КАСКО: Қажеттілік пе?
WhatsApp-та талқыланып жатқан тақырып келесі ойға итермеледі: Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайда ерікті сақтандыру қаншалықты тиімді? Соны қарастырайық.
Валюта бағамы 185 бойынша Volkswagen Passat газ тарату механизмінің шынжырын ауыстыру: 60,000 (қосалқы бөлшектер) + 80,000 (жұмысы) = 140,000 (барлығы).
Қазіргі 366 валюта бағамы бойынша сол рәсім 125,000 + 90,000 шығады. Ортақ сомасы 215,000 теңгені құрайды.
Жақсы, бұл шығындарды алдын ала жоспарлап қарастыруға болатыны түсінікті.
Алдын ала қарастырылмайтын жол-көлік оқиғасын алайық, бұл жағдайда күтпеген шығындар, онымен қоса жөндеу жұмыстарының шығыны да қалтаны қағып түсуі мүмкін.
Валюта бағамының 185тг. көрсеткіші бойынша ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын ауқымды шығындарсыз жүзеге асыруға болатын.
Ал валюта бағамы 366тг.-мен Қалай болмақ? Демек, енді қосалқы бөлшектре құны екі есе жоғары, онымен қоса атқару жұмыстарының төлемі де қымбаттады. Бірақ жалақы көрсеткіштері екі есе көтерілген жоқ қой. Яғни, ендігі жөндеу жұмыстары ауқымды қаражатты талап етеді және бұрынғыдай оңайға соқпайды.
Бұдан шығу жолы қандай? Осы кезде, бұрын соңды санаулы ғана адам ойланып жүрген (КАСКО) ерікті авто сақтандыруы ойға келеді. Кейіннен «жер жастанып» қалмас үшін, мен қазір сол туралы шындап ойланып жүрмін.
Оған қоса, арзандаған көліктер тұрғысында, КАСКО бағасы девальвацияға дейінгі деңгейде қалды десе де болады. Бұл ойдың мәні бар ма, қалай ойлайсыздар?
P.S. Негізінен, осы тұрғыда мысал ретіндесол Passat-ты да ала отырып, КАСКО сақтандыру компаниясының есептеу тарифтерін келтіре кетуге болар еді, бірақ ол кезде бұл жарнама болар еді.
Автомобиль әлемінің соңғы жаңалықтарын білгіңіз келсе Facebook және Instagram — да, көліктерге видео — шолу көргіңіз келсе Youtube — та маған жазылыңыз.

