Мазмұнға өту

Жаңа

Жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз

Бір жұмадағы жаһан тынысын «Apta.kz»-пен бірге көріңіз.

Ой елегінен өткізіңіз Қазақстан қоғамын қандай мәселе толғандырады? Жаһандық өзгерістердің біздің елге әсері қандай? Экономика, әлеумет, қазақ саясаты бүгін, 19:00-де.

0
0
402

8 үміткердің қайсысы үздік шығады?

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де «Қазақстан дауысын» көріңіз.

Ұлттық арнадағы «Қазақстан дауысы» жобасының үміткерлері өткен жексенбіде екінші тікелей эфирдегі сайысын өткізді.

Өткен кезең нәтижесі бойынша әр топта қазір 2 өнерпаздан 8 үміткер қалды. Бүгінгі  шешуші сында өнер көрсететін төрт үздік анықталады.

Тікелей эфирдегі тартысқа толы сайысты Ұлттық арнадан әр жексенбі сайын 21:00-де тамашалай аласыздар.

 
0
0
379

Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Шара нәтижесінде Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды.

Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. Шара нәтижесінде 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында ойнайтын 24 команданың қарсыластары анықталды. Командалар келесі топтарда ойнайды: А тобы: 1. Франция 2. Румыния 3. Албания 4. Швейцария   В тобы: 1. Англия 2. Ресей 3. Уэльс 4. Словакия   С тобы: 1. Германия 2. Украина 3. Польша 4. Солтүстік Ирландия   D тобы: 1. Испания 2. Чехия 3. Түркия 4. Хорватия   Е тобы: 1. Бельгия 2. Италия 3. Ирландия Республикасы 4. Швеция   F тобы: 1. Португалия 2. Исландия 3. Австрия 4. Венгрия Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Ал, ертең жеребе тарту рәсімінің трансляциясы сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады. Еске сала кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі. Аталмыш 15 фильмнің үшеуі – Корпорацияның өз өнімі болады.

0
0
656

Илья Ильин: Жеңісімді елімнің Тәуелсіздік күніне арнаймын

Илья Ильин әлемдік рекорд жаңартты.

Бесінші рет ұйымдастырылып жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогына Қазақстан Ұлттық құрамасының 12 спортшысы қатысты. Биылғы турнир 2016 жылғы Рио Олимпиадасына іріктеу кезеңі ретінде ұйымдастырылуда. Ерлер – 94, 105 және 105 келіден жоғары ал, қыздар – 75 және 75 келіден жоғары салмақта сынға түсті.

105 келі салмақ дәрежесінде қос қазақстандық жеңіске жетті. Илья Ильин қоссайыс қорытындысы бойынша 437 (191+246) келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

Александр Зайчиков қоссайыс қорытындысы бойынша 416 (190+226) келіні көтеріп, жарыс қорытындысы бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді.

 
0
0
274

Астанада Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары кеңесінің мәжілісі өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Алқа отырысынан кейін Қазақстан жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесінің үшінші мәжілісі болып өтті, деп хабарлады ЖОО баспасөз қызметі.

Кеңес жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, халықаралық байланыс және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің өкілдері мен еліміздегі жоғары оқу орындарының  (ұлттық, мемлекеттік, акционерлік қоғамы) 39 ректоры қатысты.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары Кеңесі мәжілісін  Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жүргізіп отырды.

Ректорлар Кеңесі 2015 жылдың 10 мамырында ҚР Білім және ғылым министрлігінің №288 бұйрығымен жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, болашақ мамандарды даярлаудың өзекті мәселелерін шешу және отандық ғылымды дамыту бойынша жоғары оқу орындар арасында қарым-қатынасты  нығайту мақсатында құрылған болатын.

Консультативті кеңес беру органы ретінде үш жылға дейін мерзімі бар Ректорлар Кеңесінің бұған дейінгі отырысында бірнеше сұрақтар қарастырылып, жоғары оқу орындарын лицензиялауға және аккредиттеуге, білім беру ұйымдарының рейтингісіне, ЖОО-ларды жаңғырту жөніндегі және ректорларды іріктеу, тағайындау, аттестаттау жөніндегі комиссия жұмысына қатысты мәселелер бойынша шешім қабылданса, Ректорлар Кеңесінің үшінші мәжілісінің Күн тәртібіне өзекті мәселер қойылды. Солардың бірі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруға қатысты нормативті-құқықтық актілердің жобаларын талқылау.

