Жаңа Жыл қарсаңында барлық тілектер орындалады...
«Жас Отан» ЖҚ белсенді жастар «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық кампаниясының аясында үнемі балалар үйінде кездесулер ұйымдастырады. Желтоқсанның 28-жұлдызында да жастар жетім балаларға арналған Соколов мектеп-интернатына барып қайтты.

Кездесудің басты мақсаты – балаларды келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтап, мерекелік концерт ұйымдастыру болатын. Концертті қаламыздың белгілі жүргізушісі Абрахманов Азат жүргізді. Оның барысында муз.колледж студенттері балаларға керемет қобыздың үнін сыйлап, ән айтып, би билеп, көңілдерін сергітіп алған болатын. Ұйымдастырушылар оқушыларды 3 топқа бөліп, қызықты әрі пайдалы ойын түрлерін өткізді.

Әрине де, Жаңа Жыл мерекесі Аяз ата мен Ақшақарсыз өтпейді. Бұл кездесудің де сәні мен басты қонағы болған олар балаларға шағын сыйлықтарын табыс етіп, келе жатқан Маймыл жылымен құттықтаған болатын. Кездесудің соңы ортақ фотомен аяқталды. Бұндай кездесулер өңірімізде жиі өткізіліп тұрады, өйткені балалар – өмірдің мәні, ал оларды бақыт пен шаттыққа бөлеу – әрбіреуіміздің міндетіміз.

