Политех сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент), Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің шешу жолдары: Студент, Қоғам, Уақыт» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Департамент қызметкерлері мен Қ Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастар қатысты. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің проректоры Әбдікәрім Зейнулин Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру мақсатында қазіргі таңда университеттің ғылыми – техникал…