Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Девушка из Дании» — жаманнан жиренуді үйрететін фильм

Қазнеттің диагнозы бар сияқты. Мұндағы халықта цензураның бір елесі бардай. Дүниенің жақсысын аламыз да, жаманын қабылдай алмаймыз, қабылдау деп оны терең біліп, теріс екенін ұғынуды айтамыз. Ал ұғыну үшін оны назарға алмай немесе жамандамай емес, түсіну керек шығар? Сондықтан неден жиренетінімізді білуіміз абзал.

"Дат қызы" (меніңше аударма қате, "Дания қызы" болуы керек - "Девушка из Дании") фильмін көріп, бір-екі ауыз сөз айтқан адамға фейсбукте жабыла кеткен намысқойларды байқадым. Сөйтсе, олар осы фильмді көрмеген де. Білмей-көрмей көпіре беру санасыз адамның ісі емес пе еді? Сондықтан, фильмді көрген адам ретінде өз ойымды айтуға рұқсат етіңіздер.

Мен бұл фильмдегі бас кейіпкер үшін уайымдамадым, оған жақтаса да алмадым. Ауытқуы бар адам деген оймен қарадым. Қиын жағдайға тап болған кейіпкер қоғаммен алыспайды, сол заманда қоғамның оған қалай қарайтынын, көзқарасын білгіңіз келсе оны екі ер адамның көшеде ойда жоқта ұрып-соғып кетуі туралы үзігінен-ақ байқауға болатындай. Ол түсінікті, мораль, ар-намыс бірінші кезекте.

Ал Эдди Редмэйннің кейіпкері қиналса, іштей қиналады, режиссер оның ой-ауанын жеке адамның қайғысы ретінде көрсетеді. Қоғаммен қақтығыс, одан қалды тайталас болған жоқ. Актердің роль сомдау шеберлігін, фильмнің өмірде болған оқиға бойынша түсірілуін, операторлық және дыбыс жұмысының "Оскарға" арнайы жазылғандай болуын есепке алсақ, фильм сәтті шыққан.

Мәселенің төңірегіне келдік-ау. Меніңше, фильм "Оскар" сыйлығын алуға лайық, Эддиге де екінші рет болса да киножүлдені беруге қарсы емеспін (Леоға "жер хабар бермесін"). Ал осындай фильмді батыстың насихаты деуге бола ма? Болмайды. Бірнеше елдің бірігіп түсірген көркем картинасынан қашу, ұмыту, назарға ілмеу сияқты әрекеттер - қоғамның жаһанның сынына дайын емес екенінінің көрінісі.

0
0
470

Осы тақырып бойынша

«Девушка из Дании» — жаманнан жиренуді үйрететін фильм - Yvision.kz