Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ашық жүрек» акциясы бастау алды

Жастар бастамаларын дамыту орталығында қаңтар айынан бастап «Ашық жүрек» қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл іс-шара алғаш рет ұйымдастырылып отырғанымен, жыл соңына дейін жалғасын табады. Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері және санаторилерінде өткізу жоспарланған.

Алғаш «Ашық жүрек» акциясы Павлодар облыстық туберкулезге  қарсы диспансерінде  ұйымдастырылды. Жастар бастамаларын дамыту орталығы аталған мекемедегі тәрбиеленушілерге естен кетпес күн сыйлады. 80 ге жуық 3 жастан 16 жасқа дейінгі жеткіншектер түрлі тренингтерге қатысып, домбыраның үнімен ән тыңдап, испан биін тамашалап, көңіл көтерді.

Балалар үшін ең қызығы сыйлықтарды табыстау рәсімі болды. Мейірімді павлодарлықтардың арқасында тәрбиеленушілер осындай бақытқа бөленді. Орталыққа әкелген түрлі сыйлықтар, кітаптар кеңпейілді жандардың  атынан табысталды.

Егер Сіз сәбиге бақыт сыйлағыңыз келсе «Ашық жүрек» акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Біздің мекен-жайымыз:  Ломов көшесі,103 кабинет.

Байланыс телефоны: 66-12-45

 
0
0
755

Осы тақырып бойынша

«Ашық жүрек» акциясы бастау алды - Yvision.kz