Мазмұнға өту

Жаңа

«Қуант бізді Жаңа жыл!!!»

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кітапханада сүйікті оқырмандарымызға арналған «Қуант бізді Жаңа жыл!!!» атты қойылым ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндердің көңілдерін көтеруге ертегі кейіпкерлері Қоян, Аю, Түлкі келіп, өздерінің шарттарын қойып балалармен бірге ойын ойнады. Сондай-ақ, Маша мен Панда да тәтті қылықтарымен шаттандырды. Әсерлі әуен айтылып, қошақанмен би биледі. Әсем де биік шыршаның шамдары Ақшақардың сиқырлы таяқшасының көмегімен, балалардың сиқырлы сөздерімен жағылды. Аяз ата мен Ақшақар өз өнерін көрсеткен балаларға тәтті сыйлықтар үлестірді. Шаттық шашқан мерекенің ажарын келе жатқан Мешін жылы аша түсті.

0
0
1039

Формирование антикоррупционной культуры и этики в казахстанском обществе в контексте идеологии «Мәңгілік ел»

 

 

22 декабря 2015 года в Западно-Казахстанском инженерно-технологическом колледже был организован «круглый стол» на тему: «Формирование антикоррупционной культуры и этики в казахстанском обществе в контексте идеологии «Мәңгілік ел».

В ходе «круглого стола» выступили преподаватель Махметова Ш.У.  «Мәңгілік Ел – основа независимости», преподаватель юридических дисциплин  Хабибуллина Д.Т. «Мы против коррупции!», учащаяся Тулембетова А. «Будущее без коррупции».

На мероприятии принял участие и выступил представитель Департамента Хайруллин Б. который разъяснил участникам «круглого стола» одну из основных задач Послания народу Казахстана Главы государства Назарбаева Н.А. «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» от 14 декабря 2012 года - «Государство и общество должны единым фронтом выступить против коррупции».

В завершении были даны разъясняющие ответы на вопросы, заданные учащимися колледжа.

 

 
0
0
411

«Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениетін „Мәңгілік ел“ идеологиясының контексінде қалыптастыру»

 

2015 жылдың 22 желтоқсанында Батыс Қазақстан иженерлік-технолигялық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен мәдениетін «Мәңгілік ел» идеологиясының контексінде қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында оқытушы Ш.У.Махметова «Мәңгілік Ел – тәуелсіздік тұғыры», құқықтық пәндер оқытушысы Д.Т.Хабибуллина «Біз – жемқорлыққа қарсымыз!», құқықтану мамандығының оқушысы А.Тулембетова «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыптарында баяндама жасады.

Шараға Департамент өкілі Б.Хайруллин қатысып, дөңгелек үстел қатысушыларына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерінің бірі «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс» тармағы бойынша түсіндірді.

Шара соңында колледж оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 
0
0
574

Электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы төлемдер сомасы 2015 жылы 10 млрд.теңгені құрады

2015 жылы Қазақстанның электрондық үкімет инфрақұрылымы арқылы 36 миллионнан астам қызмет көрсетілді. Қазақстандықтар көбінесе мекенжай анықтамасын жиі алады – 1 қаңтардан бастап 19 млн.-нан астам анықтама алынды, келесі орында – зейнетақы аударымдары және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамалар – әр қайсысы 3,2 млн.-нан астам рет алынды. Бұдан басқа, 3 млн.-нан артық жылжымайтын мүліктің бар немесе жоғы туралы анықтама және 1,8 млн.-нан артық соттылықтың болмауы туралы анықтама берілді. Жалпы eGov порталының іске қосылу сәтінен бастап 117 млн.-нан астам электрондық қызмет көрсетілді.

Электрондық лицензиялау порталы арқылы осы жылда 450 мыңнан артық рұқсат құжаты және 24 мың лицензия берілді. Жиі берілетін құжаттар қатарында: біліктілік санаты берілген/берілмеген маман сертификаты – 74 мың, радиожиілік спектрін қолдану арқылы құрылғыны қолдануға рұқсат – 62 мыңнан астам, жерге орналастыру жобаларын бекіту – 41 мыңнан астам.

