Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстанда қызамықпен сырқаттану көрсеткіші 77 есеге азайды

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда қызамықпен сырқаттанудың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 77 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 2 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 152 жағдай).

Қазақстанда халықты жоспарлы түрде қызамыққа қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді.

Вакцинациялау нәтижесінде соңғы 20 жылда республикада қызамықпен сырқаттану деңгейі 1300-ден астам есеге азайды.

Қызамық – ауру адаммен тығыз қатынаста болғанда ауа-тамшылы жолмен жұғатын респираторлық вирусты жіті инфекция. Жүкті әйелдер үшін қызамық ауруы өте қауіпті. Себебі, құрсақтағы нәресте 85%-ға дейін ауыр зақымдануы мүмкін. Сонымен қатар, дамудың ауытқушылық үштігі түріндегі (жүректің қолқалық кемістігі, катаракта, саңыраулық) туа біткен қызамық синдромы туындайды. Орталық жүйке жүйесінің, микрофтальмгения, гемморагиялық синдром (тромбоцитопения нәтижесінде), зәр шығару және ас қорыту жүйелері дамуының кемістігі мен қаңқаның зақымдануы да аз кездеспейді.

Вакцинациялау – қызамықтың алдын алу бойынша бірден бір тәсіл болып табылатынын атап айту керек. Қазақстанда халықты аталған ауруға қарсы иммунизациялау екі мәрте жүргізіледі: 12 мен 15 ай аралығындағы жаста және 6 жаста.

 
0
0
490

Шыңғыс Қабдула: Качественное формирование профессионального государственного аппарата – залог успешной реализации Послания

Руководитель Департамента агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по СКО Шыңғыс Қабдула отметил те направления, которые прозвучали в Послании «Казахстан в новой глобальной реальности: рост, реформы, развитие» Главы государства Нурсултана Назарбаева.

Очередное Послание Президента нашей страны Н.А. Назарбаева я расцениваю как конкретный план будущих действий в условиях глобального кризиса. Глава государства поставил чёткие задачи и сориентировал наши силы на их преодоление.

 


Елбасы отметил, что сегодня многое зависит от нас, начавших наш Великий Казахстанский путь и идею Мәңгілік Ел. У нас есть стратегии действий на долгосрочную, среднесрочную и ближайшую перспективу. Сейчас и в любое другое время наша главная антикризисная стратагема тождественна трём простым, но важным понятиям: рост, реформы, развитие.
В Послании уделено особое внимание масштабным реформам, реализация которых запланирована на начало следующего года. Они каснутся и системы государственной службы. Ведь не зря Первая институциональная реформа в «Плане Нации 100 конкретных шагов» посвящена «Формированию профессионального государственного аппарата».
В рамках законотворческого обеспечения Плана Нации, разработаны Законы «О государственной службе Республики Казахстан», «О противодействии коррупции». Которые вступят в действие с 1 января 2016 года, как мы и планировали.
Важной составляющей нового Закона «О государственной службе Республики Казахстан» является конкурсное занятие вакантных должностей, усиления меритократии, минимизации случаев командных перемещений и проявлений протекционизма.
Создаются этические нормы поведения госслужащих.
Законом учреждается должность уполномоченного по этике и определены требования, касающиеся устранения или минимизации коррупционных рисков госслужащими. Вводятся дисциплинарные проступки, дискредитирующие государственную службу (сейчас они признаются коррупционными дисциплинарными проступками).
Благодаря Закону «О противодействии коррупции» который был подписан 18 ноября 2015 года Главой государства, устанавливается вовлечение всего общества в противодействие коррупции путем введения таких новых институтов, как антикоррупционный мониторинг, анализ коррупционных рисков и антикоррупционное воспитание.
Одной из форм такой координации является подготовка Уполномоченным органом ежегодного "Национального доклада о противодействии коррупции" с отражением состояния и тенденций распространения коррупции в стране, который будет представляться Главе государства.
Немаловажен тот факт, что несмотря на кризис, все социальные обязательства перед гражданами будут исполнены в полной мере. Кроме того, с начала нового года будут повышены зарплаты работникам здравоохранения, образования и государственным служащим корпуса «Б» до 30 процентов, социальное обеспечение возрастет до 40%.
Такое внимание ко всем аспектам нашего общества даёт нам уверенность в том, что стратегия действий по мере его воплощения в жизнь будет способствовать повышению качества жизни и благосостояния казахстанцев до уровня развитых стран мира на фоне глобальной экономической нестабильности.
Елбасы отметил, что успешная реализация конкретных мер путем консолидации наших сил – это наша общая задача.
И я уверен, что североказахстанцы уже на пути реализации данного Послания!

