Жастарға қызмет көрсету орталығында « Біздің міндет-халыққа қызмет» атты облыстық Форумы өтті
2015 жылдың 9 желтоқсанында Жастарға қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орайластырылған «Біздің міндет-халыққа қызмет» облыстық Форумы өтті. Форумды «Кенжекөл жастары» Жастар Қоғамдық бірлестігі мен «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі» ММ-і Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірігіп өткізді.
Шараның негізгі мақсаты- жас мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәдениетін жоғарлату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптің үлгісін қалыптастыру, жастардың назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамаларға аудару болып табылады.
Аталмыш Форум «Промень» жастар театрының сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне арналған «Сымбайлас жемқорлық –зұлым күш» атты қойылымынан басталды.
Форумға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакенов, Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров, Ақсу қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы Қабдуллина Айсана және Павлодар облысының басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі бөлігінде аймағымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, мемлекеттік қызметте адал еңбегімен көзге түскен жас мемлекеттік қызметкерлерді мақтау дипломдарымен марапаттау салтанаты өтті. Олардың ішінде Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі жастар саясаты секторының меңгерушісі Әлімбекова Салтанат, Ақсу қаласы әкім аппаратының бас маманы Қабдуллина Айсана, Павлодар қаласы әкім аппаратының бас маманы Хасенова Сания, Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы Садуақасова Менсұлу, Павлодар облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Майданов Алмас және тағы басқалары бар.
Марапаттау салтанаты аяқталысымен, «Адал қолдар» науқаны өз бастауын алды. Бұл науқанның негізгі мақсаты шалғай ауыл-аймақтардағы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске шақыру болды. Науқанның нышаны «Қол» мүсіні эстафетасын Ақсу аймағының өкілі Қабдуллина Айсанаға табыстау салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Денис Владимирович Шакеновқа тапсырылды. Бұдан әрі науқанның нышаны «Қол» мүсіні бір жыл ішінде аймағымыздың түпкір-түпкіріне жіберіледі де, 2016 жылы өтетін жас мемлекеттік қызметкерлер Форумына Шарбақты ауданынан қайтып келетін болады.
Сонымен қатар Форумның шеңберінде төмендегідей қарар қабылданған болатын:
1. Жергілікті атқарушы және заң шығарушы органдарға жастарды барлық деңгейдегі мәселелерді шешу процесстеріне тарту жұмыстарын жандандыру.
2. Қаламен аудан әкімдіктеріне бүгін бастау алған «Адал қолдар» науқанын қолдап, оның ортақ жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын құру.
3. Павлодар облысы басқармаларының меңгерушілеріне әртүрлі санаттағы жастарға мемлекеттік қызметке орналасуларына жәрдемдесу, әр ай сайын өткізілетін «Жас көшбасшылар мектебін» өткізуге ат салысу.
Аталмыш қарарды форумның 100-ге жуық қатысушысы бір ауыздан қабылдады. Бұдан бөлек Ақсу қаласының жас ғалым Кеңесінің төрайымы А.Қабдуллина бұл Форумды эстафета ретінде келесі жылы Ақсу аймағында өткізуге ұсыныс жасады.
«Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ
