Қызылордада Ішкі істер органдарының құрамалары волейбол алаңында жолдастық кездесулер өткізді
Ағымдағы жылдың 13 наурызында Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ-нің Қызылорда облысындағы дербес департаменттері мен бөліністерінің құрама командалары арасында «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының спорт залында волейболдан жарыс өткізілді. Спорттық додаға Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінен 2 құрама команда, Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі, Қызылорда облысы Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан 5547-әскери бөлімі қызметкерлерінен жасақталған барлығы 7 команда қатысты. Екі топқа бөлінген командалар өзара кездесулер өткізіп, әр топта үздік өнер көрсеткен топтар жүлделі орындарға таласты. Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті,…