Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан» арнасындағы драма

«Қазақстан» ұлттық арнасы жаңа жылда өз көрермендерін көптеген жаңа және шытырман оқиғаларға толы сериалдармен қуантады. Бұл жолы көрермендер назарына «Іңкәр жүрек» атты көпсериалы мелодрама ұсынылады.

Жаңа драмалық сериалдың басты кейіпкері – Сауле есімді қыздың өзінің бақытын табу жолында қиындыққа толы сынақтардан өтуде қиын тағдыры жайлы. Басты кейіпкеріміз жас кезінен бастап көптеген қиындықтардан өту үшін сын-тегеуірініне тап болды. Көз жасын төгу, түнілу және көптеген кедергілерге қарамастан өзі бұрыннан армандаған мамандығын тәмандап, жетістікке қол жеткізген сәнгер болды.

Ауылдан шыққан қарапайым қыздан табыскер сәнгер жолын фильмде Сәуленің бұрынғы күйеуіне жазган хаттарынан көре аламыз. Сауленің аяғы ауыр еді, бірақ күйеуіне айтпастан кетіп қалады. Сол кездегі қиындықтармен қоса жұмыс, баланы бағу мен асырау  мойнына жүктеледі.

15 жыл өткен соң Сәуле өз қызын бұрынғы күйеуімен (яғни қызының әкесі) танысытыру және уақытша қалдырып кету үшән туған ауылына оралуға бел буады. Жинап келгенде тағдыр басты кейіпкерімізді бұрынғы күйеуімен қайта жолықтырып, көптеген оқиғалар қатарына ұластырып кетеді. Сәуле ойлағандай енді ғана барлығы өз орындарына тұрды деген кезде тағы да тағдыр тосын сынақтар дайындап койды. Жиеленіп кеткен қиындықтар, іскерлік ортадағы шиеленістер барлық сериалар бойы басты кейіпкерді күтіп тұр.  Көрермендердің сериал соңына дейін назарын ауытқусыз аударатындай нағыз өмірлік драма өрбиді.

Кинотуындының әрбір жаңа сериясында көрермендер басты кейіпкерлердің бастарынан өткен сезімдерді  бірге сезінуге мүмкіндігі туады. Алда махабат пен сатқындық, қателік пен өкініш, қуаныш пен қайғы бірге сабақтасқан күтіп тұр.

Осындай әсерлі оқиға әрі қарай қалай өрбиді және немен аяқталатының «Қазақстан» арнасының көрермендері «Іңкәр жүрек» атты жаңа өмірлік хиқаядан 16 қаңтардан бастап тамашалай алады.

0
0
761

«Мамандығы бойынша ең үздік жас маман» Республикалық байқауы өтті

2015 жылдың 25 желтоқсанында Жастарға қызмет көрсету орталығында «Мамандығы бойынша ең үздік жас маман» Республикалық байқауы өтті. Байқау Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының көмегімен «Павлодар облысының Қазақстан Жастар конгрессі» Қоғамдық қорымен ұйымдастырылды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие болған жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, қатысушылардың үздік тәжірибелері мен жетістіктерін насихаттау болды.

Байқауға еліміздің кәсіпорындары мен мекемелерінен 29 жасқа дейінгі жас мамандар қатыса алды. Қатысушылар бірнеше тапсырма бойынша бақтарын сынады. Алғашқы сайыста олар алдын-ала дайындалған слайд пен бейнебаян арқылы өздерін таныстырса, екінші тапсырмада жасампаз, креативті номерлерін әділ қазылар алқасына паш етті. Соңғы сайыста қатысушылар өздерінің үздік маман ғана емес, сонымен қатар жез таңдай әнші, бұралған биші, өлең жазатын ақын да бола алатындарын көрсетті.

Республикалық байқаудың жеңімпазы Қапанов Бекзат атанды. Сондай-ақ Ақсу ферроқорытпа зауытының маманы «Металлургия кешенінің ең үздік жас маманы» номинациясын жеңіп алып, ноутбук пен ақшалай сыйлық иеленді. Екінші орын мен «Энергетика кешенінің ең үздік жас маманы» номинациясын Екібастұз қаласының тұрғыны Цыганков Евгений жеңіп алды. Ал Ақтоғай Агро мекемесінің жұмысшысы Вячеслав Вотчиников үшінші орынды және «Агроөнеркәсіп саласының ең үздік жас маманы» номинациясын иеленді. «Құрылыс кешенінің ең үздік жас маманы» номинациясында Астана қаласының «BI Group» компаниясының жұмысшысы Оспанов Олжас жеңіске жетсе, Сұлтан Динара «Банк саласының ең үздік жас маманы» номинациясын иеленді.

Номинациялар бойынша жеңіске жеткен қатысушыларға 10 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен мақтау дипломдары тарту етілді. Қалған байқау қатысушыларына естелік мүсіншелер, қатысқандығы туралы дипломдар және Тoyota демеушісінен жұбаныш сыйлықтар табысталды.

 
0
0
1645

Жаңа Жыл қарсаңында барлық тілектер орындалады...

