«Намыс доданың» жеңімпазы белгілі болды
25 желтоқсан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматы – «Мега парк» ірі сауда орталығында «Намыс дода» халықаралық жобасының финалын жұртшылықпен бірге тамашалауды ұйымдастырды. Бұл кешке жиналған жанкүйерлер мен сауда орталығына келушілер отандық эстрада жұлдыздары мен танымал спортшылардың ортасында тартысқа толы финалды көруге мүмкіндік алды. Кеш жақсы өтті. Осы жобаның тарихында Қазақстан құрамасы екінші мәрте жеңімпаз атанды. Ұлттық құраманы қолдауға Майра Ілиясова, Айгүл Иманбаева, Төреғәлі Төреәлі, Асхат Тарғынов сияқты танымал тұлғаларымызбен қатар Бейбіт Назар (джиу-джитсу бойынша ҚР 2 дүркін чемпионы), Ақбар Жармағанбетов (бодибилдинг бойынша ҚР 2 дүркін чемпионы), Ернұр Оспанов (танымал цирк акробаты), Алмагүл Кашина (самбо бойынша Қазақстан чемпионы), Руслан Қамзаев (ереж…