Ішкі істер департаментінің өкілімен кездесу өтті
Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ - сі Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің өкілдерімен бірлесе Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдарына білікті кадрларды іріктеуді, арттыру және кәсіби бейімдеу жұмысын жетілдеру мақсатында Павлодар қаласының жоғарғы оқу орындарының түлектерімен кездесу өткізді.

Аталмыш іс-шараға Павлодар облысының Ішкі істер департаментінің кадр жұмысы басқармасы бөлімінің бастығы, полиция майоры –Умаров Бауыржан Алпамысұлы шақырылды.
Кездесу аясында, түлектер Қазақстан Республикасының ішкі- істер Министірлігінен жоғарғы оқу орындарына түсу және оқу шарттары туралы толық ақпарат алды.
