Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Энергетика салысының студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы

2016 жылдың 18 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері 2015 жылдың 30 қарашасындағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және 2016 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енген ҚР заңдарын насихаттау мақсатында Энергетика және байласныс Алматы университетінде профессорлық оқытушы құрамы және студенттермен кездесу өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілдері Асхат Байұзақов пен Нұрбол Бейсеков ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл», «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заңдарының негізгі бағыттарын айтып өтті.

Тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма басшысы Зарема Абдуллина Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру бағытында, яғни сессияны таза өткізу, студеттердің университет басшылығына сенімін арттыру жөнінде жасалып жатқан жұмыстар туралы Департамент өкілдерін және қатысушаларды хабарландырды.

0
0
447

Осы тақырып бойынша

Энергетика салысының студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы - Yvision.kz