Мазмұнға өту

Жаңа

Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады

Əлемге əйгілі «NATIONAL GEOGRAPHIC» тұңғыш рет қазақ тілінде шыға бастады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» бүгінгі санында.

127 жылдық тарихы бар, жақсы қағазға басылып, көркем безендірілген «NATIONAL GEOGRAPHIC Қазақстан» журналының алғашқы саны осы ақпан айында оқырмандар қолына тиді. Өрнегі бөлек, өресі биік басылым екендігі бірден білініп-ақ тұр. Сыртқы мұқабасына «Тұмса табиғат. Ол бізге не үшін керек?» деген сауал тартылыпты. Журналдың ішкі мазмұны сұраққа сай екендігін аңғардық. Осы нөмірдегі «Əлемдік серуен», «Саябақтар қасиеті», «Жұқарған мұзға беталыс» сынды əлемдік табиғаттың тылсымдарына бойлаған жарияланымдармен қатар «Арал тағдыры - адам тағдыры» атты мақалада қазақ жеріндегі табиғат қасіреті сөз етіліпті. Иə, Аляскадан Австралияға дейінгі аумақта əлемнің 80-нен астам еліне таралатын журнал, енді міне, Алтай мен Атырау арасына қадам басып отыр. Орталық Азияда тұңғыш рет қазақ оқырмандарымен қауышқан баспа брендінде ең мықты ғалымдар мен журналис тер ізденісі, фотографтардың таңдай қақтырар туындылары жарияланып тұрмақ. Журналдың əлемдегі 60 миллионнан ас там оқырманына енді қазақ оқырмандары да қосылды.


«NATIONAL GEOGRAPHIC» журналының бас редакторы Сюзан Гольдберг алғашқы нөмірге арнаған ақжолтай тілегінде: «Ай сайын Вашингтондағы штаб- пəтер ұжымы Қазақстандағы əріптес терімізбен бірлесіп, «NATIONAL GEOGRAPHIC Қазақ стан» журналының бетіне қызықты зерттеу мақалалар ұсынатын боламыз. Біздің мақсатымыз айқын, біз NATIONAL GEOGRAPHIC-тің əлемдегі ең танымал, əрі көптілді журнал болуын қалаймыз», деп ағынан жарылған.  

«Олай болса, 38-ші тіл болып осы қатарға қазақ тілінің де, сондай-ақ, бұл басылымды шығаратын елдер қатарына Қазақстанның да қосылғанын қуана сүйіншілейміз», - делінген газет мақаласында.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2872094

0
0
384

Астанада Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай мерейтойлық іс-шара өтті

Бүгін Астанада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Жыр алыбы – Жамбыл және ел бірлігі» атты тақырыпта мерейтойлық іс-шара өткізді. Салтанатты жиынға еліміздің жоғарғы сот органының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

http://sud.gov.kz/kaz/news/astanada-zhambyl-zhabaevtyn-170-zhyldyk-mereytoyyna-oray-mereytoylyk-shara-otti

0
0
634

Көшпенділер өркениетінің жоқшысы

Советтік идеологияның бір ерекшелігі – ұлтты ұлттың өзіне қарсы қою. Міне, соның кесірінен өз тарихын өзі жатсыну, өткеніне де, болашағына да күмәнмен қарау көңіл-күйі қалыптасқан

ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи дамудың нәтижесі. Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі өркениеттердің, діндердің ізі байқалады. Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған. Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі православия мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік, будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер брінің ізін бірі баса, қатарласа дамыған. Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды. Ол тарихты Л. Гумилевтен бұрын бәзбіреулер білсе де білмегенге сайып жылы жауып келді.

