Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қызылордада «Мигрант» ЖПІШ-нің 1 күнінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ағымдағы жылдың 15-17 ақпан аралығында облыс аумағында шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олар тарапынан орын алатын заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шара көруге бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шараға ОІІД-нің 347 қызметкері жұмылдырылып, көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайлары, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде, шараның 1 күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу дерегі бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы) 139 шетел азаматы анықталып, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) дерегі бойынша 9 ҚР азаматына, шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 519-бабы) 2 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.

Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тағы 2 азаматы ҚР Азаматтық-процессуалдық кодексінің 382-бабы бойынша (шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның шегінен шығарып жіберу) республика аумағынан аластатылды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ Өзбекстан Республикасының 9 азаматы ҚІІБ-ның қабылдау- тарату орнына жатқызылды.

 

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
602

Осы тақырып бойынша

Қызылордада «Мигрант» ЖПІШ-нің 1 күнінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 139 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - Yvision.kz