Бұл тақырып бойынша негізгі баяндаманы Кеңес төрағасы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров және ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев жасады.

Сондай-ақ басқосуда Кеңес жұмысы  қорытындыланып, болашаққа бағдар түзілді: 2016 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.

Ақпарат көзі

 
0
0
399

Н.Әлтаев: «Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты

«Алтын сапа» байқауына алғаш рет жеке кәсіпкерлер ғана қатысты, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Осы жылы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрмесіне алғаш ретін мемлекеттік емес кәсіпорындар қатысты. Кәсіпкерлік қауымдастықтың бұл байқауға қатысу ниетін ескере отырып, осындай ірі шараның ұйымдастырушылары болып атанғанымыз біз үшін мәртебе», - деді ол.

Н.Әлтаевтің сөзінше, осы жылы байқауды өткізудің ерекшелігі комиссия құрамының өзгеруімен байланысты.

«Біз комиссия құрамын түгел өзгерттік, егер өткен жылы комиссия құрамында шенеуніктер мен мемлекеттік орган өкілдері болса, биыл кәсіпкерлердің өздері бағалады. Осы жылы тұңғыш рет Президенттің жарлығы мен нормативтік актілерге байқауды өткізу бойынша өзгерістер енгізілді», - деді ол.

Оның айтуынша, осы жылы байқауға мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары қатысты.

Айта кетейік, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының материалдары барлық үш номинация бойынша қаралды: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» және «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Егер 2006 жылы 52 кәсіпорын қатысса, бүгінде комиссия 153 өтінім ішінен әр номинация бойынша 10 бәсекеге қабілетті кәсіпорынды іріктеп алды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының материалдарын қарап шығып, қорытынды жиналыс өткеннен кейін Президент Әкімшілігі жанындағы лауреаттар мен дипломанттар атағын беру жөніндегі комиссия екі байқаудың да ақтық жеңімпаздарын таңдайды.

«Осы жылы «Алтын сапа» байқауына 3 арнайы сыйлық енгізілді.  Олар: «Халыққа арналған тауар сапасының лидері», «Үздік индустриялды жоба», «Үздік инновациялық жоба». Осы жылы  ҚР «Атамекен» ҰКП атынан «Іскер» сыйлығы енгізілді. Жыл сайын аталмыш сыйлықтың жеңімпаздары марапатталатын болады. Айта кетейік, осы жылы «Іскер» сыйлығын 10 компания иеленді», - деді ол.

Н.Әлтаев атап өткендей, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына 144 кәсіпорын қатысты, 48 өтініш үш номинация бойынша «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған үздік тауар», «Үздік өндірістік тауар».

Айта кетейік, «Қазақстанның үздік тауары» байқауы 2001 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында байқауға 5 мың кәсіпорын қатысты.

Ақпарат көзі

 
0
0
691

«Алтын сапа» сыйлығын өткізу аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30 пайызы үнемделді

«Алтын сапа» сыйлығын өткізу аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржының 30 пайызы үнемделді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Осы жылы байқауға шағын бизнес өкілдері қатысты, бұл жаңалықты өңірлер оңтайлы қабылдады. Байқауға бұл жылы алдын ала 300 кәсіпкер қатысты. Өңірлік деңгейде іріктеу жүргізіліп, орталық аппаратқа 153 өтініш келіп түсті, оның негізгі құрамын шағын бизнес құрады – 69 кәсіпорын, орта кәсіпкерлік – 44, ірі кәсіпкерлік – 40 компанияны құрады», - деді ол.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, осы жылы байқауды өткізуде қаржы жағын үнемдеу жүзеге асырылды.

