Мазмұнға өту

Жаңа

Кейбір қателіктердің өзі бақытқа бастар үлкен жолдың жемісі.

... Өткенге оралатын болсақ сізде және сіздің дос балаңыз немесе құрбыңыз екеуіңіздің араларыңызда бәрі жақсы, бәрі бар. Бақытқа толы сәттер, қуанышы мол күндер. Айналаңыздағы достарыңыз сіздердің қарым-қатынастарыңызға қызыға да қызғанып, тамсана да таңданып қарайды. Бірақ, уақыт өте келе өз ара түсініспеушілік туындап , келіспеушіліктер көбейіп, сенім жоғала бастайды. Әлгінде сіздерге қызығып, тамсанған достарыңыз сыртыңыздан күліп, әңгіме айта бастайды. Ал сіздің көкейіңіздегі : «Неге олай? Қай тұста қателестім? Ол неге олай өзгерді? Басқаны таңдауға не себеп?» - деген сияқты сан алуан сұрақтар сізге маза бермей, тынышыңызды ала бастайды. Ең бастысы бұл соққыға төтеп беріп, сізге күле қарағандарға басыңызды тік ұстап, өмірден өз орныңызды қайта таба білу. "Мен біреуді сүйген едім, ал о…

5
0
2308

18 марта 2016 года в 11.00 в ТРЦ «Керуен» состоится церемония открытия I Республиканской выставки-ярмарки «Ұлы дала жәрмеңкесі».

Астана. 18 марта 2016 года в 11.00 в ТРЦ «Керуен» состоится церемония открытия I Республиканской выставки-ярмарки «Ұлы дала жәрмеңкесі». В рамках мероприятия предусмотрены выставка и продажа ремесленных изделий и сувенирной продукции и показ модной одежды с национальным колоритом. Будут также проведены бесплатные мастер-классы для всех желающих по изобразительному искусству, работе с войлоком, резьбе по дереву, плетению корзин, гончарному делу. Цель выставки-ярмарки «Ұлы дала жәрмеңкесі» - популяризация и сохранение ремесленных традиций нашего народа, а также демонстрация потенциала мастеров ремесленников Казахстана, желающих участвовать в выставке ЭКСПО-2017 со своими изделиями. В выставке-ярмарке примут участие более 70 ремесленников со всех регионов Казахстана. В программе предусмотрен…

0
0
544

Мемлекеттік тіл – менің тілім!

Ақтоғай ауданыңда өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар арасындағы конкурсы өткізілді. Ақтоғай ауданының орталық кітапханасында өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық жастар арасындағы конкурс өткізілді. Конкурсқа қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерінің жастары қатысты. Конкурстың мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге ұлт өкілдері арасында азаматтық және қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу.Әділқазы алқалары қатысушыларды 3 тапсырма бойынша бағалады: 1 тапсырма – өзін өзі таныстыру 2 тапсырма – мәтінді қазақ тіліне аудару және дұрыс жазылуы 3 тапсырма – қазақ ақын – жазушыларының шығармаларын орындау. Өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты аудандық…

0
0
712

Өзіміздің өнім өзгеден артық

Елімізде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін іргедегі Қытайға сатудың қандай қиындығы бар? Соңғы кездері дәл осы тақырып қозғалғалы бері қисынды-қисынсыз әңгіме де көбейіп кетті. Онсыз да қазақтың еті мен қауын-қарбызы берісі Ресейде, арысы Еуропада саудаланып жатыр емес пе? Мыңдаған шақырымға шаршамай жеткізген қандастарға дәл иектің астында тұрған көршіге тасымалдау әлдеқайда жеңіл ғой. Оның үстіне, кәрі құрлықтағы барша елді қосып санасаң да 1,3 млрдтан асқан қытайыңның жартысына да жетпейді. Осыншама алып нарық жанымызда жатқанда біз «ол жаққа сату керек пе, өзімізге де жетпей қалмай ма, қытайың ала ма?» деген сыңаржақ сөзді қарша боратып жатырмыз. Тоқтаңыз, алдымен дәл сол көршіміздің өзі қоймай сұрап жатқанын білесіз бе? «Қазақтың өнімдерін сату менің жұмысым» – Қазақтардың ауыл ш…

0
0
635

Әкенің рөлі

Жүздеген мамандық пен кәсіп түрі бар. Бірі темір жолын құрайды, басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Сөйте тұра, күзетшіден бастап министрге дейін барлық кәсіп иелерін алмастыруға болады. Орнын толтыруға болмайтын бір ғана мамандық бар. Ол – ұлға әке болу. «Әке көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер», «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды» деген нақылдар «әке» мамандығының қадір-қасиетін артық ауыз сөзсіз-ақ ұғындырып тұр. Айтпағымыз басқа арна. Мақаламыздың жүрегі – «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» деген хадис мәтіні болмақ. Әу баста өзінің белінде су болып, ертең ұрпағын жалғастырушы, мұрагер атанатын ұл бала әрбір әке үшін қымбат. Және ол баласына бойындағы барын да, нәрін де бергісі келеді. Ендеше,…

-3
0
1966

Мейірімділік.

