Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын «Елімізде еркін өмір сүріп, болашағымызды көркейтеміз» ұранымен қолдайды
2016 жылы 23 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Қазақстан-Британ техникалық университетінде (әрі қарай - ҚБТУ) Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және 2015 жылғы 30 қарашадағы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» туралы Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы Мақсатхан Анапин Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру және Ұлт жоспарының бірінші реформасында қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппарат құру мен мемлекетіміздің қызметтік жүйесінде нақты іс-әрекеттердің қалыптастыруын анықтау мәселелеріне тоқталды.
Мемлекеттік органдар мен оның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты 69 баптан тұратын «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды.
Студенттердің назарына мемлекеттік қызметке тұрудың жаңа шарттары меритократия қағидасынан тұратын мансаптық өсу үлгісі яғни жаңадан қабылданған қызметкерлер өз қызметтерін ең төменгі сатыдан басталатындығы туралы жеткізілді.
Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заңды түсіндіре отырып, заңға сәйкес мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау жөнінде мониторинг және талдау жұмыстары жүргізілуде.
ҚБТУ профессоры Ольга Несіпбаева университетте 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты элективті пән енгізілгенін атап өтті. 100-ден астам студенттер өздерінің бастамасымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру жөнінде, елімізде еркін өмір сүріп, болашағымызды көркейтуде өз үлестерін қосуда. Ең маңыздысы университетте жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және деңгейін төмендету мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығы жөніндегі мәселелерге тоқталды.
Іс-шара баспасөз ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен пікір алмасу түрінде өткізілді.
