«ҮЕҰ: Жаңа өзгерістерге» атты Алматы қаласының IX Азаматтық форумының бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қатысуымен Алматы қаласы әкімі аппараты және Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарымен «ҮЕҰ: Жаңа өзгерістерге» атты Алматы қаласының IX Азаматтық форумының бағдарламасы өткізілді.
Форумға «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті – Нұрлан Ерімбетов, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов, Алматы қаласының кәсіпкерлер Палатасының директоры Юрий Тілеумұратов, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы директоры Жанаман Бақтөреев және т.б. қатысты.
«Алматы – 2020» Даму бағдарламасының жобасы бойынша форум өтті. Алматы қаласының әкімі Б.Байбек мемлекеттік органдардың ашықтығы Елбасының бес халықтық реформасы мен Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» бір бөлігі болып табылатындығын атап өтті.
Шара аясында Бағдарламаның жеті негізгі бағыттары: қолайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік бағыттағы қала, экономикалық тұрақты қала, бизнес пен жеке капиталға арналған қала, ықпалдастырылған қала, белсенді азаматтар қаласы бойынша секциялық жиындар өтті. Басты артықшылықтардың бірі – бұл жемқорлықты түбегейлі төмендету бойынша талқылынып, бизнеспен жеке капиталға арналған қала болып табылады.
Форумның қорытындысы бойынша Департамент консултанты Елнар Игіліков Алматы қаласы тұрғындарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік атмасферасын қалыптастыру жөнінде «Алматы – 2020» Даму бағдарламасының жобасына ұсыныс енгізді.

