Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бос орындар Жәрмеңкесі өткізілді

16 ақпан Жастар бастамаларын дамыту орталығында Бос орындар Жәрмеңкесі өткізілді. 14 жастан 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды жеке кеңестер жүргізіліп, бос жұмыс орындары туралы мәлімет ұсынылды және Павлодар қаласындағы кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары жайлы ақпаратпен қамтамасыз етті. Бос орындар Жәрмеңкесіне жастарды тәжірибеге алуға және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынуға дайын Павлодар қаласындағы 34 кәсіпорындары қатысты.

Сонымен қатар, ізденушілерге оқу жылында студенттерге уақытша жұмыс орның ұсынатын жұмыс берушілер базасы ұсынылды.

Алғаш рет бос орындар Жәрмеңкесінде ізденушілер қатарында бұрын сотталғандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар қатысты. 400 ден аса жұмыссыз жастар қалаған бос жұмыс орындарына түйіндемелерін қалдырып, кеңес алды.

Оған қоса, Жәрмеңке барысында кәсіптік бағдарға тест өту мүмкіндігі туды.

   
0
0
976

Осы тақырып бойынша

Бос орындар Жәрмеңкесі өткізілді - Yvision.kz