 годы», отражающий принципиальную позицию Казахстана по профилактики, предупреждению и противодействию коррупции.

Вместе с этим, также проинформировал об административной и уголовной ответственности граждан за совершение коррупционных преступлений и правонарушений против интересов государственной службы и государственного управления.

Исполняющий обязанности руководителя АО Кали Сахарханов отметил, что Глава государства Н.А. Назарбаев уделяет большое внимание энергетической отрасли и рассказал о ее реорганизации, предусмотренные «Планом нации – 100 конкретных шагов», а также обозначил задачи перед коллективом АО для реализации внедрения модели «Единого закупщика».

Также подчеркнул, что АО обеспечивает электроэнергией крупнейший мегаполис Республики и Алматинскую область и все 4000 работников предприятия полностью поддерживают реформы Президента РК.

Мероприятие прошло в формате вопросы-ответы с проведением анкетирования сотрудников предприятия  по вопросам борьбы с коррупцией.

     
0
0
590