«2015 жылы ел тұрғындары онлайн-төлем мүмкіндіктерін де белсенді қолданды. Осылайша, электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы 10 млрд. теңгеге жуық төлем жасалды. Атап өту керек, бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 3 есе артық – 2014 жылы төлемдер сомасы 3 млрд. теңгені құрады», - деп ҚР ИДМ вице-министрі Сәкен Сәрсенов атап өтті.

Төлемдердің көп бөлігі осы жылы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлды төлеуге тиесілі болды – 7,4 млрд.теңге. 700 млн. теңгеге жуық мемлекеттік алым үшін төленді, 400 млн.-нан астам теңге салық төлемдерін құрады.

2015 жылы eGov порталы мен мобильдік қосымшасында «Бір шертуден төлем» сервисі іске қосылды. Сервис төлем картаның деректерін қайта енгізбей бюджетке төлемдерді жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар  eGov мобильдік қосымшасын өз құрылғыларына 230 мыңнан аса рет жүктеді. Қосымшаның іске қосылған сәтінен бастап оның көмегімен 1,5 млн.-нан аса қызмет көрсетілді. Ең танымал мобильдік мемлекеттік қызметтерге техникалық байқау мерзімін тексеру, баланың балабақшаға кезек нөмірі мен мемлекеттік тұрғын-үй қорынан баспанаға кезек нөмірін қарау кіреді.

Мобильдік үкіметтің даму аясында 22 жаңа қызмет қосылды, SMS және USSD сервистер қосылды. Қыркүйектен бастап SIM-картадағы мобильдік электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру басталды. Қазіргі таңда бұл мүмкіндік Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Петропавл қалаларында «Алтел» АҚ абоненттеріне қолжетімді. Техникалық байқауға байланысты қызмет басқа өңірлерде және басқа мобильдік операторларымен көрсетілетін болады.

Сонымен қатар Сәкен Сәрсеновтың сөзінше, жақын арада eGov порталында 20 жаңа қызмет пен сервис қолжетімді болады. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен даму бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелері бойынша кепілдіктерді беру қызметі, 2020 жылға дейін өңірлердің даму бағдарламасы аясында  I және III топ азаматтарынан пәтер алуға өтініштерін қабылдау, балаларды асырап алуға ниет білдірген тұлғаларды тіркеу, әлеуметтік тәуекел жағдайына әлеуметтік төлемдерді тағайындау, жоғарғы оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру және басқа да әлеуметтік маңызы бар қызметтер бар.

Заңды тұлғалар үшін жеке кабинет құрылды, онда заңды тұлға туралы мәліметтер, филиалдар туралы, басқа заңды тұлғаларға қатысу, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ болуы туралы ақпарат орналасады. Жеке тұлғалар үшін жеке кабинет те жаңа мәліметтер мен хабарламалармен толықтырылады.

eGov-та «Азаматтың көмекшісі» жаңа компоненті пайда болады. Компонент азаматтың белгілі бір өмірлік жағдайдағы қажеттілігіне сәйкес оған әр түрлі сервистерді және керекті ақпаратты ұсынады.

Бұдан басқа, Қазақстанның ашық үкіметінің белсенді дамуы қарастырылған: «Ашық бюджет», «Ашық диалог» сияқты жаңа компоненттердің дамиды, сонымен қатар «Ашық деректер» порталының жаңа деректермен одан әрі толықтырып, «Ашық НҚА» - қоғамдық талқылау үшін нормативтік-құқықтық актілер жобасы дамитын болады.

 
0
0
754

Молодежный форум «Алға, Қазақстан!»

ОФ «Здоровая нация» внесли свою лепту в празднование Дня Независимости Республики Казахстан. При поддержке ГУ «Отдела внутренней политики города Павлодара», молодые ребята организовали  целый форум с символичным названием «Алга, Казахстан». Примечательно, что в своем послании народу Казахстана, Глава государства особое внимание уделяет молодому поколению. « Молодежь, новое поколение казахстанцев, должны стать двигателем нового курса».

