Жемқорлыққа қарсы әрекет — жастар қоғамының басты міндеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе ортырып, «Тұран» университетінде «Жемқорлыққа қарсы әрекет - жастар қоғамының басты міндеті: мәселелері және оны шешу жолдары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияны университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Алшанов Рахман Алшанұлы ашып, «Тұран» университеті жоғары, кәсіптік және орта білім беру мекемесі, ғылыми-зерттеу орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың ерікті бірлестігі болып табылады. Университеттің мақсаты - талап-шығармашылық, материалдық-техникалық, қаржылық жән…