1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі, кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – деді. 1992 жылы ол тағы да «олардың (еуразияшылдардың) сағаты енді соқты»-деді. Батыстық А.Тойнби, О.Шпенглер секілді еуроцентристерге қарсы Л. Гумилев өзінің ғылыми ойларымен, кең масштабты пікірлерімен жауап берді. Ол көшпенді халықтардың өркениеті 3 мың жылдық шығармашылық дамуды бастан кешкенін атап өтті. «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға симайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда, ну жынысты шатқалдарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты. Қылаяғы дөп-дөңгелек киіз үйлер де сол заманның ең ыңғайлы тұрақты мекені болып табылатын», – дейді. Л. Гумилев айтқандай, археологиялық және жазба деректер көшпенділердің Алтайда, Арқада, Монғолияда, Ерен-қабырғада және Жетісуда теміршілікпен шұғылданғанын, олардың қалалары және отырықшы мәдениеті болғанын дәлелдейді. Тағы бір мәселе: «Халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына байланысты болмайды...сол себептен, саны аз монғол және қалмақ халықтары Еуропа мәдениеті үшін өте көп нәрсе жасады деп есептеймін. Бүгінде жұрттың көбі ұмытып барады, ал шынында еуропалықтарды елшілердің қауіпсіздігін сақтауға үйреткен, еуропалықтардың әдет-ғұрпына дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы монғолдардың жорығы болды. Осы үшін де бүкіл әлемнің дипломаттары бірігіп Шыңғысханға үлкен ескерткіш тұрғызуы тиіс. Шыңғысханға дейін елшілердің өміріне ұдайы қауіп-қатер төніп тұрды», – дейді. Шын мәнінде, көне ғұндар мен түркітер қытайларға шалбар киюді үйретті. Одан бұрын Орта жазықтағы қытайлар кенеп жамылғымен ғана жүретін. Л. Гумилев осы шалбар жайында айта келіп, Римдіктер шалбарсыз, тоға(жеңсіз ұзын жамылғы) киіп жүрді; көне гректер мантия (ұзын шапан) киіп жүрген жоқ, кең мата шүберекке оранып жүрді. Ал атқа салт мінетін ғұндар, түріктер мен монғолдар Еуропа мәдениетіне шалбар киюді енгізді дейді. Басқа басқа, дәл ғұндардың қытайларға шалбар киюді үйреткенін қытай ғалымдары мойындайды. Қарап отырсақ, ғұндардың қытай өркениетіне қосқан үлесі мұнымен ғана өлшенбейді. Әу бастан, ғұндар қытай топырағында қуатты бірлікке келген мемлекеттің құрылуына себепші болды. Егер солтүстіктен төнген ғұндардың қысымы болмағанда чуньцю-чанго дәуіріндегі жеті бектік бір мемлекет болып бірігуі екіталай болатын. Тағы бір мысал, осы бірігудің нәтижесінде солтүстікте ғұндардан қорғанатын Ұлы қамал салынды. Оның құрылысы мың жылға созылды. Ғұндардан соң түріктер, сянбилер, монғолдар және жүржіттер оның жалғасты салынуына әсер етті. Егер көшпенділерден қорғану қажеттілігі болмағанда, аталмыш қорған да тұрғызылмаған болар еді. Солтүстіктегі атты көшпенділер отырықшы жұртқа ат үстінде соғысу өнерін үйретті. Дүниежүзіне әйгілі ат спорт ойындарының түрлері көшпенділерден тараған. Мысалы, ғұндар мен түріктердің ат үстінен ойнайтын шәуген доп ойыны VI-VII ғасырларда алдымен Қытайға, сосын Еуропаға таралған. Ат жарысы, көкпар ойыны қатарлы ойындар туралы да соны айтуға болады.

Жоғарыдағы ойларын айта отырып Гумилев қандайда бір ұлттың өркениет көшіне қосқан үлесін арнайы бағалаудан бас тартады. «Бағаны жалпы уақытқа қатысты, заманға қатысты беру жарасымды бола қоймайды. Тегінде бағалау біздің ісіміз емес, біздің ісіміз-бейнелеп түсіндіріп, жүйелеп баяндау, мазмұндап, хаттау. Халықтардың мәдениетін, қызметін, шығармашылығын, қаһармандығын және басқа да осындай өзіндік өрнекті сипаттарын қандай да бір материалдық есептеулер білдіре алмайды», – дейді ол. Бірақ кей этностардың ерте, кей этностардың кеш қалыптасуы табиғи құблыс. Финикиялықтар бір кезде болды, ал бүгінде олар жоқ.

Толығырақ оқу...

0
0
2627

АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия — А

АБАЙ АСУЫ – іле алатауындағы азутас жалы- нан өтетін асу. абс. биікт. 3650 м. кіші алматы шатқалының орт. бөлігін богданович мұздығымен жалғастырады. асу жолы медеу сайынан басталады. «тұйықсу қақпасы» (ені 250 м) метеост-на дейін авто- моб-мен, одан әрі шайтан шатқалы арқылы жаяу көте- рілуге болады. жолы жеңіл асулар қатарына жатады

АБАЙ АУДАНЫ – қарағанды обл-ның орт. бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1973 ж. құрылған. алғашында мичурин ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. жер аум. 6,5 мың км2 . тұрғыны 54,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2 -ге шаққанда 8,4 адамнан келеді (2010). ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орт. – абай қ. аудандағы ірі елді мекендер: топар, южный, изум- рудный, қарабас кенттері. аудан сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. батыс бө- лігі аласа белесті, жазық. тек ақшоқы (588 м), қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кез- деседі. климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. қаңтарда ауаның орташа темп- расы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 350 мм. нұра, шерубай- нұра өзендері мен олардың салалары – есен, соқыросы аудан аумағынан өтеді. сасықкөл, сопақсор, са- рыбұлақ, шұбаркөл, шұбар, шерубайнұра, ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, то- былғы, т.б. өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, ақ қайран өседі. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 611,7 мың га. аудан аумағы арқылы қарағанды – шу т. ж., астана – қарағанды – алматы, қарағанды – атасу – жезқазған автомоб. жолдары өтеді

 

