Мазмұнға өту

Жаңа

Баспасөз хабарламасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облыстық департаменті Атырау қалалық қорғаныс ісі басқарма бастығының орынбасары, капитан М.Орынбеков пен мобилизациялық жоспарлау бөлімінің бастығы, капитан Д.Оспанов құрықталды.

Аталған лауазымды адамдар есепке өз уақытында тұрмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және әскерге шақыру жасының өтуіне байланысты жеке тұлғаға әскери билет беру мақсатында 70 мың теңге пара алғандығы анықталды.

Қазіргі таңда, М.Орынбеков ҚР ҚІЖК 128-ші бабына сәйкес Атырау қалалық ІІБ тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-терсеру амалдары жүргізілуде.

0
0
564

Шекара қызметінде семинар-кеңес өткізілді.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полиция департаментінің 11 бөлімі және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі шекара бөлімшелері басшылары мен жеке құрамында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңеске Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш қатысып,  жаңа Заңның мақсаттары мен міндеттері және ҚР қылмыстық Кодексіндегі өзгерістер туралы баяндама оқыды.

 
0
0
621

Қазақ тіліне сен де үлес қос!

Екі ғасырға жуық жүргізілген патшаның кейін, “советтің” орыстандыру саясатының салдары әлі күнге дейін сезіліп келеді. Оған дәлел қазіргі таңда қазақ бола тұра да орысша сөйлеп, шала казақтылық немесе аралас мәдениет ұстанатын адамдардың болуы. Ғаламтор беттерін дүр сілкіндірген "Қазақ қазақша сөйлей алмады”,"Депутат шала қазақ" деген мақала ға да таң қалмаңыз, өйткені ондай адамдар да біздің арамыз да бар. Бұл орыс тілін таңдағысы келген баланың емес, орыс сыныбына берген ата-анасының, жоғарыда айтылған озбыр саясаттың кінәсі. Сөйлеу тілі адамның алдымен ата-анасына да байланысты. Халық арасында сауалнама жүргізіп, “балаларыңызды неге орыс тіліне берген жақсы” деп сұрағанда, "орыс тілінде оқитын материалдар көбірек, және көпшілік терминдерді қазақ тілінде оқыса алдағы уақытта балаға қиын…

2
1
601

Шет тілдерінде еркін сөйлеңіз!

Аз уақыт ішінде қытай тілін үйренгіңіз келеді ме? Достарыңызбен ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлесу ХХІ ғасыр талабы. Жастар бастамаларын дамыту орталығы тілдерді тегін меңгеруге мүмкіндік береді.

Аптаның бейсенбі күндері сағат 15:00 де тілдер клубы қытай тілінің сабақтарын өткізеді. Басқа да тіл сабақтарының кестесін білу үшін 8(7182)66-12-43 нөміріңе хабарласыңыз немесе Жастарға қызмет көрсету орталығына келіп, хабардар болыңыз.

Біздің мекен – жайымыз: Ломов көшесі 38.

0
0
501

Аспан болсаң, болайын сенің күнің «Аудио өлең»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Өлеңді оқыған – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Әуен авторы – Giovanni Marradi “Secrets”

Бейнематериал авторы – Ветан Къырым

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Аспан болсаң, болайын сенің күнің,

Желің болып, тұрғызбайын бұлттарды.

Ал түн болса, болайын сенің айың,

Жарығымен, адастырмай жолыңды.

 

Сен жел болсаң, болайын мен қаңбағын,

Өзің жүрген ізіңнен, бір қалмайтын.

Жаңбыр болсаң болайын, мен шатырың,

Әр тамшыңа сүйсініп, бір тоймайтын.

 

Ағаш болшсаң, болайын мен тамырың,

Ұшыртпайтын тағдырдың дауылында.

Мен үшін, бұл әлемде сенің барың,

Қанат беріп, жетелейді арманға.

1
1
1788

Интернет желісіндегі алаяқтықтан сақтаныңыз!