 
0
0
540

Қызылордада полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан іздестіру шаралары нәтижесінде 3 күн бұрын жоғалған ауыл тұрғыны табылды

Шиелілік учаскелік полиция инспекторының қырағылығының нәтижесінде 3 күн бұрын мал іздеуге шығып, үйіне қайта оралмаған ауыл тұрғыны дін аман табылып, отбасына қосылды.

Оқиға ағымдағы жылдың 07 желтоқсанында орын алған. 1996 жылы туылған Шиелі ауданы, Бірлестік аулының тұрғыны Болат есімді азамат көрші тұратын 2 досымен алдын ала келісіп, мотоциклмен ауыл сыртына мал іздеуге шығады. Ауылдан 35-40 шақырым ұзай бергенде, мотоциклдері бұзылып, сол жерде от жағып, түнеуге мәжбүр болады. Ертесіне 8 желтоқсанда, сағат 08.00 шамасында ауылға жаяу бет алған үшеуі ауа-райының қолайсыздығынан бір-бірінен көз жазып, Болат қасындағы достарынан адасып қалады да, қалған 2 бала үйлеріне аман оралады. Сол күннен бастап бүкіл ауыл болып бірігіп, жоғалған баланы 1 күн бойы іздейді. Алайда, нәтиже шықпағаннан кейін Шиелі аудандық ішкі істер бөліміне хабар беріліп, жедел іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде 10 желтоқсан күні Бірлестік ауылының солтүстік-шығыс беткейінен 50 шақырым қашықтықта әбден ашығып, әлсіреген Болат табылып, үйіне жеткізіледі.

Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің Сұлутөбе ауылдық округіне бекітілген учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дархан Мажиханов пен жедел уәкіл полиция аға лейтенанты Мүсілімұлы Манастың шұғыл ұйымдастырған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде табылған азаматтың жағдайы «жақсы» деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
320

Бас Прокурордың Түркия Республикасының елшісімен кездесуі туралы

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Түркия Республикасының Қазақстан РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен кездесті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-turkiya-respublikasynyn-elshisimen-kezdesui-turaly-astana-k-2015

0
0
270

«Елін қалаған көшбасшы» суреттер сайысы

ҚР Тұңғыш Президент күнін және ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау аясында  Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастарға қызмет көрсету орталығы КММ-сі тақырыптық шаралар өткізді. Балалар үйі және мектеп-интернат тәрбиеленушілері сүйсініп қатысатын жыл сайын өтетін шаралардың бірі – тойлауға орайластырған «Елін қалаған көшбасшы» Облыстық суреттер сайысы. Бұл сайыс Павлодар облысы бойынша өткізілді.

Қорытындылау кезінде қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалады: безендірудің мен суреттің маңыздылығы, оны салудың ұқыптылығы мен шығармашылық тәсілдемесі.

Сайыс жеңімпаздары:

1 орын – Литвиненко Евгений («Қашыр балалар үйі» ММ);

2 орын – Иванова Наталья ( «Песчан ауданының № 2 мектеп-интернаті» ММ);

3 орын – Роот Татьяна ( «Кенжекөл селосының балалар үйі» ММ);

Сонымен қатар номинациялар берілді:

«Ең ерекше сурет» - Елемесов Райымбек («Самал» РО);

«Ең патриоттық сурет» - Кайдаров Батырхан («Мичурин балалар үйі» МКМ);

«Көрермендер көзайымы сыйлығы» - Исханов Ильяс («Жас ұрпақ» КМКМ).

Жастарға қызмет көрсету орталығының өкілдері «Ризашылық» республикалық акция аясында барлық сайыс қатысушыларында қонақта болып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.

Әңгіме барысында мұндай шаралар көп нәрсені ойлауға және күнделікті нәрселерге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді деген бір шешімге келді. Балалар орталықтың барлық шараларына қатысамыз деп шешті.

 
0
0
1542

Жас көшбасшылар мектебі

2015 жылдың 10 желтоқсанында Жастарға қызмет көрсету орталығында жас көшбасшылар мектебінің кезекті отырысы өтті. Жас буын өкілдерін көшбасшылық қасиеттерге үйретуге бағытталған отырыс Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен ұйымдастырылған.

Шараның негізгі мақсаты нақты әрі маңызды шараларға қатыстыру арқылы жастардың бастамалары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жағдай жасау.

Жас көшбасшылар мектебі отырысы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, мемлекеттік органдардың мамандарының қатысуымен өтті.

Болашақ мемлекеттік қызметкер болғысы келетін студенттерге лекция оқу үшін  Павлодар облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. М. Қаппасов пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасы басшысы Ғ.Ғ Ибрагимов отырысқа қатысты. Олар шешендік өнер, топпен жұмыс, сенім дағдылары сияқты қасиеттерге үйрететін тренингтер өткізіп, өз бойындағы көшбасшылық қасиетті жетілдіруге бағытталған бағалы кеңестермен бөлісті.