Мейірімділік. Мейірімді болу – яғни, басқа адамның сезімін түсінуге иждаһаттық білдіріп және сол сезімге жауап беру. Мейірімді жүректе күш, кешірім, даналық өмір сүреді. Басқаларды түсініп, айналаны қалай бар, солай қабылдаған мейірімді адамға, жаман сезімнің болуы мүмкін емес. Мейірімділік басқа адамға көмектесу үшін, өз басына пайда әкелетін істеп оңай бас тартуға көмектеседі. Мейірімділікті бәйтерекпен салыстыруға болады: бәрінен биік және ешкімді, ешнәрсені төмендетпейді жәй ғана барлығына қорған болып тұрады. Кімде-кім мейірімділік іспен айналысса, ол адам қорқыныштан еркін болады. Ол адаммен жүргендер де қорқынышты сезінбейді. Өте тамаша. Себебі, адам бойындағы стресс, күйзелістер әр түрлі қорқыныш, үрей сезімдерінен туады. Өзіңіздің пікіріңізді айтарда кеңпейілділік танытыңыз. Осы…

0
0
2301

«Ертіс» футбол клубының презентациясы

Құрметті  футбол сүйер қауым! 11 наурыз күні сағат 18:00 де Жастар бастамаларын дамыту орталығында  «Ертіс» футбол клубының презентациясы өтеді. Клуб мүшелерімен кездесіп, естелік суретке түсуге мүмкіндік аласыз. Қапы қалмаңыз, жанкүйер!

Біздің мекен- жайымыз: Ломов көшесі 38.

Байланыс телефоны: 66-12-45

0
0
321

Тұрғындар мүмкіндікті мүлт жібермеді

Тұрғындар мүмкіндікті мүлт жібермеді Ағымдағы жылғы 26 ақпанда Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Тайынша ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды жеке қабылдады. Мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысқан ауданның мемлекеттік қызметшілері мен тұрғындары мемлекеттік қызметке өту және оны өткеру, «Болашақ» стипендиясын иелену, сонымен қатар «Е-қызмет» жүйесінің жұмысына қатысты мәселелерімен көмекке жүгінді. Департамент басшысы барлығы 5 адамды қабылдап, олардың сұрақтарының әрқайсысына тиісті жауаптары мен түсіндірмелерін берді. Департаменттің «Нұр Отан» ХДП СҚОФ бірлескен жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге ыңғайлы және олардың мемлекеттік органдарға деген сенімін артты…

0
0
457

Колледж студенттерінің мемлекеттік қызметтегі бір күні

Ағымдағы жылғы 2 наурызда Петропавл құрылыс-экономика колледжінің студенттеріне мемлекеттік қызметтің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігі берілді. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыстық департаментімен ұйымдастырылған «Менеджмент күні» акциясы аясында «Заңгер» мамандығының студенттері Департамент жұмысының түрлі бағыттарын таңдап, Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық профилактикасы, мемлекеттік қызмет саласында бақылау, мемлекеттік қызметтер және әкімшілік басқармаларының қызметімен толығырақ танысты. Ал олардың екеуіне Департамент басшысының орынбасарларымен күні бойы етене қызмет ету мүмкіндігі бұйырды. Ұйымдастырушылық кеңес барысында мекеме басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғ.С. Тұрсынбаев Департамент жұмысының басым бағыттарына тоқталып, әрқайсысының күн тәртіб…

0
0
543

Астанада шоколадтан жасалған бұйымдар көрмесі өтеді

18 наурызда әлемдік тур аясында елордада «Nikolya» шоколад музейі» танымал авторлық көрмесінің ашылуы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары шоколад тарихымен және танымал шебер-шоколатье Николай Поповтың шоколадтан жасалған заттарымен танысып, өз қолдарымен шоколадтан түрлі бірегей заттар жасау мүмкіндігіне ие болады. Әйгілі көрме әлемнің 40-тан астам қаласында болып, оны жарты миллионға жуық адам тамашалаған. Астанада өте жоғары сападағы шоколадтан жасалған 300 астам өнер туындысы көпшілік назарына ұсынылады. Жалпы салмағы 700 кг артық шоколад пен марципан мүсіндер, шоколад багеттермен жиектелген картиналар, шоколад миниатюралар, инсталляциялар, композициялар және т.б. бұйымдар болады. Басты ерекшелік - Қазақстанға, соның ішінде Астанаға арналған шоколад заттардың арнайы сериясы жасалады.…

0
0
618