Түркияда «Қазақ елі» басылымы жарық көрді (ФОТО)
Қазақ және түрік баспасөзі «Қазақ елі» деп аталатын жаңа басылыммен толықты. Жаңа журнал Ыстамбұлда қазақ және түрік тілдерінде басылады. «Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының бастамасымен жарық көрген «Қазақ елі» атты журналымыз қазақ және Түркі әлеміне пайдалы болуына тілектеспін. Жарық көрген журналымызда Қауымдастығымыздың іс-шараларын қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтарын құрметті оқырмандарға жеткізіп, арамыздағы жетістіктерді таныстыра отырып, мәдениетімізден де үзінділер ұсынамыз. Түрік әлемінде болып жатқан күнделікті жаңалықтарды зерттей отырып, Сіздерге жеткізуге тырысамыз», - деді Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының президентті Серкан Дінштүрік. Журналдың алғашқы санында Еуразия университетінің журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры На…