14 декабря в концертном зале ИНЕУ собрались, исключительно молодежь Павлодара. А именно активное, успешное молодое поколение Прииртышья! Ровесники Независимости, внесшие большой вклад в развитие региона, выделившиеся из общей массы, были награждены почетными грамотами и ценными призами. Отличники учебы, талантливые спортсмены, предприниматели, политики и не только, поделились своим успехом и поздравили зрителей с наступающим праздником.

Помимо этого, организаторами были подведены итоги конкурса «Патриот- 14». В нем мог принять участие любой желающий, представитель молодого поколения. Можно ли через фотографию выразить всю любовь и уважение к своей Родине? Определенно. Трое победителей также были отмечены грамотами и ценными подарками.

Между тем, и зрители не остались без должного внимания. Талантливая молодежь нашего города порадовала целой концертной программой. Финалист проекта «X- Factor», шоу- группа «Ажар» и другие представители Павлодарской эстрады, подарили хорошее настроение красивыми песнями о Казахстане и родном городе на Иртыше, казахскими национальными танцами и эффектным световым шоу.

Хотелось бы отметить, сценарий форум «Алга Казахстан» был тщательно продуман и организован. В основе сценария – цитаты Президента Республики Казахстан, о патриотизме, о 5 институциональных реформах, о будущем нашей страны и о том, что это будущее лежит на наших плечах. На молодом поколении Казахстана!

0
0
759

Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевтың брифингте сөйлеген сөзі

Мен бүгін қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндіріс заңдылығын қадағалау мәселесін қозғағым келеді. Аталған бағыттағы қадағалауды еліміз бойынша барлығы 516 прокурорлар (жалпы санының  11%) жүзеге асырады, олар 830 мың қылмыстық істің тергеуіне қадағалау жасап, олардың 57 мыңын сотқа жолдады.

Олар 120 мың өтініш те қарады.

Демек, әрбір прокурорға орта есеппен 1600-дан астам істен және 230-дан астам өтініштен келеді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-orynbasary-nurmahanbet-isaevtyn-kylmystyk-procestin-sotka-deyingi

0
0
304

Қызылордада полицейлер қарақшылық жасаған үш азаматты «ізін суытпай» құрықтады

Қызылордалық полицейлердің ұйымдасқан жедел әрекеттерінің нәтижесінде 15 минут көлемінде қомақты ақшасы бар ойын автоматын ұрлаған 3 азамат құрықталды
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында сағат 05.35 шамасында Жедел басқару орталығының 102 арнасына Тоқмағамбетов көшесі бойында орналасқан дәріханалардың бірінде кезекшілік атқарып отырған күзетшіден хабарлама келіп түседі. Аталған хабарламада дәріхананың кіре-беріс бөлмесінде орнатылған ойын автомат терминалын беттеріне медициналық маска киген бейтаныс үш азамат көтеріп алып кеткендігін, алайда оларды тоқтатуға әрекет жасалғанда тапаншаға ұқсас зат ұстаған үш азаматтың біреуі «айтсаң өлтіріп кетемін» деп қорқытқандығы көрсетілген. 
Аталған хабарлама бойынша, Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторы полиция лейтенанты Есілбайқызы Тамаша Қазыбек би-Тоқмағанбетов көшесінде орналасқан бейнекамералармен аумақты барлау барысында күдікті автокөлікті «фиксацияға» алып, Жол-патрульдік полиция батальонінің экипажына бағыт-бағдар береді. Оқиға орнына дереу жеткен экипаж қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Нұртаев, полиция сержанты Ж.Мамбетжанов және кіші сержант Қ.Ақтілеу санаулы уақыт ішінде Қызылорда қаласының 19 жасар, 20 жасар және 26 жасар үш тұрғынын ұстайды. 
Аталған оқиға бойынша үш азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-бөлігі, 1, 3, 4-тармақшаларымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сезікті азаматтар ҚІІБ-нің Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
358

«Астана EXPO-2017» ОҚО тауар өндірушілерімен 10 млрд теңгенің келісіміне қол қойды

«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы оңтүстіктегі тауар өндірушілермен құны 10 миллиард теңге болатын келісімге қол қойды.

