Мазмұнға өту

Жаңа

Ұстаздар Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы оқытудың жаңа стандарттарын қолдайды

Бостандық  ауданындағы №70 мектепте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы аясында  «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын  жүзеге асыруды тақылау бойынша  семинар-кеңес   өткізілді.

Семинар-кеңеске   Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің (әрі қарай-Департамент), Алматы қаласы  Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері мен педагогог ұжымдары қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Сайлау Оразов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 15 қадамына түсініктеме бере отырып,  бірінші реформаны жүзеге асыру мақсатында  кәсіби мемлекеттік аппарат  құру мен Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына тоқталды.

Бостандық ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы  Әділет Нысанбаев семинар-кеңеске қатысушыларға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «2050 – Стратегиясын» жүзеге асырудағы  «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бағыттары мен мақсаттары  туралы өз пікірін білдірді.

Мұғалім Айнұр Дүйсенова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасын талқылау шаралары ауданның барлық білім салаларында өткізіліп жатқан жөнінде хабардар етті.

Семинар-кеңеске қатысушылар Елбасы Н.Назарбаеватың идеясын толығымен қолдады. Пікірлер мен қойылған  сұрақтарына толыққанды жауап алды.

   
0
0
485

Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында семинар — кеңес өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент)  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасы  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жуйеге асырыу мақсатында Алматы қаласының Әуезов аудандық сот өкілімен бірлесе, Алматы қаласының Әуезов аудандық Тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында (бұдан әрі - Басқарма) семинар - кеңес өткізді.

Басқарма басшысы Игорь Тен,  Елбасының «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары - 100 нақты берілген тапсырмасы, мемлекет пен қоғамның  барлық реформалау тараптарын жан жақты қамтылатындығын, экономика мен қоғамның кезең-кезеңмен жаңғырту негіздерін қалауға 100 тегжейлі және практикалық шешім боп табылатындығын айта келе, Қазақстан үшін бес институционалдық реформалардың қажеттігі, еліміздің бәсекелі ортада жаңғыртуға жағдай жасайтындығын айтып өтті.

Департаментінің қызметкері Асхат Байұзақов кеңеске қатысушылар ортасы мемлекеттік қызметшілер екенін ескере отырып, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруы және мемлекеттік аппараттың тетігін, кәсібилігін арттыруға бағытталған 15 қадамдардың мәнін ашып , кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін бағыталған бірінші реформаның әр қадамына жеке жеке тоқталды.

Әуезов аудандық сотының судьясы Гүлжан Имансерікова , азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін , сот жүйесі инстанциаларын оңтайландыру бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот  төрелігі жүйесіне көшу туралы болатын өзгерістерге тоқталды.

0
0
438

Шағын бизнес институционалды реформаларды қолдауда

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының институционалды реформаларын түсіндіру мақсатымен «Меркур Нан» ЖШС-ның ұжымымен кездесу өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев алғашкы интитуционалды реформаның кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жаңадан енгізілген ақпараттар туралы хабарлады.

«Ақпаратты-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының өкілі Александр Братенков «100 нақты қадам» - бұл Ұлт Көшбасшысының 100 нақты  тапсырмасы еліміздің қарқынды дамуы мен әлеуметтік жағдайының барлық жақтарын қамтитындығына, Президентіміздің стратегиялық құжаттарын жүзеге асыру мемлекетіміздің тұтастай дамуына зор серпін беретінін, сонымен бірге  Қазақстан дүниежүзінің ең дамыған 30 елінің қатарына кедергісіз кіру мүмкіндігі туралы түсіндіріп өтті.

0
0
238

Алыстағы ағайынның қамы үшін.

Шалғай елді - мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудандарда әкімшілікпен, көші-қон полициясымен, ЗТМО-мен жасалған меморандум негізінде 9 мобильді ХҚКО бекітілген кестеге сәйкес жұмыс атқаруда. Мобильді топтардың қызметі   аудан орталығынан алыста жатқан ауылдардың тұрғындары үшін тиімді болып тұр.  қатынау қиындық тудыратын тұрғындар үшін тиімді. Тұтынушылардың көп болуына байланысты әр елді мекен әкімдіктерінің  сұраныстарына байланысты жоспардан тыс шығуда болып тұрады. Сонымен қатар мобильді ХҚКО мүмкіндігі шектеулі жандарға, оның ішінде 1 және 2 топ мүгедектеріне қызмет көрсететіндігін атап өту керек.

Биылғы жылы облыста мобильді топтар  елді-мекендерге 818 рет сапарға шығып, халықтан 41 069 құжат қабылданды.

   

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының  баспасөз қызметі

 
0
0
386

«Цин-Каз» ЖШС-де ұжымымен семинар-кеңес өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент), Алматы қаласы маслихат депутаты – Ауған соғысының ардагерлер одағының  әлеуметтік сұрақтар бойынша төраға орынбасары Бережной Игорь Анатольевич пен бірлесе  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды  реформасы  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қоғамдық  ортада кеңінен талқылау мақсатында «Цин-Каз» ЖШС ұжымымен семинар-кеңес өткізді.