АБАЙ АУДАНЫ – шығыс қазақстан обл-ның оңт.- батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. А. а. 1993 жылдан ҚР президентінің Жарлығымен абыра- лы ауд. болып, ол 1997 ж. таратылды да, бұрынғы ата- уымен қайта аталды. жер аум. 20,0 мың км2 . тұрғыны 15,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2 -ге шаққанда 1,2 адамнан келеді (2010). аудан орт. – қарауыл а. А. а- ның жері ойлы-қырлы болып келеді. оңт.-батысын ханшыңғыс (1152 м) және шыңғыстау (1077 м), шы- ғысын дегелең, ордатас, батысын дос, мыржық тау- лары алып жатыр. кен байлықтарынан мәрмәр, гра- нит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. климаты кон- тиненттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. орташа ауа темп-расы қаңтарда – 15,5°С, шілдеде 20,5°С. жа- уын-шашынның орташа жылдық мөлш. 250 – 350 мм. аудан аумағынан шаған, ащысу, бөкенші өзендері ағып өтеді. жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қар- сақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуа- дақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 1,9 млн. га, оның ішінде егістігі 12,8 га, шабындық 42,3 мың га, жайылым 1875,3 мың га (2009). тұрғындары облыс орт. – өскемен қ-мен және көрші аудандармен автомоб. жолдары арқылы қатынайды.

 

АБАЙАУЫЛ – үлкен жарма көлінің оңт.-шығысын- дағы қоныс. солт. Қазақстан обл. м.жұмабаев ауд. полтавка а-ның солт-нде, солт.-батысында облыс орт. петропавл қ. орналасқан. қоныс маңын қарағайлы ор- ман алқабы алып жатыр.

 

АБАЙ ДАЛАСЫ – ресей федерациясы алтай өңірін- дегі тектоник. ойыс. солт.-шығысында теректі, оңт.-ба- тысында қоржынтау жоталары орналасқан. Абс. биікт. 1100 м. ұз. 25 км, ені 6 – 9 км. солт.-батыстан оңт.-шы- ғысқа қарай шағын абай, ақсас өзендері ағып өтеді. түрлі шөп аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ойыстың құнарлы бөлігі игерілген.

 

АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ қонысы, а бай - дың ж идебайдағы қорығы – қара- уыл өз-нің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұ- райлы жер. жидебайды 18 ғ-дың 80-жылдары мен 19 ғ- дың 50-жылдары шамасында тобықты руының мамай, жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғ-дың ортасына таман жидебай (мамай батырдан тараған еламанның бір ұрпағы), борсықбай, барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан құнанбай өскенбай- ұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. құнанбай жидебайдың солт-нде 15 км жердегі күзеуден, ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе сал- дырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 ж. абай жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. 1885 – 92 ж. жидебай қонысы құнанбайдың ұлжаннан туған кенже баласы оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. інісі оспан дүние салған соң абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. жидебай 20 ғ-дың соңында тарихи-мемориалдық, экол. қорыққа айналды. 1990 ж. қазақстан үкіметінің қаулысымен жидебай қорығының жалпы аум. 64 км2 . мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енгентарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемл. қорғауға алынды. қорық құрамына абайдың мемориалдық мұражай-үйі, абай – оспан және шәкерім – ахат ескерткіштер ке- шені, зере, ұлжан, құдайберді, ғабитхан молда, шәу- кенбай, еркежан бейіті басындағы белгілер, кеңгірбай бидің бейіті, құнанбай құдығы, оспан көлі, мұсақұл төбесі, махмұд қорасы, орыс қорасы, зұлғарыш қо- расы, ырыздыбай қорасы, тұрағұл қорасы енеді. жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаң- ғыртылды.

 

АБАЙ МҰЗДЫҒЫ – 1) жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі үлкен басқан өз. алабында орналас- қан мұздық. 1947 ж. абай құнанбаев есімі берілді. ұз. 7,5 км (морена басқан бөлігін қосқанда 8,5 км). аум. 10,2 км2 , ашық жерінің аум. 8,9 км2 , орташа қалыңд. 100 м. кейінгі 25 жыл ішінде мұздық аум. 3 км-ге (ашық жері 2,3 км2 -ге) кішірейген. үстіңгі беті бе- дерлі, жарықшақты болып келеді. фирн межесі 3720 м биіктікте. мұздықтың үстіңгі ұшы 4511 м, төм. шеті 3060 м биіктікте жатыр. мұздықтан еріген су төм. мо- рена бөгелуінен пайда болған көлге құяды. алғаш рет бұл мұздық туралы қысқаша ғыл. сипаттама 1913 ж. М.Ф.войшвило кітабында жазылған. 1947 жылдан бері Абай мұздығын зерттеумен қазақстан ҒА-ның геогр. ин-ты айналысады; 2) іле алатауының солт. беткейіндегі абай шыңында орналасқан мұздық. аум. 0,2 км2 , ашық жерінің аум. 0,1 км2 . Ұз. 0,7 км. ұшы 3440 м биіктікке барып бітеді. фирн межесі 3640 м биіктікте, фирннің аум. 0,1 км2 . АБАЙ ШЫҢЫ, іле алатауының кіші алматы сілемінде орналасқан. абс. биікт. 4010 м. шың үш найзатастан тұрады. батыс жағы, кіші алматы өз-не қарай, тік құлама жартасты болып келеді. солт. бетке- йінде шағын мұздық бар. А. ш-на алғаш рет (1932 ж. шілдеде) Г.И.белоглазов бастаған алматылық альпи- нистер көтерілген. шыңға 1932 ж. а.құнанбаев есімі берілді. АБОЛИН МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауы- ның солт. беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. орта азияны зерттеуші ғалым Р.И.або- линнің есімімен аталған (1958). бүйен өз-нің жоғарыбөлігінде, орман бүйен өз-нің бастауында орналасқан. мұздық солт-ке қарай созылып жатыр. климаттың бір- тіндеп өзгеруіне байланысты мұздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді. Ең ірі бөлігінің ұз. 4,7 км, ашық жерінің ұз. 3,3 км. жалпы аум. 4,6 км2 . Ашық жерінің аум. 4 км2 . Фирн (мұзқар) алаңы 1,7 км2 , фирн сызығы 3540 м биіктіктен өтеді. мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері – аболин шыңы (4051 м). мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шеті 3100 м-ге дейін түріліп, бастапқы ұз-нан 40 м-ге шегінді. мұздықтың орташа қалыңд. 90 м, көл. 0,36 км3 .

