Қазақстандық алғашқы электрмотоциклдің бағасы белгілі болды
Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді. Ахметовтің айтуынша, қазір e-Moto электрімен қуатталатын қазақстандық мотоциклдің тұжырымдамалық үлгісі жасалған. Компания оны өндіріске келер жылы шығаруды жоспарлап отыр. Бұл мотоциклдер Шымкентте шығарылады. “Жүзеге асқан жағдайда оның құны шамамен 10 мың доллар болады, яғни 3-3,5 миллион теңге. Қуаттауға келсек, ол қарапайым 220 вольт қуат көзімен қуаттауға болады. Қуаттау үшін арнайы орын іздеп қажет емес”, – деді компанияның бас директоры. Оның айтуынша, толық қуаттауға 2-2,5 сағат уақыт кетеді. Бұл 200 шақырымға жетеді. Мотоцикл…

