Оралдағы мектептерде профилактикалық шаралар белсенді жүргізілуде
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясында тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухына тәрбиелеу керектігі аталып өтілген.
Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мен құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Орал қаласындағы жалпы білім беретін орта мектептерінде жемқорлыққа қарсы сабақтан тыс шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Осындай шаралардың бірі 2016 жылдың 14 наурызда №9 ЖББМ-де «Жемқорлықпен бірге күресеміз» атты тақырыпта өткізілді.
Іс-шараның ұйымдастыруына мектеп мұғалімдері, ата-аналар, сонымен қатар 11 сыныптар оқушылары ат салысты.
Шарада оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күресте өз ойларын айтты. Шара екі топта өткізілді. Бірінші топтың оқушылары заңгердің, саясаткердің және депутаттың, екінші топ профессордың, БАҚ өкілдерінің және кәсіпкерлердің рөлдерін сомдады.
Шарада қозғалған әр тақырып балаларда нақты пікір тапты, өйткені талқылау барысында олар өз отбасылары мен еліне деген махаббатын, Қазақстанның болашағын жемқорлықсыз көретіндіктерін және әділдік, адалдық, ар-ұяттылық туралы ойларын білдірді.
Іс-шарада Департаменттің өкілі Маншук Харесова қатысып, өз сөзінде біз күткен нәтиже, адалдық, сатылмаушылық және әділдік әр адамның ойында болуы керектігі жөнінде балалардың санасында қалыптастыру және нығайту екендігін атап өтті.