 

АБРАЛЫ (АБЫРАЛЫ) таулары – cемей қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тау. Шығыс Қазақстан обл-нда орналасқан. Солт-тен оңт-ке қарай созыла орналасқан екі таудан тұрады. батысындағы жақсы абралы тауының ұз. 20 км, ені 10 км, биікт. 1300 м. шығысындағы жаман абралы тауының ұз. 20 км, ені6 км, биікт. 1111 м. Екі таудың аралығында қарасу өз- нің аңғары жатыр. А. т. негізінен девон мен силур жы- ныстарынан тұрады. климаты тым континенттік. қаң- тар айындағы орташа темп-ра –15°С, шілдеде 19°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 350 мм. беткейле- рінің қиыршықтасты қоңыр топырағында қараған, то- былғы, сұлыбас, қызғылт селеу, боз, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. беткейлері мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

 

АБЫЗ АЛТЫН-МЫС КЕНІ, қарағанды обл. қар- қаралы ауд-нда орналасқан. 20 ғ-дың 60-жылдары ашылған. Ол ақбастау антиклинальды белдемінің батысында девонның барлық бөлімдерінің жыныста- рын қамтитын қабаттар тобырын құрайды. кен төм. девонның андезит-базальтты жанартаулық кезеңінде қалыптасқан. Кен орны Абыз антиклиналының бойын алып жатыр. Осы антиклинальдың қатты жарықшақ- танып өзгеріске ұшыраған жоғ. белдеміне негізгі кен денелері шоғырланған. Олар негізінен массивті болып келеді, сондай-ақ сеппелі-желілі түрде де кездеседі. А. а.-м. к-нде кездесетін минералдар 9 түрлі параге- нездік бірлестіктер құрайды. негізгі кентасты мине- ралдар – сфалерит, халькопирит, галенит және пирит. кентас құрамындағы мыс, мырыш және қорғасынныңарақатынасы: 4,4:11:1. кентастар минералдық құрамы бойынша күкіртті, мысты, мырышты, мысты-мырыш- ты, полиметалды, қорғасын-мырышты колчедандар болып алты түрге жіктеледі. кентас құрамында алтын мен күміс мөлшері едәуір. алтын барлық минералдық бірлестіктердің құрамына кіреді, саф алтын түрінде де кездеседі. сирек элементтерден селен, теллур, висмут, сүрме, күшәла, қалайы, индий, таллий бар.

 

АБЫЛАЙ ЖОЛЫ – 18 ғ-дың орта шенінде абылай хан белгілеген сауда-керуен жолы. қазіргі шығыс қазақстан обл. Абай ауд-ның батысынан басталады. шыңғыс тауын бөктерлеп, ертіс өз-нің сол жағын бой- лай, шығысқа қарай созылып жатқан бұл жолды халық «Хан жолы» деп те атайды. Ел аузында «шаңды жол» деп те аталады.

АБЫЛАЙКИТ – шығыс қазақстан обл. Ұлан ауд- ндағы өзен. қалба жотасының бесшоқы, талды таула- рының солт. беткейлерінен басталатын сібе, ұраңқай (ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. ұзындығы сібе өз-нің баста- уынан 78 км, су жиналатын алабы 1,7 мың км2 . Өзен толығымен тау аңғары арқылы ағады, ағысы қатты. негізінен еріген қар суымен толығады. ертіс өз-не абылайкит а-ның тұсында қосылады. сағасындағы орташа су ағымы 4,87 м3 /с. Өзен 1654 ж. қалмақтың абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (сібе өз-нің бас жағында) атымен аталған.

