Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформаларын қолдайды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Алматы қаласы Түксіб ауданының әкімдігінде, Алматы қаласы маслихатының депутаттары, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және басқа да мемлекеттік емес ұйымдарының қатысуымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

 

Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес Төрағасы Бахтияр Камалов «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының алғашқы 15 қадамын түсіндіріп, сондай-ақ бес институционалды реформаны және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл 2015-2017 жылдарға арналған Алматы қаласының іс-шаралар жоспарын іске асыру тетіктерін жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері туралы айтып өтті.

 

Түрксіб ауданының әкімі Владимир Устюгов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айтып өтіп, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және өзі басқарып отырған ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпараттандырып өтті. Жылдың басында қылмыстылықпен күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Үйлестіру кеңесінің 2 отырысы, кестеге сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау бойынша аудандық бөлімшелердің басшыларымен тыңдаулар өткізілгендігін баяндады.

 

«Нұр Отан» партиясы Түрксіб ауданы филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызы «Нұр Отан» партиясы Түрксіб ауданы филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңесі, аудан әкімінің аппараты және прокуратура қызметкерлерімен бірлесе отырып, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында қоғамдық тыңдаулар өткізгендігін атап өтті.

Кеңес барысында «АЗМК» АҚ-ың басшысы - Алматы қаласы маслихатының депутаты А. Шардиновтан мемлекеттік қызмет әрекеттеріне және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар, сондай-ақ кеңеске қатысушылардан басқа да сұрақтар келіп түсті. Қойылған сұраққа толық қамтылған жауаптарын алды.

Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын насихаттайтын жадынамалар таратылды.

Семинар-кеңес бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтті.

 
0
0
362

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласы Түрксіб ауданының мемлекеттік қызметкерлері Елбасының «100 нақты қадам» реформаларын қолдайды - Yvision.kz