«Жас Отан» ЖҚ белсенді жастар «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық кампаниясының аясында үнемі балалар үйінде кездесулер ұйымдастырады. Желтоқсанның 28-жұлдызында да жастар жетім балаларға арналған Соколов мектеп-интернатына барып қайтты.

Кездесудің басты мақсаты – балаларды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастыру болатын. Концертті қаламыздың белгілі жүргізушісі Абрахманов Азат жүргізді. Оның барысында муз.колледж студенттері балаларға керемет қобыздың үнін сыйлап, ән айтып, би билеп, көңілдерін сергітіп алған болатын. Ұйымдастырушылар оқушыларды 3 топқа бөліп, қызықты әрі пайдалы ойын түрлерін өткізді.

Әрине де, Жаңа Жыл мерекесі Аяз ата мен Ақшақарсыз өтпейді. Бұл кездесудің де сәні мен басты қонағы болған олар балаларға шағын сыйлықтарын табыс етіп, келе жатқан Маймыл жылымен құттықтаған болатын. Кездесудің соңы ортақ фотомен аяқталды. Бұндай кездесулер өңірімізде жиі өткізіліп тұрады, өйткені балалар – өмірдің мәні, ал оларды бақыт пен шаттыққа бөлеу – әрбіреуіміздің міндетіміз.

1
0
672

Қайрат Мәми ҚР Конституциялық Кеңесінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kayrat-mmi-kr-konstituciyalyk-kenesinin-20-zhyldyk-mereytoyyna-arnalgan-saltanatty-zhiynga

0
0
520

Жасыл экономика. «Жасыл» технологияның жаңа мүмкіндіктері

Жер шарындағы қалалар үлесі 3 пайыз болғанымен ауаға таралатын парниктік газдардың 60-70 пайызы осы шаһарларға тиесілі екен.

Бүгінгі таңда өзекті болып отырған бұл мәселені шешу жолында әлем қалалары бар мүмкіндіктерді пайдалануда. Олар жасыл алқаптарды көбейту, технологияны үнемдейтін ресурстар мен қалдықтарды қайта өңдеу шаралары. Сондай-ақ «жасыл» құрылысты дамыту да соңғы уақытта қарқын алып келеді.

http://gbpp.org/kz/2015/12/13237

 
1
0
559

Алматыда 70 мыңнан астам натрийлі шамдар жарықдиодтты шамдарға алмастырылады

Алматыда көшені жарықтандыру жүйесі жаңғыртылады: 70 мыңнан астам натрийлі шамдар жарықдиодтты шамдарға алмастырылады. Жобаны ЕҚДБ мен «Жасыл экономика»арнайы қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.

2015 жылдың желтоқсан айында «Алатау Жарық Компаниясы»АҚ  («АЖК»АҚ) ЕҚДБ-мен жарықдиодтты шамдарды жобалау, орнату және жеткізу бойынша байқау өткізу туралы келісті. Келісім бойынша орнатылған қондырғыларға 5 жылға кепілдеме берілген, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Күтіліп отырғандай, жоба 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында жүзеге асырыла бастайды, ал 2017 жылы аяқталады.
http://gbpp.org/kz/2015/12/13246
 
1
0
461

2015 жылы ҚР ДСӘДМ ақпараттық-анықтама орталығының мамандары 334 мыңнан астам қазақстандықтарға қызмет көрсетті

2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бірегей ақпараттық-анықтама орталығына 334 мың 083 азамат хабарласқан, оның ішінде телефонмен қоңырау шалғандар – 284 мың 970, бос жұмыс орны туралы SMS-хабарлама жібергендер – 34 мың 360-ты құраса, е-mail, web-, wаp-портал арқылы 14 мың 753 хабарлама түскен. Барлық хабарламалар бойынша қазақстандықтарға онлайн режимде толық жауап берілді.

Ақпараттық-анықтама орталығы 2011 жылдан бері Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық базасында жұмыс істеп келеді. Азаматтар 1411 телефон нөміріне тегін хабарласып, әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру, еңбек қатынастары, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап аталған сервис арқылы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған азаматтарға онлайн-консультация қызметі көрсетіліп келеді.

Сондай-ақ, қазақстандықтар 1411 нөмірі бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мекемесінің жұмысына қатысты шағымдарын білдіре алады.

Орталыққа республика аумағында жұмыс істейтін барлық абоненттік нөмірлер мен ұялы байланыс түрлерінен тегін қоңырау шалуға болады.

Кеңес алумен қатар, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша келесі ретте ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсетіледі:

е-mail: [email protected];

web-портал: www.info.mintrud.kz (ғаламтор арқылы);

wap-портал: wap.info.mintrud.kz (ұялы телефоннан).

Сондай-ақ, 1411 нөміріне SMS-хабарлама жіберіп, тиісті елді мекендегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға болады. Сұраным жіберілгеннен кейін ұялы телефонға көрсетілген мамандық бойынша бос жұмыс орны бар жұмыс берушілердің байланыс мәліметтері көрсетілген хабарлама келеді.  SMS-хабарлама форматы: *жұмыс*қала коды*мамандық#. Мысалы, *жұмыс*7172*көлік жүргізуші#.

