Қазақстанда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысы ұлғаяды
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28%-ға дейін, білім саласы - 29%-ға дейін және өзге сала қызметкерлерінің еңбекақысы 40%-ға дейін артады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін азаматтық қызметшілер еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісіне сәйкес, олардың лауазымын біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: 1. Ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы персонал блогы (A блогы). Аталған блогқа ұйым басшылары мен басшылардың орынбасарлары, ұйымдардың бағыну деңгейіне тәуелді (немесе басқару жауапкершілігінің деңгейіне байланысты: республикалық, облыстық, аудандық) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен басшылардың орынбасарла…