«Жыл сайын аталмыш сыйлықты өткізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Осы жылы республикалық бюджеттің 30 пайыз сомасы үнемделді. Біз бөлінген қаржыны барынша үнемдеп қолдануға тырыстық, үнемделген қаржы республикалық бюджетке қайтарылды», - деді Н.Әлтаев.

Айта кетейік, байқауда өндірістік үздік кәсіпорын иегерлері: «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, Солтүстік Қазақстан облысы, ОҚО-дағы «KAZMEDPRIBOR Holding» ЖШС, Алматыдағы «Құбыр арматурасының қазақстандық зауыты» ЖШС.

Халыққа арналған ұздік тауарларды өндіруші: Алматы облысындағы «Байсерке Агро» ЖШС, БҚО-дағы «Агроөндіріс ЛТД» ЖШС, Астанадағы «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі» ЖШС.

Қызмет көрсетуші үздік компаниялар: Астанадағы «BI Holding» ЖШС, Алматыдағы «Исткомтранс» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Ынта» ЖШС.

Айта кетейік, биыл «Алтын сапа» сыйлығына 10 жыл толды.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының материалдарын қарау жөніндегі сараптау топтары үш номинация бойынша: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Байқауға өңірлердің 144 жеңімпаз кәсіпорны қатысады.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының материалдарын қарап шығып, қорытынды жиналыс өткеннен кейін Президент Әкімшілігі жанындағы лауреаттар мен дипломанттар атағын беру жөніндегі комиссия екі байқаудың да ақтық жеңімпаздарын таңдайды.

Ақпарат көзі

 
0
0
202

2015 жылдың қорытындысы бойынша үздік әскери теңізшілер анықталды

Ақтау қаласында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов 2015 жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің қызметін қорытындылады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері халықаралық деңгейдегі 14 іс-шараға қатысты. «Сарыарқа» және «Орал» зымыран-артиллериялық корабльдерінің қатысуы және «Каспий теңізі – 2015» теңіз биатлоны бойынша халықаралық жарыста 2-орынды иелену жарқын оқиғалардың бірі болды.

Онда қазақстандық әскери теңізшілер корабльді басқаруда, халықаралық жүйеге сәйкес жарық белгілерін қабылдау және беруде, әуе, теңіз және сүсті нысаналары бойынша атуда, батып бара жатқан корабльді және борттың арғы жағында қалып қойған жолаушыларды құтқаруда шеберліктерін көрсетті. Халықаралық сайысқа алғаш рет қатысып, олар өздерінің әзірлігін растады. Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жарағын толықтыратын «Алатау» рейдтік тартқышты суға жіберу маңызды болып табылады.

Мұндай тартқыш бірден-бір болып келеді және композиттік материалдардан дайындалған жаңа үлгідегі корабльдердің жүзеге асуы болып табылады. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының шешімі бойынша 2015 жыл старшиналар жылы болып жарияланды, ал 2016 жыл ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінде дене даярлықты жетілдіруге арналады.   «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы жаңа 2016 оқу жылында жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта жаңа көрсеткіштерге қол жеткізіп, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің бұзылуына жол бермейтініне кәміл сенімдімін», - деп атап өтті Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек  Жанзақов.

Одан басқа, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек  Жанзақов үздік теңізші әскери қызметшілерді бағалы сыйлықтармен, грамоталармен марапаттап, алғыс жариялады. Жедел, жауынгерлік, жұмылдыру даярлығы мен жалпы қызметте қол жеткізген жетістіктері үшін аталымдарда анықталып, ауыспалы вымпелдар табыс етілді. Үздік корабль – «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблі, корабль командирі капитан-лейтенант А.Жұманов, үздік қамтамасыз ету бөлімшесі – 29011 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальоны, батальон командирі майор А.Жұманов пен үздік рота – рота командирі лейтенант Ф.Тағырбеков болды.

Ақпарат көзі

 
0
0
321

«Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы өз мәресіне жетті

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың қатысуымен «Үздік бастауыш партия ұйымы» және «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының қорытынды рәсімі болып өтті, деп хабарлады «Нұр Отанның» баспасөз қызметі.

