«Елін қалаған көшбасшы» суреттер сайысы
ҚР Тұңғыш Президент күнін және ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау аясында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Жастарға қызмет көрсету орталығы КММ-сі тақырыптық шаралар өткізді. Балалар үйі және мектеп-интернат тәрбиеленушілері сүйсініп қатысатын жыл сайын өтетін шаралардың бірі – тойлауға орайластырған «Елін қалаған көшбасшы» Облыстық суреттер сайысы. Бұл сайыс Павлодар облысы бойынша өткізілді.
Қорытындылау кезінде қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалады: безендірудің мен суреттің маңыздылығы, оны салудың ұқыптылығы мен шығармашылық тәсілдемесі.
Сайыс жеңімпаздары:
1 орын – Литвиненко Евгений («Қашыр балалар үйі» ММ);
2 орын – Иванова Наталья ( «Песчан ауданының № 2 мектеп-интернаті» ММ);
3 орын – Роот Татьяна ( «Кенжекөл селосының балалар үйі» ММ);
Сонымен қатар номинациялар берілді:
«Ең ерекше сурет» - Елемесов Райымбек («Самал» РО);
«Ең патриоттық сурет» - Кайдаров Батырхан («Мичурин балалар үйі» МКМ);
«Көрермендер көзайымы сыйлығы» - Исханов Ильяс («Жас ұрпақ» КМКМ).
Жастарға қызмет көрсету орталығының өкілдері «Ризашылық» республикалық акция аясында барлық сайыс қатысушыларында қонақта болып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.
Әңгіме барысында мұндай шаралар көп нәрсені ойлауға және күнделікті нәрселерге басқа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді деген бір шешімге келді. Балалар орталықтың барлық шараларына қатысамыз деп шешті.