«Отбасым-тірегім» жас отбасылар Клубы жетекшісі, «Серіктестік орталығы» Павлодар облыстық филиалының директоры Л.Қ Асқарова  қатысушылармен «Мен және менің отбасымдағы рөлім» атты рөлдік ойын өткізді.

Отырыс барысында қатысушылары жемісті жұмыс жасап, жақсы білім алып, ой-өрістерін кеңейтті. Бұл дегеніміз, жас көшбасшылар мектебі отырысы қойған мақсаттар толығымен орындалды дегенді білдіреді.

 

«Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ

0
0
990

Қызылордалық тәртіп сақшылары «Тәуелсіздік күні» мерекесін салтанатты түрде атап өтті

Тәуелсіздік күні - республикамыз үшін айтулы күндердің бірі. Бұл ұлық мейрамды еліміздің егемендігін қорғау мақсатында тер төгіп, ел қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлері де мерекелік көңіл күймен атап өтті.

Осы орайда, 14 желтоқсан күні Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға ішкі істер саласының ардагерлері, департамент және басқарма басшылары мен жеке құрам түгел қатысты. Шара барысында Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының мерекелік құттықтау хаты ресми түрде оқылып, министр бұйрығымен құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен департаменттің бірнеше қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда ОІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменовтің бұйрығымен департаменттің қызметкерлері марапатталды.

«Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті». Осы барлығы үшін орны бөлек мерекемен барлықтарыңызды құттықтаймын. Халықтың қауіпсіздігін биік қойып, асқақ мұраттарға адал қызмет ету жолында сәттілік тілеп, азаматтық борышын өтеу жолында аянбай еңбек ете берулеріңізге тілектестік білдіремін», - деді Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, департамент бастығының кеңесшісі М.Пейсов.

Мерекелік іс-шара департамент қызметкерлерінің Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

0
0
406

Шығыс Қазақстан обылстық телекоммуникация дирекциясы «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты

Шығыс Қазақстан обылстық телекоммуникация дирекциясы «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты

2015 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Өскемен қаласындағы өткен «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты.

«Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумы Шығыс Қазақстан облысының  қаржысалымдық мүмкіндіктерін, аймақтын артықшылықтарын көрсету, жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту мақсатында өтізілді. АЕМ қаражат жұмсау үшін шешім қабылдауға әсер ететін өлшемдердін біреуі ауылдарды байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету болады.

Соңғы 5 жыл ішінде ауылдық жерлерде  интернетизация деңгейін көтеру «Қазақтелеком» АҚ  негізгі даму бағыттарынын бірі  болып табылады Бүгінгі күгде  Интернетке кең жолақты қатынаумен облыстағы 749 елді мекеннен  416 елді мекен (56%) қамтылған.

2003 жылдан бастап  Шығыс Қазақстан облысын ҰАСМ-ға(Ұлттық ақпараттық супермагистраль) қосылуы басталды. Аймақ тұрғындарының Интернет қызметтеріне деген қажеттіліктерінің өсуіне байланысты ШҚ ОТД  2010 жылдан «Шығыс Қазақстан облыстық дирекция коммуникация 2010-2015 жылдарға арналған ішкі телекоммуникация желісін дамыту стратегиясы» жобасын жүзеге асыра бастады.  Бұл жоба бойынша жалпы ұзындығы 1721 шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылыс бастады. Стратегияның негізгі мақсаты әрбір аудан орталығын үздіксіз Интернетке кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық желіге қосу.

Бүгінгі күнде Зырян қ., Күршім а., Ақсуат а., Риддер қ., Қалбатау а., Бесқарағай а., Бородулиха а., Шемонаиха қ., Глубокое к., Қ.Қайсенов к., Үлкен Нарын а., Көкпекті а., Зайсан қ., Ақджар а., Үржар қ., Мақаншы а., Қарауыл а. елді мекендерінде ішкі ТОБЖ құрылысы аяқталды.

Бұл жобаның аясында Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстанда алғаш рет Бұқтырма су қоймаларында су астында жалпы ұзындығы 23 км  оптикалық кәбіл құрастыруын  өткізді.

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация саласындағы  инновациялық технологияларды енгізу бойынша  белсенді  жұмыс істейді. Мысал ретінде «АЛТЕЛ» АҚ бірге базалық стансылар құрылысын айта кетуге болады.

LTE / GSM / UMTS  мультитехнологиялық желісін дамыта отырып   компания Қазақстан Республикасында  маңызды әлеуметтік миссиясын орындауда- ол    дауыс және кең жолақты интернетке  ауылдық қауымдастықтардың қамтамасыз ету, барлық азаматтары үшін байланыс және коммуникация соңғы жетістіктері мен әлемдік үрдістер қолжетімділігін арттыру, «сандық алшақтықтан» жою мемлекеттің бағдарламалары мен міндеттерін  жүзеге асырады.

 
0
0
547