Интернет желісі арқылы таралатын алаяқтықтың кең таралған түрі – ол пайдаланушыны браузердің жұмысын бұғаттап тастайтын интернет-ресурстарға (Internet Explorer, Google Chrome, Mozilla Firefox, Opera және т.б.) бағыттау. Алаяқтар бағыттаған интернет-ресурсқа өткен кезде браузер бұғатталып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының атынан, оның порнографиялық контентті көшіріп, сақтауына байланысты Заңды бұзғандығын хабарлайтын мәтін пайда болады. Бұғатты алып тастау үшін вирус – төлем терминалы арқылы 10-15 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуді талап етеді. Оны төлемеген жағдайда іс материалы прокуратураға жолданып, порнографиялық мазмұнды көшіріп, сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде жазылады. Есіңізде болсын, мемлекеттік орган азаматтардың компьютерлерін (нем…

0
0
733

Жылқының атаулары жайлы не білесіз ?

Жылқы қазақ үшін төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі, бірақ барлығы жылқының жынысына қатысты атауларды біле бермейді, енді осы атауларды біле жүріңіз; Айғыр. Жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі яғни үйір басы. Айғырды мінезіне, түр-түсіне қарай әртүрлі атайды. Желқуық айғыр. Көктемде көкке тойынып, үйірін қайыруды бастаған айғырды айтады. Сәурік айғыр. Құнаннан дөнен шығар піштірілмеген, әлі үйірге салынбаған еркек жылқы. Құр айғыр. Жүген-құрық тимей, әбден семірген айғыр. Бұзғыш айғыр. Айғырдан шыққан биеге шауып, оны сауырлап қуып қинап ұрық-уызын ағызып жіберетін айғыр. Шақар айғыр. Өз үйіріндегі биелерді місе тұтпай, басқа айғырдың бауырындағы үйірін тартып алып жүретін озбыр айғыр. Шартық. Пішкен кезде бір ені ішіне тартылып, алынбай қалған жасырын енді айғыр. Азбан айғыр. Алт…

0
1
17527

Жастарға қызмет көрсету орталығы назарларыңызға уақытша бос қызмет орындарын ұсынады.

Бос уақытыңызды қайда жұмсарыңызды білмейсіз бе? Сіз студентсіз ақша тапқыңыз келеді ме? Жастарға қызмет көрсету орталығы назарларыңызға уақытша бос қызмет орындарын ұсынады. Орталықтағы мамандар сіздегі  туындаған сұрақтарға жауап береді және бағыт бағдар көрсетіп, қызметтер ішінен сіз қалаған жұмыс орындарын іріктейді.

Біздің мекен- жайымыз: Жастарға қызмет көрсету орталығы. Ломов көшесі 38.

Байланыс телефоны: 66 -12-46

0
0
631

«Органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау» сайысы

Ауыл шаруашылығы министрлігі органикалық өнім (органикалық өнім – синтездік пестицидтерді, синтездік минералды тыңайтқыштарды, өсім реттеуіштерді, жасанды ас үстемелерді, сондай-ақ генетикалық модификацияланған өнімдерді қолданусыз (немесе аз қолдану арқылы) өңделген өнім) сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялайды. Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісінің басты мақсаты халықты органикалық өнімнің органикалық өнімді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған талаптарға сәйкестікті растау үрдісін өткендігі туралы хабарландыру болып табылады. Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісіне басты талаптар: 1) экологиялық таза ауыл шаруашылығымен орайластырылуы тиіс; 2) органикалық өнімнің экспортқа бағытталатынын ескеріп, белгі Қазақстан Респ…

0
0
420

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты және оның бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне төленетін жәрдемақыларға 68,2 млрд. теңге бөлінді

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд. теңге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді. Бірінші баланың туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 12 217 теңгені, екінші балаға – 14 445 теңгені, үшінші балаға – 16 650 теңгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюдже…

0
0
365