Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған телекөпір

Ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, департамент басшысы Ш.Қ. Қабдула төрағалығымен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі» тақырыбындағы телекөпірге қатысты.
Республикалық науқанға Қазақстанның барлық аумақтары қатысты. Осы күні Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен облыстардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерінің мәжіліс залдары ғылым, шығармашыл интеллигенция, бизнес өкілдеріне, мәдениет, білім салаларының қайраткерлеріне, дәстүрлі діндер, этномәдени және жастар бірлестіктерінің адамдарына лық толы болды.
Телекөпір жиынын ашқан Агенттік Төрағасының орынбасары С.Қ. Ахметжанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Қ.Б. Жұмашев, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат халықтың қолдауы мен еліміздің әр азаматының жемқорлық сипаттарына мүлдем төзбеушілігінің арқасында ғана сәтті жүзеге асатындығын жеткізді.

 


Этномәдени, діни және әйелдер ұйымдарының атынан сөз сөйлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.А. Ни (Алматы қ.), «Церковь и общество» епархиялық бөлімінің жетекшісі М.А. Патрикеев (Қарағанды қ.), СҚО іскер әйелдері Ассоциациясының төрайымы Б.М. Сәмиева (Петропавл қ.), тұрғындар мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуде діни, отбасылық, халық дәстүрлерінің алатын орындары ерекше екендігін атап өтті. Сондай-ақ олар, қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері үшін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігін күшейту бойынша қоғамдық бірлестіктер жасаған ұсыныстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көрініс тапқандығына алғыстарын білдірді

 

.

Телекөпірге қатысқан Қазақстан журналистері одағының төрағасы С.Б. Матаев (Астана қ.), Қазақстан кинематографтары одағының төрағасы И.А. Вовнянко (Алматы қ.), жемқорлықтың алдын алуда мәдениет пен БАҚ мықты қару екендігін жеткізді. Жемқорлық қылмыстарының фактілерін жарыққа шығару кезіндегі объективтілік және ақпараттың шынайылығы мәселелері талқыланып, журналистердің заңнамалық сауатын арттыру және олар материалды кәсіби жариялай білу үшін құқықтанушы-мамандарға телевизияда түсіндірме жұмыстарын көбірек жүргізу ұсынылды.
Астана қаласынан сөз алған «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМКК бас директоры А.С. Балташева, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына тоқталды, нақтырақ айтқанда, мәселелерді шешу кезінде шенеуніктермен байланысты азайтуға және сыбайлас жемқорлық қатерлерін төмендетуге бағытталған «бір терезе» қағидасының оң тұстары жайында баяндап берді.
Бизнес өкілдерінің атынан сөз сөйлеген Аймақтық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Қ.С. Сыдықов (Тараз қ.), мемлекеттік органдарға жүгіну барысындағы әкімшілік тосқауылдарды жоюға және жемқорлықсыз іскерлік орта құруға мүдделі екендіктерін ашып айтты. Сонымен қатар ол, әріптестерін ұжымдық этиканы қатаң ұстануға және кәсіпкерлікті адал жүргізуге шақырды.
Қазақстан ЖОО ассоциациясының президенті Р.А. Алшанов, «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары қауымдастығының директоры Е.Н. Мақаш (Астана қ.), олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы С.Ж. Сәпиев (Қарағанды қ.), білім және спорт салаларындағы жемқорлықтың алдын алу – басты мақсат екендігін бір ауыздан айтты. Сондықтан олар телекөпірге қатысушылардың пікірлерімен ортақтасып, сыбайлас жемқорлық сипаттарына мүлдем төзбеушілікті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды көздейтін Ынтымақтастық туралы ашық келісімге қолдау білдірді.
Аталмыш іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда телевизия, басылымдар және интернет-ресурстарда жарияланған үздік журналистік жұмыстар республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімімен аяқталды.

0
0
695

Осы тақырып бойынша

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған телекөпір - Yvision.kz