Жас көшбасшылар мектебі
2015 жылдың 10 желтоқсанында Жастарға қызмет көрсету орталығында жас көшбасшылар мектебінің кезекті отырысы өтті. Жас буын өкілдерін көшбасшылық қасиеттерге үйретуге бағытталған отырыс Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен ұйымдастырылған.
Шараның негізгі мақсаты нақты әрі маңызды шараларға қатыстыру арқылы жастардың бастамалары мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жағдай жасау.
Жас көшбасшылар мектебі отырысы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері, мемлекеттік органдардың мамандарының қатысуымен өтті.
Болашақ мемлекеттік қызметкер болғысы келетін студенттерге лекция оқу үшін Павлодар облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. М. Қаппасов пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басқармасы басшысы Ғ.Ғ Ибрагимов отырысқа қатысты. Олар шешендік өнер, топпен жұмыс, сенім дағдылары сияқты қасиеттерге үйрететін тренингтер өткізіп, өз бойындағы көшбасшылық қасиетті жетілдіруге бағытталған бағалы кеңестермен бөлісті.
«Отбасым-тірегім» жас отбасылар Клубы жетекшісі, «Серіктестік орталығы» Павлодар облыстық филиалының директоры Л.Қ Асқарова қатысушылармен «Мен және менің отбасымдағы рөлім» атты рөлдік ойын өткізді.
Отырыс барысында қатысушылары жемісті жұмыс жасап, жақсы білім алып, ой-өрістерін кеңейтті. Бұл дегеніміз, жас көшбасшылар мектебі отырысы қойған мақсаттар толығымен орындалды дегенді білдіреді.
«Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасы» ММ
