Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Болашақ инженерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 09 наурызында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) мен Қазақ қатынас жолдары университетімен бірлесе отырып,   «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформа  «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары  мен  2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруды талқылау» тақырыбында  семинар-кеңес өткізілді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, 2015 жылғы 30 қарашадағы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауы және бірінші институционалдық  реформа аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары кәсіби мемлекеттік аппарат құру тетіктерін жүзеге асыру және   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің kyzmet.gov.kz сайтында орналасқан жұртшылықпен өз-ара іс-қимыл  ынтымақтастық «Ашық келісімге» қосылу  тетіктері  жөнінде жан-жақты түсіндірді.

Оқытушы, саясаттанушы Әлішова Анар «Жастардың мінез-құлқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада университетте «таза сессия» акциясы, білім беру процесін жетілдіру мақсатында тұрақты түрде   әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп  тұратындығына және  ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәселелері дұрыс жолға қойылып,  сонымен бірге  сенім  жәшіктері   арқылы студенттер өз пікірлерін толық білдіре алатындығы жөніндегі мәселелерге  тоқталды.

Қазақ қатынас жолдары университеті мемлекеттік емес, коммерциялық емес негізде құрылған, университет құрылыс, көлік және коммуникация кешендері мен ҚР экономикасының  барлық салалары бойынша мамандар дайындап жатқандығы жөнінде мәлімдеді.

Семинар-кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарда бейне роликтер көрсетілді.

0
0
477

Осы тақырып бойынша

Болашақ инженерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz