Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Президенті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту дайындық шараларын бастауға рұқсат берді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге байланысты дайындық шараларын бастауға рұқсат берді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Астанада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында мәлім етті.«Мен биыл көктемде жариялаған Ұлт жоспарын орындауға кірістік. Оны еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жүзеге асыруды бастау символдық мәнге ие. Менің ойымша, еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын алдағы жылы мерекелеуге даярлық шараларын баршамызға бастауға рұқсат беру дұрыс болады»,-деді Н. Назарбаев.

«Қымбатты қазақстандықтар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Баршаңызды «Ұлы дала» елінің ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бүгін азаттықтың екінші мүшеліне, 25 жылдығына аяқ бастық. Әрбір елдің жылнамасында оның жаңа тарихының бастауы болған тағдыркешті таңдар болады.   Біз үшін жаңа дәуірдің арай таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атты. Сол күні әлем көгінде Қазақстан Республикасы атты мәңгілік жұлдыз жарқырап тұрды. Тұтас дәуірлердің куәсі болған халқымыз сан ғасырлар бұралаң әрі қиын жолмен жүріп өтті», - деді Елбасы салтанатты жиында.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2850476

0
0
872

Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттану 1,5 есеге азайды

2015 жылдың 11 айында Қазақстанда індетті паротитпен сырқаттанудың көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 23 жағдай тіркелді (2014 жылдың 11 айында 100 мың тұрғынға шаққанда 36 жағдай).

Қазақстанда халықты жоспарлы түрде індетті паротитке қарсы иммунизациялау қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы біріктірілген вакцинациялау арқылы жүргізіліп келеді. Бұл ҚР Профилактикалық егу ұлттық күнтізбесіне кіреді.

Халықты кең көлемді вакцинациялау нәтижесінде соңғы 20 жылда республикада індетті паротитпен сырқаттану деңгейі 160 есеге азайды.

Індетті паротитті халық арасында «свинка» деп атайды. Ауру ауа-тамшылы жұқпа жолмен сыртқы ортадағы тұрақсыз вирус арқылы туындайды. Сонымен қатар, зақымдану күнделікті тұрмыс бүйымдары, ойыншықтар, жұқпалы ауруға шалдыққан адамның сілекейі арқылы да болуы мүмкін. Аурудың қажалып кеткен түрлері де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ауруға шалдыққан адамдар жанындағыларға зор қауіп төндіреді. Ауруға 3 пен 15 жас аралығындағы балалар, сондай-ақ ересектердің де шалдығуы мүмкін.

Ауру әдетте өте ауыр жағдайда басталады. Сырқаттанған адамның жалпы жағдайы нашарлап, тәбеті төмендейді, басы ауырып, қалшылдай бастайды.  Балалар ауыздарын ашқанда, шайнағанда ауыру сезілетіндігіне, ауыз қуысындағы құрғақтықтың пайда болуына шағымданады. Құлақ жанындағы сілекей бездері, сонымен қатар, жақ асты және тіл асты бездері жиі зақымданады. Дененің қызуы 5-7 күн бойы сақталады.

Індеттік паротитпен зақымданудың қатты асқынуға ұласуы жиі кездеседі. Оған ағза бездерінің зақымдануы (қалқанша, ұйқы, жыныс т.б. бездер), жүйке жүйесінің аурулары (менингит, энцефалит) және т.б. жатады. Аурудың салдарынан диабет, семіздік, ер адамдардың бедеулігі мен аталық безінің атрофиясы, әйелдердің бедеулігі мен етеккір циклінің бұзылуы, аналық бездерінің атрофиясы орын алуы мүмкін.

Балалар арасында аурудың алдын алудың бірден-бір тәсілі вакцинация болып табылады. Вакциналаудан бас тарту – індетке бейім адамдардың санын арттырып, ауру ошағының пайда болуына себепкер болуы мүмкін.

 
0
0
356

Қызылорда облысы аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ағымдағы жылдың 15-30 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы аумағында Қызылорда облысы төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызмет бөліністерімен бірлескен түрде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында пиротехникалық бұйымдардың салдарынан болатын дене жарақаттарын болдырмау, азаматтардың өміріне қауіп тудыратын жағдайлардың алдын ала отырып, аталған бұйымдарды халық көп шоғырланатын жерлерде пайдаланудың жолын кесу мақсатында полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, мектеп инспекторларының қатысуымен рейдтік шаралар ұйымдастырылады.

Осыған орай, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару орын алған  жағдайда,  пиротехникалық  құралдар мен құрылғылар тәркілене отырып, ҚР  ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабы, 1-бөлігі бойынша пиротехникалық құралдары тәркілене отырып,  жеке тұлғаларға –5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе  коммерциялық емес  ұйымдарға –10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 айлық есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынады.

Бұдан бөлек, еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен, заттармен сауда жасау  ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабына сәйкес, 25 айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде  айыппұл салуға әкеліп  соғатынын ескертеміз.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
498

Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sotta-kazakstan-respublikasynyn-tuelsizdik-kunine-arnalgan-saltanatty-zhiyn-otti

0
0
693

«Болашақ энергиясы» форумы инновациялық дамуға айтарлықтай әсер етеді – Висенте Лоссерталес (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде «Климаттың өзгеруімен күрес және болашақ энергиясы» атты тақырыпта «Болашақ энергиясы-2015» форумы өтті. Шараны «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл шара «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы халықаралық конференциялар сериясының екінші форумы болып табылады. Жиын барысында негізгі баяндаманы Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес жасаған болатын. «Астана ЭКСПО-2017» форумы аясында таңдалған «Болашақ энергиясы» тақырыбы барлық энергетикалық мәселелер бойынша білім беру, инновациялық даму және ынтымақтастыққа айтарлықтай әсер етпек, – деп атап өтті Бас хатшы.

