Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұстаздар мен ата-аналар Елбасы реформаларын қолдайды

2016 жылдың 11 ақпанында Алматы қаласы Бостандық ауданындағы  №138  өнер гимназиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті  мен Алматы қаласының  Білім басқармасы бірлесе отырып,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа заңдар мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында  семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Департаменттің, Алматы қаласы Бостандық ауданы білім бөлімінің қызметкерлері, гимназияның ұстаздары мен ата-аналар қатысты.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  басқармасының бас маманы С. Оразов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институтционалды реформасы  аясында «100 нақты қадам» Ұлттық Жоспары мен 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген  Қазақстан Республикасының жаңа заңдары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясын жүзеге асыру мақсатындағы  мәселелерге тоқталды.

Өнер гимназияның директоры  Әлия Елеманова   Елбасының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен білім беру салаларында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсыөскелең ұрпақтың құққықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Ата-аналар кеңесінің төрайымы Қымбат Алғазықызы гимназияның белгіленген бағдарламасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

Семинарға қатысушы ата-аналар  білім саласында сыбайлас жемқорлықты барынша төмендету жөніндегі ұсыныстарын ортаға салып,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәселелерге  байланысты пікір алысты.   Қатысушылар өздері қызықтырған  сұрақтарға толыққанды жауап алды.

0
0
300

Осы тақырып бойынша