Халқаралық Ақпараттандыру Академия Қоғамдық бірлестігі – Ашық келісімді қолдайды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) қатысуымен Қ. Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық униветситетінің мәжіліс залында Халқаралық Ақпараттандыру Академиясы (бұдан әрі - ХАА) Қоғамдық бірлестігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Президиум мәжілісі өткізілді.
Мәжілістің күн тәртібінде ынтымақтастық және ХАА мен Департамент арасындағы ашық келісім жасау тұралы мәселе бірінші болып қаралды.
ХАА Вице-президенті, Департамент жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Алексей Цеховой, сыбайлас жемқорлықпен күресте ҮЕҰ ролінің маңыздылығы және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарай төзбеушілік атмосферасын, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы айтып өтті. Президиум Ашық келісімге бірауыздан дауыс берді.
Департамент қызметкері Асхат Байұзақов, Президиум оң шешім қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту бойынша Департаментпен атқарылған іс-шараларға, Департамент жанындағы қоғамдық кеңес мәжілісінің жұмыстарында ҮЕҰ-дің белсенділігіне тоқталды.
Әрі қарай, күн тәртібіне сәйкес 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Шекара шегін айқындау дәуірі» атты жаңа кітаптың тұсаукесері, Академия жаңа мүшелеріне салтанатты түрде дипломдар беру және 2015 белседілік танытқан ХАА мүшелерін марапаттау рәсімі болып өтті.

