Медициналық колледж оқытушылары мен оқушылары 100 нақты қадамды қолдайды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (ары қарай Департамент) Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасымен біріге отырып 5 институционалды реформаны іске асыру мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын түсіндіру мақсатында Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық колледжінде семинар-кеңес өткізді.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Бақытбек Әлішов 100 нақты қадам Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамына тоқталып, басқа да қадамдар бойынша түсініктеме берді.
Алматы қаласы денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Әсем Мұсабаева денсаулық сақтау және білім беру жүйесіндегі өзгерістерге байланысты, ал аталған басқарманың заң кеңесшісі Дәулет Абдраханов сот жүйесі және құқық қорғау органдарына байланысты Ұлт жоспарында көрсетілген өзгерістерді атап өтті. Алматы қаласы денсаулық басқармасына қарасты медициналық колледж директоры Ақмира Садықова 100 нақты қадамды және де басқа жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бойынша атқарып жатқан жұмыстарына, колледж мұғалімдері мен оқушылары арасында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаднамалар таратылды.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар жүргізіліп жатқан өзгерістер жайында көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