Алматы қаласы маслихат депутаты – Ауған соғысының ардагерлер одағының  әлеуметтік сұрақтар бойынша төраға орынбасары Бережной Игорь Анатольевич, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа саяси қалыптасқан мемлекетке бағытағыталған реформаларында Қазақстан 2050 жылға дейін әлемдегі отыз дамыған мемлекеттер арасынан орын алуға нақты әлеуетті барын жария еткніне  токталды. Бүгінгі күні әлемдік дағдарыс кезінде, Мемлекет Басшысы бес институционалды реформа Ұлттық жоспарын орындау арқылы  мемлекетті күшейтуге нақты тапсырма берілгенін атап өтті.

Департамент консультанты Асхат Байұзақов мәжіліске қатысушыларға бес институционалды реформа «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарды орындау мақсатындығы жаңалықтар арасында, кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесінің маңыздылығы зор екені және Ұлттық жоспардың бірінші 15 қадамның іске асуы, қазақстандықтардың дағдарыс айналып өттіп, ертеңгі күнге батыл қадам басуына ықпал етеді.

 
0
0
1093

Қамқорлық құшағында.

Бүгінде  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін қажетті жағдайлар жасалуына аса мән берілген.  Мұқтаж адамдар  үшін әрбір ХҚКО-да құжаттар қабылдау үшін бөлек жұмыс орындары бөлініп, пандустар мен шақыру түймелері орнатылған.

Биыл Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 25 қызметкер  арнайы ыммен оқудан өтіп, сертификаттарға ие болды.Облыстық  филиал, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және облыстық мүгедектермен жұмыс жасайтын «Асар» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында қарым-қатынас және ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандум жасалды.Бірыңғай байланыс орталығы  арқылы  мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құжат рәсімдеуге 1186 тапсырыс қабылданып, 2023 құжат қолға берілді.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 
0
0
188

Жеке кәсіпкерлер патентті ХҚКО арқылы ала алады.

Енді жеке тұлғаларға жеке кәсіпкерлер патентін алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бару міндетті емес. Патентт іХалыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдеуге болады.

Патентті ресімдеу бір жұмыс күнінің ішінде дайын далады, бірақ ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейтіндігін ескеру керек.

Айтакетейік, мемлекеттік қызметтегін көрсетіледі, ал кімнің уақытытығыз болса, кезекті электрондық үкімет порталында броньдап алуына болады. Тіпті ЭЦҚ-сы болмасада, клиент өзіне қолайлы ХҚКО-ны және уақыт тытаңдай алады.

ХҚКО арқылы патентті ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: нысан бойынша есеп айырысу, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі, сонымен бірге патент құнын төлеу жөнінде түбіртек. Толық емес құжаттар топтамасын ұсын баған жағдайда ғана құжаттар қабылдан бауы мүмкін.

Сондай-ақ, электрондық сандық қолтаң басы бар көрсетілетін қызметті алу шы патентті электрондық үкімет порталы, Салық төлеушінің кабинеті және Салық есептілігін өндеу сервистері арқылыда ала алатындығын ұмытпау керек.

 

«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

 
0
0
380

Ірі жабдық өндірушісі Ұлт жоспарымен бірге

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «КЕЛЕТ» АҚ ұжымымен кездесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Мақсатхан Анапин жоспардың бірінші 15 қадамын түсіндірді. Және ол «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мемлекеттің жаңа саяси курсын мұқият қарап, сол бағдарламада өзі орнын табуға қатысушыларға ұсынды.

«КЕЛЕТ» АҚ Президенті Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Александр Папп, 100 нақты қадам – Қазақстанның ғаламдық және ішкі өзгерістерге жауабымен отыз дамыған мемлекетердің қатарына қосылу жоспары болып табылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, іс-шарада «Нұр Отан» аудандық филиалының өкілі Кайрат Серимбетов қатысты.

 
0
0
456

Алматылық вагон-жөндеушілер президенттің реформалары үшін

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Түрксіб ауданының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Алматы вагон жөндеу зауытының акт залында Ел Басының бес институционалдық реформасын жүзеге асыруда «100 нақты қадам» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Семинарға вагон жөндеу зауытының қызметкерлері мен «Ақпаратты-ресрустық орталық» ҚҚ өкілі Александр Братенков қатысты.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің кеңесшісі Мақсат Жаңбыршиев интитуционалды реформаның мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша алғашқы 15 қадам туралы нақты айтып өтті.  Сондай-ақ, теңестіру, ашықтық және бәсекеге қабілеттілік үшін ашылған конкурстың негізінде жекеменшік, квазимемлекеттік және азаматтық секторлардан мемлекеттік қызметке азаматтар тартылуы мүмкін екендігін толықтырып өтті.

Семинар барысында Александр Бротенков біздің елдің әлем елдерінің дамыған 30-дығына жету бойынша Ел Басының реформалары туралы түсіндіріп, соңында Ұлт Көшбасшысының реформаларын жүзеге жөнінде барлық азаматтар мен этностық топтардың белсенді түрде қатысуы керектігін атап өтті.

0
0
321