 

АБЫЛАЙ ҚОНЫСЫ, қ ызылжар қыраты – Солт. қазақстан обл. қызылжар ауд. подгорный а- на дейін Есіл өз-нің оң жағалауы бойымен созылып жатыр. бұл қызылжар қыратының оңт. бөлігінде 18 ғ-дың ортасында абылай ханның малы бағылған. қоныстың шетінде астық тұқымдас шөптесін өскен бай шоқ орманды дала жатыр. кезінде А. қ-нан айдал- ған мал петропавл жәрмеңкесіне әкелініп отырған.

АВСЮК МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. сарқан алабын- дағы ақшығанақ өз-нің бастауында орналасқан. 1957 ж. көрнекті ғалым Г.А.авсюктің есімімен аталған. Ұз. 4,7 км (ашық жері 4,2 км), жалпы аум. 5 км2 . 1960 – 90 ж. аралығында мұздықтың ұз. 0,1 км-ге қысқарды. Аум. 0,8 км2 -ге, ашық жері 1,3 км2 -ге кеміді. орташа қа- лыңд. 70 м-ге, көл. 0,3 км3 -ге дейін азайды. мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн ала- ңының ауд. 2 км2 . мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. мұздықтың үстіңгі тілі 3180 м биік- тікте орналасқан. Оның моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеп, бұрынғыдан 40 – 60 м ше- гінген. мұздық туралы алғашқы ғыл. еңбек 1929 – 32 ж. жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жыл- дан қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-ты айналысады.

АДА – Каспий т. Қазақ шығанағындағы құмдауытты құмқайыр. жағалаудан кендірлі шығанағы арқылы бөлінеді. маңғыстау обл. қарақия ауд. жерінде орна- ласқан құмқайырдың бедері тегіс жазық. онда сексе- уіл, жүзгін, жыңғыл бұталары және шөлге тән сораң шөптер өседі. құрлықпен жалғасқан шығанағының ені 3 км. тайыз жерден аз мөлшерде тұщы су шығады. құмқайыр 1930 ж. зерттелген. көне түркі тілінде А. сөзі «арал» деген мағынаны білдіреді.

АДАЙКӨЛ – Қостанай обл. қамысты ауд. Адай а-нан оңт.-шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан көл. теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аум. 10,3 км2 . Ұз. 4,2 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұз. 17,6 км. негізі-нен жауын-шашынмен толысады. көктем, күз айларын- да мал суаруға, жазда шабындыққа пайдаланылады.

АДАЙ ҮСТІРТІ, А дай- ө лкейек үстірті – торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жа- тыр. қостанай обл-ның ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солт-нде қостанай жазығымен (қамыс-диевка желісі бойынша), оңт-нде ақтөбе, қа- рағанды облыстары аумағымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері обаған аңғары және сыпсыңағаш қолатымен (обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген. Абс. биікт. 300 м. үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі.

 

АДАМТАС, А дамтас шамшырағы – каспий т-нің шығыс жағалауындағы мүйіс. маңғыстау обл. қарақия ауд-нда, кендірліқиясай үстіртінің теңізге қа- раған оңт.-батысында орналасқан. мүйістің теңізге қа- раған бөлігі тік жарқабақты. Су асты тастары шығып тұрған жағалауы кеме тоқтауға қолайсыз. кезінде А. мүйісінде су асты тастарынан теңіз кемелерін сақтауға арналған шамшырақ оты болған.

АДЫРАСПАН (Реganum) – түйетабандар тұқымда- сына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. қазақ- станның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсі- ресе Шу, Іле, сырдария, сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Биікт. 20 – 50 см. сабағы бұтақты, са- лалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орна- ласады. мамыр – шілде айларында гүлдейді. жемісі – көп тұқымды қауашақ. тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. А. – бағалы дәрілік өсімдік. Оның құра- мында алкалоидтар бар. халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. сондай-ақ малдың қотырын да жазады. А-нан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны а. ш. зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. А. – улы өсімдік (құрамында бірнеше ал- калоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. АЖЫРЫҚ (Aeluropus) – астық тұқымдасына жата- тын көп жылдық өсімдіктер туысы. республикамыз- дың барлық сортаң және шөлді аймақтарында 2 түрі кездеседі. с ортаңдық А-тың (A. lіtoralіs) биікт. 20 – 60 см, сабағы көлбеу не көтеріле өседі. бұтақтары бұдырлы, жапырағы жалпақтау, түкті келеді. Көп гүлді масақтары сатылана орналасқан, ұз. 3 – 5 мм. ж ата - ған А-тың (A. repens) биікт. 7 – 30 см, жапырақтары түкті, гүл сыпыртқысы тығыз, шоғырлана орналасқан, ұз. 2 – 2,5 см. А. – ең маңызды мал азығы. өскен жері- нің құнарлылығына байланысты бір га алқаптан 2 – 40 ц шөп жиналады. Оның гүлінің құрамында протеин, белок, май, азотсыз активті заттар көптеп кездеседі. А. тұзға өте төзімді келеді.

