Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сорбонна – Қазақстан институты сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін

2016 жылдың 16 ақпанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі - Департамент) Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна – Қазақстан институтында (бұдан әрі - Институт) білім беру саласында сыбайлас жемқорлықтың қатерлерін жою мен алдын алу мақсатында студенттер мен оқытушы құрамдарының қатысуымен кездесу өткізді.

Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин 2015 жылдың 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен ҚР Қылмыстық кодекстерінің негізгі бағыттарына тоқтала келе,  сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық  көріністері туралы хабарлаған немесе  жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларының  тәртібі  жөнінде айтып өтті.

Алматы қаласында  80 мемлекеттік органның 50-уі мемлекеттік қызметтерді  бекітілген стандарттар мен регламенттер негізінде көрсетіледі.   Мақсатхан Анапин қатысушыларды жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетін тұрақты түрде жетілдіріп отыруға шақырды.  Сонымен қатар,  мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделдері, мемлекеттік қызметке орналасудың  үш кезеңнен тұратын тәртібі, мемлекеттік қызметке алғаш рет орналасқан қызметшілерге  арналған арнайы жұмыс жоспары мен тәлімгерлік туралы студенттерге өз ойын білдірді.

Институт директоры Гүлмира Нұрлыхина Департамент өкілдеріне алғысын білдіре келе, институт 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандығына және Казақстан мен Франция Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Франсуа Олландтың қатысуымен ашылғандығына  тоқталды. Сонымен қатар,   институтта оқытудың негізгі бағыттарына, студенттердің 7 мамандық бойынша үш шет тілінде білім алып жатқандығы туралы  атап өтті.

Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнероликтер көрсетілді.

0
0
395

Осы тақырып бойынша

Сорбонна – Қазақстан институты сыбайлас жемқорлықсыз қоғам үшін - Yvision.kz