Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шет тілдер және іскерлік карьера Университеті Ел басының реформасын қолдайды

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаменті (әрі қарай - Департамент) 2016 жылдың 01 наурызында Шет тілдер және іскерлік карьера Университетімен бірге «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бекіткен бес институционалдық реформа» «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары және 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асырудың барысын талқылауы тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің kyzmet.gov.kz сайтында орналасқан Ашық келісімге қосылу арқылы жұртшылықпен өз-ара байланыс, кәсіби мемлекеттік аппараты және ұлттық жоспардың, 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру механизмдері бойынша Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері Департаментінің, Сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин түсініктеме берді.

Тәрбие жумысының проректоры Гүлназ Бейсенбекова  Шет тілдер және іскерлік карьера Университетінің 2005 жылдан бері мемлекеттік және коммерциялық емес білім ордасы – бұл көп сапалы жоғарғы кәсіби білімді мамандар дайындайтын жалпы білімдер бағдарламаларын жүзеге асыратын және мамандықтардың кең спектірлері бойынша жоғарғы оқу орнының тәжірибелік білім беру жоғарғы оқу орны екенін атап отіп университетте сыбайлас жемқорлықтың жоқ екенің,  себебі студенттер тапсыратын емтихандар, тесттер электрондық жүеде тапсырылады.

Проректордың кеңесшісі Ұлан Абдыхалықов жас мемлекеттің дамуы үшін оның әр азаматы кішкентайынан мектепке дейінгі мекемелерден, орта және жоғарғы оқу орындарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызу керектігін және құқықтық мәдениетің қажеттілігі туралы айтты.

Студенттер ХҚКО (ЦОН) қызметкерлерінің азаматтарға қызмет көрсетудегі сыпайылықтың қажеттілігі туралы, бузушылық болған жағдайда Министрліктің қандай шаралар қолданатыны, Egov электрондық жүйесін жетілдіру,   мемлекеттік қызметке жумысқа туру механизмдері туралы белсенді сурақтар қойды. Қойылған сурақтарға толық жауаптар берілді.

Дөңгелек үстел сурақ – жауап форматында өтіп, сыбайлас жемқорлық тақырыбына видео роликтер көрсетілген.

0
0
1410

Осы тақырып бойынша