Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесі өзінің қызметтік міндеттеріне кірісті

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы «Әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы» № 156 Жарлығына сәйкес 2016 жылдың 12 ақпанында Алматы қаласының Әдеп жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы (әрі қарай – Департамент) Бақтияр Камалов мәжілісті ашып, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі тарапынан бекітілген Әдеп жөніндегі Кеңестің 13 мүшесімен таныстырды. Әдеп жөніндегі кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы, бизнес – қауымдастықтары  мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кірді.

Отырыс барысында Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі, Департамент басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылдың 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» №153 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың басынан сыбайлас жемқорлықты  алдын алуды күшейту мен  мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданғаны туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары, қолданыстағы заңнамалардағы жаңалықтар  жөнінде және   Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Жайлаубай Ерлан Дүйсенбекұлына жүктелгендігі туралы ақпараттар ұсынылды.

Кеңес мүшелері Алматы кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Виктор Ямбаев, Алматы қаласы маслихатының хатшысы Қалдыбай Қазанбаев  бірінші институционалдық реформасы аясында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарындағы «Кәсіби автономдық мемлекеттік аппаратты  қалыптастырудағы  Әдеп жөніндегі кеңестің  маңыздылығын атап өтті.

Мәжіліс мемлекеттік, құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ  өкілдерінің қатысуымен өтті.

0
0
372

Осы тақырып бойынша