Арқадағы, желкедегі тұзды қалай кетіруге болады?
Өзіңізді жайсыз сезініп жүрсіз ба? Арқаңыз құрысып, ауырлықты сезінетін боларсыз. Тұз жиналған сияқты ма? Онда ең алдымен қандай тұздың жиналғанын анықтауымыз керек.

Арқаңыз, омыртқаңыз, басыңыздың неліктен ауыратынын білмейтін болсаңыз, сізде ақ тұздың көптігінен остеохондроздың белгісі байқалады. Ғалымдардың айтуынша, тәулігіне 0,5-1 грамм аралығында ғана тұз мөлшерін пайдалануға болады. Американдықтар 15-30 есе артық қолданады. Американың оңтүстік штаттарындағы қара нәсілділер тұздалған шошқаның, сүрленген сиырдың етін көп жегендіктен қан қысымдары өте жоғары болып келеді. Көпшілігі желкелеріне тұз жиналмақ түгілі, инфаркт пен бүйрек ауруларынан көз жұмады.
«Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен, май түспес қара суды піскенменен». Тағамды тұзсыз жей алмаймыз, бірақ мөлшерден тыс қолдансақ зардабын тартамыз. Омыртқаның қалыпты пішінінен ауытқуынан, қимыл-қозғалыстың аздығынан, суықтың әсерінен арқаға тұз жиналады. Ауыр затты көтергенде, шалт қимылдағанда жүйке талшықтары қысылып қалғанда, шаншу пайда болады. Омыртқаның қай тұсында ауырсыну болса, соған қарай белгілері болады. Бұл аурудың 52 түрі болғандықтан «тұз жиналды» деп босқа қарап отырғанымыз жарамас. Дереу дәрігерге қаралып, рентгенге жолдама алып, қойылған диагноздан кейін, емдік шараларын қолданғаныңыз жөн. Көбіне физиотерапия арқылы емделіп, дәрі-дәрмек қолданасыз. Түрлі жаттығу жұмыстарын жасап, таза ауада жиі серуендеп, дұрыс тамақтануды қолға алсаңыз, ауырлық жағдайын сезінбейсіз. «Денсаулық – саулық негізі» деп бекер айтылмаса керек-ті.
Желкеңізді көтере алмай қалған жағдайда алмұрттан жасалған шәйді қолдануға болады. 2 литр суға алмұрт салып, 15 минут қайнатып, 40 минут тұндырасыз. Мұны күнделікті қолдану қажет. Басында ауырғанына сабырлық танытып, араның балын жағу арқылы массаж жасасаңыз да болады.
