Шығыс Қазақстан обылстық телекоммуникация дирекциясы «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты

Шығыс Қазақстан обылстық телекоммуникация дирекциясы «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты
2015 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы Өскемен қаласындағы өткен «Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумына қатысты.
«Алтай Агро Инвест 2015» Халықаралық қаржысалымдық форумы Шығыс Қазақстан облысының қаржысалымдық мүмкіндіктерін, аймақтын артықшылықтарын көрсету, жобаларды жүзеге асыру үшін инвесторларды тарту мақсатында өтізілді. АЕМ қаражат жұмсау үшін шешім қабылдауға әсер ететін өлшемдердін біреуі ауылдарды байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету болады.
Соңғы 5 жыл ішінде ауылдық жерлерде интернетизация деңгейін көтеру «Қазақтелеком» АҚ негізгі даму бағыттарынын бірі болып табылады Бүгінгі күгде Интернетке кең жолақты қатынаумен облыстағы 749 елді мекеннен 416 елді мекен (56%) қамтылған.
2003 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысын ҰАСМ-ға(Ұлттық ақпараттық супермагистраль) қосылуы басталды. Аймақ тұрғындарының Интернет қызметтеріне деген қажеттіліктерінің өсуіне байланысты ШҚ ОТД 2010 жылдан «Шығыс Қазақстан облыстық дирекция коммуникация 2010-2015 жылдарға арналған ішкі телекоммуникация желісін дамыту стратегиясы» жобасын жүзеге асыра бастады. Бұл жоба бойынша жалпы ұзындығы 1721 шақырымды құрайтын талшықты-оптикалық желі құрылыс бастады. Стратегияның негізгі мақсаты әрбір аудан орталығын үздіксіз Интернетке кеңжолақты қатынаумен қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық желіге қосу.
Бүгінгі күнде Зырян қ., Күршім а., Ақсуат а., Риддер қ., Қалбатау а., Бесқарағай а., Бородулиха а., Шемонаиха қ., Глубокое к., Қ.Қайсенов к., Үлкен Нарын а., Көкпекті а., Зайсан қ., Ақджар а., Үржар қ., Мақаншы а., Қарауыл а. елді мекендерінде ішкі ТОБЖ құрылысы аяқталды.
Бұл жобаның аясында Шығыс Қазақстан ОТД Қазақстанда алғаш рет Бұқтырма су қоймаларында су астында жалпы ұзындығы 23 км оптикалық кәбіл құрастыруын өткізді.
«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация саласындағы инновациялық технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс істейді. Мысал ретінде «АЛТЕЛ» АҚ бірге базалық стансылар құрылысын айта кетуге болады.
LTE / GSM / UMTS мультитехнологиялық желісін дамыта отырып компания Қазақстан Республикасында маңызды әлеуметтік миссиясын орындауда- ол дауыс және кең жолақты интернетке ауылдық қауымдастықтардың қамтамасыз ету, барлық азаматтары үшін байланыс және коммуникация соңғы жетістіктері мен әлемдік үрдістер қолжетімділігін арттыру, «сандық алшақтықтан» жою мемлекеттің бағдарламалары мен міндеттерін жүзеге асырады.