«АЗҒЫР» ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ (әскери шарт- ты аты «галит») – бұрынғы КСРО қорғаныс мин. мен Атом өнеркәсібі мин. және бүкілодақтық экс- перименттік физ. ғыл.-зерт. ин-ты («арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. атырау обл. құрман- ғазы ауд-ндағы азғыр а-нан 15 км-дей жерде орналас- қан. Ауд. 0,6 млн. га. онда 1966 ж. сәуірден 1977 ж. қазан аралығында 17 ядр. жарылыс (165 – 1500 м те- реңдікте) сынағы жүргізілді. Ядр. қуат күші 10 – 25 кт-ға жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991 – 92 ж. осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қал- дықтары 1996 – 97 ж. көмілді). сондай-ақ бұл жерлер- де таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдар- мен ластанған. радиоактивті заттармен ластанған то- пырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексе- руден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан).

 
0
0
1036

Информационный онлайн-брифинг на тему «Международная стипендия „Болашақ“

17 февраля в  Центре  развития молодежных инициатив  прошел онлайн-брифинг, на котором представитель «Центра международных программ» из Астаны, Жазира Сейсенгалиевна, подробно  рассказала о том, как стать участником международной стипендии «Болашақ».

С 2015 года доступ к программам зарубежной магистратуры и докторантуры получили претенденты с казахстанской степенью магистра и доктора. В учебный процесс интегрирована новая программа подготовки докторантов – Split PhD.

Обучение  иностранному  языку ведется по модели «6+6», 6 месяцев – в стране, 6 месяцев – за рубежом. В Казахстане языковые курсы проводятся в Астане и Алмате.

Программа стажировок расширена категориями инженерно-технических, медицинских,  педагогических и научных работников.

Чтобы стать стипендиатом «Болашақ» в первую очередь претенденту необходимо  пройти  пороговый уровень  владения иностранным (IELTS до 5,0). Второй этап – тестирование на знание государственного языка, где из 150 баллов необходимо набрать минимум 75. После чего  претендент проходит психологическое тестирование, собеседование с комиссией в форме экзамена по четырем направлениям: история Казахстана, знание Конституции, профессиональная подготовка и знание государственных символов. В итоге Республиканская комиссия принимает решение о присвоении стипендии.

По Программе стажировка длится до 12 месяцев, а отработать необходимо 5 лет в компании, которая направила Вас.

В ходе онлайн-брифинга участники задавали специалисту вопросы, касающиеся данной Программы, особенно претендентов волновал вопрос:

- Производится ли финансирование стипендиатам? Да, все оплачивается за счет Программы.

- Планируется ли открывать языковые центры «Болашақ» не только в Алмате и Астане, но и  в регионах страны? Пока такой возможности нет, но данный вопрос рассматривается.

- Существует ли у международной стипендии «Болашақ» ординатура для медицинских сотрудников? Нет, программа включает  бакалавриат, магистратуру и докторантуру.

- Существуют ли брошюры, пособия для того, чтобы была возможность ознакомиться подробней с условиями Программы? Раздаточный материал сейчас находится на стадии разработки.

Участниками данного мероприятия стали медицинские работники, руководители отделов,представители культуры и СМИ, а также выпускники высших учебных заведений.

В дальнейшем планируется проводить онлайн-брифинги на постоянной основе.

По всем интересующим вопросам www.bolashak.gov.kz

0
0
369

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ.Н.Қасымов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді

2016 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Аталған орталықтың барлық жүйесі ғаламтормен тіркеліп, электронды планшеттер мен жұмыс барысын пайыздық көрсеткішпен есептеуге арналған экранмен қамтамасыз етілген. Басқа өңірлермен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік те жасалған. Онан  өзге, облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық, білім басқармаларының жұмысымен онлайн режимде танысуға болады. Облыстың экономикалық ахуалын талдап көрсететін түрлі бағдарламалар да орнатылған. Мұның өзі ахуалдық орталықтың жұмысының жоғары сапада қызмет көрсетілетіндігін  дәлелдейді.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Нартай Бекежанов атындағы облыстық драма театрында өткен Қызылорда облысы әкімі К.Е.Көшербаевтың халық алдында есеп беру жиынына қатысуымен жалғасын тапты. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші сараланып, облыс тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Сонан соң генерал-полковник Қалмұханбет Қасымов Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап құрылған жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысты.

Қызылорда облысындағы жергілікті полиция қызметінінің жалпы штаттық бірлігі 1006,5-ті құрайды. Облыстық маслихаттың кезекті 42 сессиясының шешімімен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментіне  облыс бюджетінен 4 млрд. 574 млн. 346 теңге бөлініп, оның 2 млрд. 100 млн. 812 мың теңгесі жергілікті полиция қызметін қамсыздандыруға қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының Сыр өңіріндегі жұмыс сапары ОІІД, қалалық ішкі істер басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Көліктегі ішкі істер бөлімі сынды ішкі істер  органдарының басын біріктіріп отырған «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысумен қорытындыланды.

Жұмыс сапарының соңында, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов полиция қоғамның өзіне деген сенімін арттыратындай етіп жұмыс жасауы керектігін ескерте келе, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті басшылығына облыс аумағындағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін мүлтіксіз орындау бағытында нақты тапсырмалар берді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 
0
0
580

Неге қазақтар қазақша сөйлемейді?

