Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес

2016 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін кеңейтілген семинар-кеңес оздырылды. Семинар-кеңес отырысына Департамент өкілі, «Нұр Отан» партиясы БҚО филалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төраға орынбасары қатынасты.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің негізгі нормалары, жаңадан қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және мемлекеттік қызметшілердің мүлік пен кірістері туралы декларацияны салық органдарына тапсыру мәселелері түсіндірілді.