Енді Оңтүстік Қазақстан және Жамбылдағы өндіріс орны көрменің құрылысына қажетті керамикалық плитадан бастап, қышқа дейін жеткізіп береді. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құрылыста қажеттінің бәрін отандық өндірушілерден алуға басымдық беріліп отырғанын атап өтті. EXPO-ны тамашалауға шеттен келетін қонақтарға бірінші кезекте жол көрсететін еріктілерді жасақтауға ерекше мән беріліп отыр. Дегенмен бірінші кезекте құрылыс материалдарын өндіруші жергілікті кәсіпкерлерге сапаға ерекше назар аудару керектігі де айтылды.

Фарход Исматов, Кентау трансформатор зауытының маркетологы:

- Қазіргі кезде EXPO-2017 құрылыс компанияларымен жақсы қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз.Көрмеге біз 50 түрлі өнім апарамыз. Олар түрлі қуатты  кернеулер мен құрғақ және қуаттылығы 20 мегаватт трансформатор.

Болатбек Бейісбеков, шебер:

- EXPO-ға қазақтың ұлттық бұйымдары, кілем мен алаша тоқу өнерін апарсақ дейміз. Зергерлік бұйымдар да бар. Оның ерекшелігі болуы керек. Алаша тоқу техникасында ертеде аттарын жазған. Бұл жерде елімізге келген қонақтардың аттарына дейін, қай жерде болғанын жазып бере аламыз.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13091

 
1
0
478

Қазақстандық алғашқы электрмотоциклдің бағасы белгілі болды

Шымкентте қазақстандық инженерлер құрастырған алғашқы электрмотоцикл таныстырылды. Оның сатылымға шығатын бағасы 10 мың доллар болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне KARLSKRONA LC AB инжинирингтік компаниясының бас директоры Уәлихан Ахметов айтып берді.

Ахметовтің айтуынша, қазір e-Moto электрімен қуатталатын қазақстандық мотоциклдің тұжырымдамалық үлгісі жасалған. Компания оны өндіріске келер жылы шығаруды жоспарлап отыр. Бұл мотоциклдер Шымкентте шығарылады.

“Жүзеге асқан жағдайда оның құны шамамен 10 мың доллар болады, яғни 3-3,5 миллион теңге. Қуаттауға келсек, ол қарапайым 220 вольт қуат көзімен қуаттауға болады. Қуаттау үшін арнайы орын іздеп қажет емес”, – деді компанияның бас директоры. Оның айтуынша, толық қуаттауға 2-2,5 сағат уақыт кетеді. Бұл 200 шақырымға жетеді.

Мотоциклдің үлгісін қазақстандық инженер-механиктер жасап шығарған. Оны құрастыруға шамамен жарты жыл уақыт кетіпті. Мотоциклде тек электр қозғалтқышы бар, оған жанармай немесе басқа да отын түрлерін құюға болмайды.

“Сіздер көрген үлгі – қаладағы қарапайым байк. Оның ең жоғары жылдамдығы сағатына 114 шақырымға дейін жетеді. Әзірше бұл біз жұмыс істеп жатқан жалғыз-ақ үлгі”, – деді Ахметов. Ол басқа үлгілердің сұранысқа қарай шығарылатынын айтты.
“Барлығы сұранысқа байланысты, біз машина құрастырушылармыз. Алдымызға бір нақты мақсат қойсақ, оның орындалуы уақыт пен қаржыға келіп тіреледі. Яғни шешілмейтін мәселе жоқ. Ондай мәселелер философияда болады, бірақ машина құрастыруда болмайды”, – деді Ахметов.

Уәлихан Ахметов жобаның жетістіктерін айта келіп, барлығының мемлекет саясатына тәуелді екенін жеткізді. Оның айтуынша, егер баламалы энергия көзімен қуатталатын көлік салықтан босатылса, оның бағасы да тиімді болады. “Онда бәрі осыны пайдаланады, егер айтылған күйде қалса, онда осы қалпында қалады”, – деді компанияның бас директоры.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13098

 
1
0
341