Алатау ауданының прокурорлары жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласы Алатау ауданы прокуроры, бөлім басшылары мен жеке құрамның қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру мақсатында Алатау ауданының прокуратурасында дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасасу бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының алғашы 15 қадамы мен осы құжатта қаралған құқық қорғау органдарына қатысты көрсетілген мәселелерге тоқталып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің басты міндеттері мен мақсаттарын атап өтті.
Алатау ауданының прокуроры Ерлан Меңдешев сот органдарына қатысты өзгерістерді айтып, аудандық прокуратура бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды баяндап, прокуратура мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың аса маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын кең көлемде талқылап, өздерінің сұрақтарына нақты және толыққанды жауап алды.