Байқау шартына сәйкес әрбір аймақтық филиалдан 3 санат бойынша барлығы 45 БПҰ ақырғы кезеңге қатысу үшін Астана қаласына шақырылып, нәтижесінде 12 жүлдегер марапатталды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет пен қоғам алдына дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Осынау айрықша межеге абыроймен жетуіміз ең алдымен партиялықтардың ерекше үлгі көрсетіп, халықтың санасына оң әсер ете алуымен тікелей байланысты. Партия Лидері өз сөзінде: «Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дәлелдеу, экономиканы, мемлекетті және қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғырту үдерістерінің басында болу» деп айрықша атаған еді.

Шараның басты мақсаты – үздік БПҰ анықтау және олардың жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарында тарату, партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті және белсенді БПҰ төрағаларынан партиялық кадрлардың резервін қалыптастыру және қоғамдық қабылдаулар жұмысын жетілдіру мен партия қызметіне қоғамдастықтың назарын аудару.

«Партия өз құрылымдарына, әсіресе өңірлердегі бөлімдеріне әдістемелік жағынан барынша жағдай жасап жатыр. Құндылықтық бағыт-бағдар ретінде саяси Доктрина назарға алынып, партияның жалпы қызметі кешенді түрде қайта қарастырылды. Жер-жердегі филиалдар қызметкерлерінің саны мен жалақысы артып, материалдық-техникалық жабдықталуы жаңа деңгейге көтерілді. Демек, бізге өзімізге деген талапты бұрынғыдан да арттыра түсу керек. Өзіміз мүше болып отырған бастауыш ұйымдар бәсекесі арқылы жаңа серпілістерге ынталандыруымыз қажет», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов.

Орталық байқау комиссиясының құрамына партия Орталық аппаратының басшылары мен қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі Фракция мүшелері және т.б. құзырлы тұлғалар кірді.

Байқауға қатысушылар ұсынған байқау материалдары жан-жақты қаралды: Бірінші байқау бойынша бағалау 3 кезеңнен құралып, партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, БПҰ жетекшісін бағалау сынды 7 критерий бойынша жүргізілді. Тиісінше, екінші байқау жеңімпаздарын анықтауда ең басты бағалау көрсеткіші болып қоғамдық қабылдау бөлмелерінің азаматтардың мәселелерін шешу нәтижесі мен тиімділігі алынды.

«Партия Орталық аппараты тарапынан қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында 2010 жылы алғаш рет партияның ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесін анықтау үшін республикалық байқау өткізу туралы бастама көтерілген болатын. Содан бері төрт жыл қатарынан өткізілген байқау өзінің оң нәтижесін берді. Атап айтқанда, 2015 жылдың 11 айында партия қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 81 860 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері келіп түсті. Ол өтініштердің 21% оң шешімін тапса, 76% өтініш бойынша заң түсіндірмелері берілді. Ал 11 айдың көлемінде 20 350 жеке қабылдаулар жүргізілді», - деді Асқар Мырзахметов.

Кездесу барысында Елбасының биылғы Жолдауы кеңінен талқыланып, ағымдағы партия міндеттемелерін орындау бойынша ортақ іс-қимылдар келісілді. Бұл қатарда партияның қоғамдық қабылдауына өтінім берген азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін жаңа форматта әралуан іс-шаралар өткізу мәселесіне де баса назар аударылды.

Салтанатты шара соңында байқау жеңімпаздарының жүрекжарды сөздері тыңдалды. Сонымен қатар, 2016 жылғы «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауы жарияланды.

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясында 2015 жыл бастауыш партия ұйымдарының жылы аясында өтуде.

Ақпарат көзі

 
0
0
971

Ақпараттық технологиялар терроризм және экстремизмге қарсы

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Германияның IRZ халықаралық құқықтық қарым-қатынас қорының ұйымдастыруымен өткен «Ақпараттық технологиялар: терроризм және экстремизммен күрестегі рөлін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Форум жұмысына орталық мемлекеттік органдар, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары прокуратураларының өкілдері қатысты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/akparattyk-tehnologiyalar-terrorizm-zhne-ekstremizmge-karsy

 
0
0
376