Тіліңді ұқпай, басқасын білу – не теңің?

Бір күні сен де өтерсің жазғы жаңбырдай.

Қазақ боп келдің өмірге,

одан кете біл,

Қазақша, яғни жаман сөз артта қалдырмай!

 

Соңғы санақтың алғашқы мәліметтері бойынша, тәуелсіз Қазақстанның төлұлты 67 пайызды құрап отыр. Сол 67 пайыздың ішінен 60 пайыз қазақ өз  тілін жетік меңгермеген. Біздің ана тіліміз «Қызыл кітапқа» кіретін халге жетті деп айтуға болады. Бұл тұжырымнаң себептері халқымыздың тарихы және қазіргі таңғы халқымыздың көз қарастарында табылады.

Қазақ жері ғасырлар бойы Ресейдің қолында болған. Біздін ата-аналарымыз совет заманының соңғы буыны. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрамында болып, қазақ халқы өзінің мәдени және дәстүрлі құндылықтарынан айырыла бастаған.  КСРО идеологтарының мақсаты орындалып, қазақтар орысша білім алатын болды. Сол кезде жақсы білім тек орыс мектептері мен институттарында берілген. Сонымен қатар орыс тілі - білім тілі, аристократия тілі, даму тілі деген  таптаурындар қалыптаса бастаған.  Бұл Совет үкіметінің саяси жоспарларының бірі – КСРО идеологиямен Совет азаматының бейнесін құрау (советский гражданин).

 

Олардың саяси әрекеттерінің салдары әлі күнге дейін социумымызда байқалады. Бүгін «қазақ тілі - ауыл тілі» деген таптаурын нықтай орнап барады,  өйткені көп жағдайларда ауылдан шыққан азаматтар ана тілімізде еркін түрде ойын жеткізе алады. Егер қалалар жылдам серпінмен өзгерістерді тез меңгеріп, жаһандануға ұмтылса,  ал ауылдық аудандар, керісінше, халық  дәстүрін, ата-баба салтын және ана тілдік құндылықтарды сақтап отырады. Бұл ассоциациялар қазақ тілді менгеру идеясын жас қоғамға дұрыс түрде насихаттамайды. Бұл стереотипты бұзу үшін, менің ойымша, мектептерде қазақ тілі сабақтарын көбейтіп, жоғарғы деңгейде өткізілуі абзал болар еді. Сол кезде ғана қазақ тілінің деңгейі жас қоғам арасында құрметтеліп, еркін түрде дами бастайды.

Кей қазақ азаматтары қазақ тілінде акцентпен сөйлеп немесе грамматикалық қате жасаған басқа қазақ азаматына кекетіп, мысқылдап қарауы, менің ойымша, орынсыз әрекет. Ендеше, сіздердің ойлауларыңыз бойынша, ол азамат қалай қазақ тілін үйренеді? Еңсесі түскен адам, әрине, бірден өзі жетік меңгерген орыс тілінде сөйлей бастайды.

 

Егеменді еліміз национализация жобасы бойынша, 2020 жылда әрбір азамат қазақша еркін сөйлеу керек. Бұл жоба «Казахизация - 2020» деп аталады. Осы мақаладағы себептерді еске алып, бір бірімізге мейірімділік білдіріп, қателерімізді түзеп, көмек қолын беруді асығайық, ағайын! Сонда қазағымыз қазақша сөйлеуге тырысады.

 
-1
1
4489

құрмет

Адалдық-честность

Шындықтың нұрына –ешқандай тұман қарсы шыға алмайды.

Ф.МДостоевский

Шыншылдық-адам .бойындағы жақсы қасиеттердің бірі. Ол өмірдің толыққанды болуына көмектеседі, себебі біздің ішкі  және сыртқы «меніміз» айнадағыдай бір-бірімен шағылысады. Бұл кәдімгі теңдесі жоқ бриллиант сияқты толықтай мөлдірлік ,толықтай айқындық. Ол өте жақсы қарым-қатынасты тудырады, себебі басқаға  деген сүйіспеншілікті , құрметті және үлкен сенімділікті қалыптастырады және де Әлемнің махаббатын тартады.

Адал болу-пайдакүнемдік мінезден  аулақ болу.

Адал  болу-өз қателігіңізді мойындап, екінші қайталамау.

Адал болу-ішкі жан  дүниеңізде болып жатқан жағдайларды түсіне болу.

Патша мен бір түйір дән

Ертеде бір мемлекетте патша өмір сүріпті. Ол жасы келіп, қартайып өзіне мұрагер тауып қалдырмақшы болады. Күндердің бір күнінде патшалығындағы барлық тұрғындарды сарайға жинап, жиналған жұртқа  бір түйір дәннен таратып беретінін , сол дәннен өскен ең әдемі гүлді таңдап алатынын, гүлді өсірген   адамның өзінің мұрагері етіп тағайындайтыны жөнінде хабарлайды.  Барлығы қолдарына дәндерін алып, енді көктемде гүлдерімен келуге уәделесті.

Сол жиналғандардың ішінде Айжиһан есімді қыз болады. Ол да дән алып үйіне келеді. Ол ең әдемі ыдыс алып , оның ішіне ең жақсы топырақ салып дәнді отырғызады. Гүлді күн көзінің жақсы түсетін жеріне қойып, күнде су қойып, батай бастайды. Бірақ, дәннің өсетін түрі жоқ. Барлық күш-жігерін  жұмсайды. Бар сүйіспеншілігін аямай баптап күтеді. Көктем шықты, бірақ ыдыста өскен гүл көрінбеді.

Сонымен, уәделескен күн де келіп жатты. Терезенің жанынан қолдарына көздің жауын алатындай әдемі гүлдерін көтеріп бара жатқан адамдарға қарап, Айжиһанның көңілі түсіп қалады. Отбасындағыларға өзінің ұялатынын айтады. Сонда әкесі : «Сен қолыңнын келгенініннің бәрін жасадың. Шынайы еңбек еттің. Енді патшаның әмірін орындап, сарайға баруың қажет. Сен не өссе де көрсетемін деп уәде бердің емес пе?!»-деп айтады.

Қыз дән  егілген ыдысын көтеріп сарайға кетеді. Сарайдың іші небір әдемі гүлдер мен иәстерге толып кетіпті. Айжиһан  көзін төмен салып үндемей отырады.

Бір уақытта патша шығып, өзінің мұрагерінің кім екенін айтамын деп жариялайды. Патша Айжиһанның жанына келіп қолын ұстап , сарайдың ортасына алып шығады. «Міне,менің мұрагерім,ол нағыз адал тұрғын, патшалықты әділдікпен басқарады. Ал, дәнге келсек, дән қуырылған болатын, одан гүлдің өсіп шығуы мүмкін емес. Сіздердің мынадай  керемет гүлдерді қайдан алғандарыңызды білмеймін . –Айжиһан сен нағыз батыл, ержүрек, адал  жансың . менің алдымда шындықты жасырмадың. Жарайсың. Сені өзімнің мұрагерім етіп жариялаймын»-деді.

Құрмет-уважение

Адамның адамға деген  құрметі-ізгіліктің негізі.

Уильям Годвин.

«Құрметтеңіз-сонда сіз де құрметке лайық боласыз»-бұл нағыз ақиқат. Өзін құрметтеген  адам ғана өзгені қадірлей алады.

Үлкен механизмде кіп-кішкентай бұранданың маңызды рөлі бар. Сол сияқты әрбір адам осы өмірде маңызды. Әрқайсысы қайталанбас тұлға.

Кейде тіптен біреудің жағымсыз іс-әрекетін көріп қалсақ, келесі де ол өзін жақсы жағынан көрсетіп жатады. «Ол үнемі осындай іс-әрекет жасайды»,- деп төмендетіп айтып отырады. Ал, ол адамның өзі туралы да осындай  сөздердің айтылатынын білсе ғой. Ұқсастық ұқсастықты тартады.

Құрмет бар жерде, өзара түсіністік бар. Өз айналаңыздағыларды және солардың әрқайсысын құрметтеңіз. Сізге біреуді түзеу керек болса алдымен  ол адамға құрмет көрсетейік. Ол адамның сізбен келісуі оңайға соғады.

Арадағы қарым-қатынас қолдау мен  сенімділіктің негізінде нығая түседі. Әрбір адамның ішкі жан дүниесі құрметке лайық осыны ұмытпайық, есте сақтасақ, барлығы орнына келеді.

Құрмет-ол тамаша кеңістік ,бұл кеңістік тәуелсіздікті сақтауға ,әрі айналаңа  жақын болуға көмектеседі.

 
0
0
539

Жемісті тілдесуге қалайша дұрыс дайындалу керек?

Колледж түлектеріне арналған «Жемісті тілдесуге қалайша дұрыс дайындалу керек?» тақырыбындағы мастер-класс өткізілді.

Білімді шындау, қабілетті жетілдіру, сонымен қатар басқалардан ажырататын ұғым мен дағдылармен қарулануға көмектесетін стратегияларды меңгеру мақсатында, Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-нің нысанында «ECI» ағылшын тілі орталығы мен ИнЕУ жанындағы психологиялық көмек орталықтарының бірлескен  Павлодар қ. колледждерінің түлектерімен «Жемісті тілдесуге қалайша дұрыс дайындалу керек?» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

Іс-шараға Елена Гиркина, Надежда Ладыгина және Алексей Садыков шақырылды.

Осы мастер-класс өткізу аясында оқушылар стратегияны меңгеру шарттарымен туралы толық ақпарат алды.

 
0
0
444

Жемқорлық профилактикасы

2016 жылдың 12 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен облыстық білім беру басқармасында «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Семинар жұмысына Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармаларының қызметкерлері мен білім басқармасына қарасты мекемелер басшылары қатынасты.

Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, сыбайлас жемқорлық профилактикасы бойынша видеороликтер көрсетілді.

 
0
0
414