Ал ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник Париждегі «Болашақ энергиясы» форумын аша отырып, қазіргі күні энергетикаға әлемдік катынасты талқылау үшін ең маңызды кезең болып отырғанын атап өтті.

«Біз даму процесінде энергетиканың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын сезінеміз. Алайда, қазба байлықтарды игеру барысында пайда болатын көмірқышқыл газы шығарындыларының Жер климатының өзгерістеріне әкеліп отырғаны анық. Бұл әлемдегі жүздеген миллион адамның қауіпсіздігін қатерге тігіп, жергілікті, ұлттық және жаһандық тұрақтылықтың маңызды өзегіне сызат түсіреді», – деп атап өтті министр.

В.Школьник бұдан бөлек, Қазақстанның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдап алғанын, осы арқылы еліміз жаһандық энергетикалық проблеманың шешімін табуға әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіруді мақсат еткенін атап өтті.

Айта кетейік, БҰҰ Климаттық конференциясы (COP21) күндері аясында өткен форумға энергетика саласындағы белгілі сарапшылар, саясаткерлер, трансұлттық компаниялар мен кәсіпорындар басшылары, ірі халықаралық ұйым өкілдері, Нобель сыйлығының иегерлері, көрнекті ғалымдар мен экономистер қатысты. Олар алқалы жиын барысында орнықты энергетика саласындағы соңғы жаңалықтармен танысып, ақпараттармен алмасты.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12901

 
1
0
558

Қазақстан делегациясы ЮНИДО Бас конференциясының 16-шы сессиясына қатысты

2015 жылғы 30 қараша — 4 желтоқсан аралығында Венада БҰҮ Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО) Бас конференциясының 16-шы сессиясы өтті. ҚР СІМ хабарлағандай, сессия жұмысына өнеркәсіп, сауда және сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйымдар басшылары, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдер және экономикалық сарапшылар қатысты.

Мүше-мемлекеттер 2013 жылы өткен соңғы Бас конференция барысында қабылданған және 2030 жылға дейін даму күн тәртібінің №9 Орнықты даму мақсатының негізін құраған Инклюзивті және орнықты даму бойынша Лима декларациясының іске асыруына жоғары баға берді. Инклюзивті және орнықты индустриалды даму бойынша форум барысында сарапшылар қауымы инклюзивті және орнықты индустриалды даму қағидаттары 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізудің маңызды элементтері болады деген пікір айтты.

Өзінің Бас конференция қатысушыларына араналған үндеуінде Қазақстан делегациясы Лима декларациясын іске асыру жөніндегі ЮНИДО басшысының есебін жағымды бағалап, Қазақстанның инклюзивті және орнықты индустриалды дамуға қосатын үлесі туралы ақпараттандырды, соның ішінде «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, «ЭКСПО-2017», KazAid дамуға ресми көмек агенттігін және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру жоспарлары, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және т.б. аталды.

Бас конференция шегінде ағымдағы ынтымақтастық жағдайын талқылау мақсатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және ЮНИДО Бас директоры Ли Юнның кездесуі орын алды. Бас конференцияның Қазақстан үшін нақты нәтижесі Қазақстан Республикасының үкіметі мен ЮНИДО арасындағы өнеркәсіптік даму қорына нысаналы жарналар туралы әкімшілік келісімге қол қою болды. Әкімшілік келісімге Қазақстан Үкіметі және ЮНИДО арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен декларация негізінде Қазақстан Республикасын индустриялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көзделген Қазақстан Үкіметінің экономиканы индустрияландыру жөніндегі күш-жігеріне жәрдемдесу үшін ЮНИДО сараптамалық білімдерін тарту мақсатында қол қойылды.

Сонымен бірге, Бас конференция шеңберінде Тұрақты Өкілдік және  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы  «ЭКСПО-2017» көрмесін барынша насихаттау  акциясын өткізді. БҰҰ Венадаға бөлімшесінің орталық холлы Ротундада «ЭКСПО-2017»-ге арналған көрме ұйымдастырылды. Оны бес мыңға жуық адам тамашалауға мүмкіндігі болды. Оның үстіне сарапшылар қауымы «Орнықты индустриализация және бірлесіп өркендеу үшін инновациялық хабардың рөлі» атты сайд-ивент барысында халықаралық көрменің орнықты энергетика дамуындағы рөлін талқылады.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12894

 
1
0
515

Парижде климаттың өзгеруіне қатысты жаңа келісім бекітілді

Парижде климаттың өзгеруіне қатысты өткен саммит қорытындысы бойынша 200-ге жуық мемлекет өкілдері БҰҰ-ның жаңа тарихи келісімін бекітті.

Ол атмосфераға шығарылатын парниктік газдардың мөлшерін азайтуды қарастырады. Осы ретте алқалы жиынға қатысушылар ХХІ ғасырдың аяғына дейін атмосфераның жылуын 2 градустан асырмау үшін барын салуға уағдаласқан. Сондай-ақ, осы құжатқа сәйкес 2020 жылға дейін климаттың өзгеру мәселелерін шешу үшін дамушы мемлекеттерге жыл сайын 100 млрд доллар бөлініп отыруы тиіс. Ал жаңа келісімге келер жылдың 22 сәуірінде қол қойылмақ.

http://gbpp.org/kz/2015/12/12876

 
1
0
335