Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

OFFline бағдарламасы

Алматы телеарнасында #OFFline бағдарламасы биыл өз деңгейінде өтті. Алматыдағы атақты блогердердің барлығы экранға шығып, online-да айтып жүрген пікірлерін  #OFFlinе-да айтты. Мамандарға кеңес айтып, өз ұсыныстарын жеткізді. Қоғамдағы қордаланған һәм қызу талқыланып жатқан мәселелерді экранға шығаруға жол ашқан Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы телеарнасының басшылығына блогерлердің атынан алғыс білдіремін. Себебі біз әлеуметтік желіде ғана айтып, сынап жүрген мәселелерді бұл жолы сол сала маманының өзіне айтуға мүмкіндік алдық. Мәселен трамвайдың тоқтатылуына қатысты "АлматыЭлектроКөлік" басқармасының маманын шақырып, көкейдегі сұрақтарды қойдық. Бағдарлама қонағы журналист Мариям Абсаттар болды.

Сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы да өте пайдалы бағдарлама жасадық. Себебі, сол бағдарлама арқылы басқа қаладағы әкімдіктерге де осы істі қолға алудың пайдасы туралы түсіндірдік. Бағдарламаға Алматы қаласы әкімдігі әлеуметтік желілеріне жауапты Еркебұлан Кенжеболатов пен блогер Нұрлан Жанай қатысып, керемет талқылау болды.

Үшінші хабарымда Болашақ қауымдастығының шетел киноларын қазақ тіліне дубляждауы туралы сөз қозғадық. Дубляж сапасы, өз-өзін ақтауы, прайм-тайм уақытына қойылуы туралы мәселелерді көтердік. Мақсаттары мен алдағы жоспарларын білдік. Бағдарламаға "Болашақ" қауымдастығының Алматы қаласы филиалының директоры Қымбат Бейсекина мен блогер Ербол Серікбай қонақ болды.

Алматы қаласының "Даму-2020" бағдарламасын да талқылап, көкейде жүрген сұрақтарды қойдық. Сондай-ақ ұсыныстарымызды да айттық. Қонақ болып Алматы қаласы ішкі саясат басқармасыны басшысының орынбасары Айдар Есенбеков пен саясаттанушы Мақсат Жақау қатысты.

Шымбұлақта демалу қанша тұратынын, Алматыдағы метроның жоспарымен де осы бағдарламада таныстық.


Бағдарламаға қатысқан қонақтардың барлығына алғыс білдіремін. Істеріне береке тілеймін. Айтпақшы, бұл бағдарламаның орыс тілді тілшісі Яков Федоров та өте өзекті мәселелерді талқылап, көрермендерге пайдалы ақпараттар берді. Бағдарламаларын осы жерден көре аласыздар!

2
0
606

Осы тақырып бойынша