 
0
0
282

«Қазақстан» Ұлттық арнасы жаңа қазақстандық хикаяларын ұсынады

14 қаңтардан бастап «Қазақстан» телеарнасы өз өндірісінің жаңа қазақстандық хикаяларының тағы бір тобын ұсынады. Телекөрермендер достық, сатқындық және махаббатқа құралған детективті драманың куәгерлері болады.

«Шырғалаң» - бүгінгі өмір талаптарына сәйкес мемлекеттік орган қызметкерлерінің қалыптасуы және кәсіби өсуі туралы сыр шертетін детективті кино жанрында түсірілген қазақстандық көркем хикая. Әрбір сериясы өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, өздеріне сеніп тапсырылған міндеттерді қауіпсіздік пен кедергіге қарамастан адалдықпен орындайтын мемлекеттік орган қызметкерлерінің бейнесін ашады.

 

Хикая кейіпкерлері қылмыс құрылымының шырғалаңдарын шешуге негізделген түрлі оқиғаларды бастан кешіреді.

 

Оқиға қаржы полициясында сегіз жылдан астам еңбек еткен Жомарт, Әділет және Қанат есімді үш достың мемлекеттік басқа құрылымға ауысуды жоспарлаудан басталады. Мақсаттарын нақты көздеген жігіттер Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жұмысқа тұру үшін емтихан тапсыруға дайындалады. Мұнда олар полиграфта тестілеуден өтулері тиіс. Байқаудың барлық кезеңдері аяқталғаннан соң Жомарт және Әділет барлық тапсырмаларды жақсы орындап, мемлекеттік органдарда қызметтерін жалғастырады. Ал Қанат болса, полиграфтағы тестілеуден өте алмай қалады. Дәл осы сәттен бастап, үш достың тағдыры үш айырылысып, олар заңның екі жағында қалып қояды.

 

Туындының үлкен шеберлікпен көрсетілген еліктірер сахналары өте көп. Фильмнің көрермендерді оқиғаның мазмұнына беріліп, бас кейіпкерлердің өміріне деген алаңдатушылықтарын тудыратын күші бар.

 

Фильм оқиға желісін бағалай алатын өз көрерменін табатынына сенімдіміз.

 

«Шырғалаң» хикаясының алғашқы сериясын 14 қаңтар күні сағат 21:05-те «Қазақстан» телеарнасынан тамашалаңыздар.

 

«Қазақстан» ТРК тұрақты көрермендерін өз өндірісінің жаңа жобаларымен және хикаяларымен жаңа жылда да қуанта бермек.

 
0
0
697

Қазақстанда 2015 жылдың 11 айында санвиация 2 мыңнан астам ұшырылым жасады

Медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 11 айында 2020 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 281-ге немесе 14%-ға артты.

Санавиация мамандары аталған мерзім ішінде 2539 медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 1962 науқас тасымалданып, 441-не кеңес берілді және 136 ота жасалды.

Астана қаласынан 557, Алматыдан 205, аймақтардан 1244 ұшақ ұшырылып, аймақаралық 14 ұшырылым жасалды.

Сонымен бірге, осы мерзімде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін тасымалданды. Бангкоктан (Тайланд) және Сеулдан (Оңтүстік Корея) – 2 ұшырылымнан, Пекиннен (Қытай), Омск, Екатеринбург қалаларынан (РФ), Кельннен (Германия), Киевтен (Украина), Бали аралынан (Индонезия) – 1 ұшырылымнан жасалды.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.

Сонымен бірге, 2015 жылдың 11 айында санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары жол-көлік апатынан зардап шеккен 234 адамға медициналық көмек көрсетті (2014 жылдың 11 айында жол-көлік апатынан зардап шеккен 171 азаматқа медициналық көмек көрсетілген болатын).

Республика бойынша есептік кезеңде жедел медициналық көмек 136 пациентке көрсетілді, бұл жалпы көрсетілген медициналық көмектің 6% құрады. Республикалық емхана дәрігерлері 45, аймақтық мамандар 91 ота жасады.

Қазақстанда санитарлық авиация бригадаларының ұшырылымдары жыл санап артып келеді. Бұл – республиканың шалғай аймақтарындағы көмекке зәру адамдарға жедел, аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін дәлелдейді.

 
0
0
237

Tesla Motors өнімдері

Tesla Motors — Силикон алқабындағы электр көліктерін өндіретін америкалық автокөлік компаниясы. Компанияның атауы атақты физик Никола Тесланың құрметіне қойылған. Компанияның инвесторлары – Google-дің негізін қалаушылар Ларри Пейдж бен Сергей Брин, PayPal төлем жүйесінің негізін қалаушылардың бірі Илон Маск және eBay компаниясының негізін қалаушысы және президенті Джефри Сколл. Осылардың ішінде жобаға ең көп қаржы салған –  Илон Маск (70 млн. доллар). Мақаламен мына жерден таныс болыңыздар


0
0
828