«Девушка из Дании» — жаманнан жиренуді үйрететін фильм
Қазнеттің диагнозы бар сияқты. Мұндағы халықта цензураның бір елесі бардай. Дүниенің жақсысын аламыз да, жаманын қабылдай алмаймыз, қабылдау деп оны терең біліп, теріс екенін ұғынуды айтамыз. Ал ұғыну үшін оны назарға алмай немесе жамандамай емес, түсіну керек шығар? Сондықтан неден жиренетінімізді білуіміз абзал. "Дат қызы" (меніңше аударма қате, "Дания қызы" болуы керек - "Девушка из Дании") фильмін көріп, бір-екі ауыз сөз айтқан адамға фейсбукте жабыла кеткен намысқойларды байқадым. Сөйтсе, олар осы фильмді көрмеген де. Білмей-көрмей көпіре беру санасыз адамның ісі емес пе еді? Сондықтан, фильмді көрген адам ретінде өз ойымды айтуға рұқсат етіңіздер. Мен бұл фильмдегі бас кейіпкер үшін уайымдамадым, оған жақтаса да алмадым. Ауытқуы бар адам деген оймен қарадым. Қиын жағдайға тап болған…