Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Таиланд корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Нат Пиниоваттаначип сенім граматоларын тапсырды.
Мемлекет басшысы бұл рәсім олардың жеке дипломатиялық тарихтарындағы жаңа белеске айналатынына назар ау­дарды.
– Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар, қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталғалы тұр. Сіздерді құттықтай оты­рып, Қазақстандағы жауапты да мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті дипломаттар өз қызметтеріндегі жаңа кезеңді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бастап отырғанын атап өтті.
– Бұл тарихи тұрғыдан қысқа кезең біздің еліміз үшін ауқымды өзгерістердің дәуіріне айналды. Мемлекеттілікті ны­ғайту, заманауи нарықтық экономика құру, қоғамды жаңғырту жөнінде орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінде біздің елдің басты сипаттары – саяси тұрақ­тылық, этносаралық және конфессияара­лық келісім, халықаралық істердегі се­німділік пен жауаптылық, тиімді әлеу­меттік-экономикалық өзгерістер, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы ара­сындағы 2016-2020 жылдарға арналған негіздемелік серіктестік бағдарламасы ынтымақтастықтың жаңа сапалы дең­гейіне шыққанын көрсететініне назар аударды.
– Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасымен өзара іс-қимыл негізгі үш векторды қамтиды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Семей облысын аймақтық дамыту жөніндегі бірлескен бағдар­ла­масын оң бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Израильмен ын­тымақтастықтың аясын кеңейте түсуге айрықша мән беретінін айтты.
– Сауда-экономикалық ынтымақ­тастық біздің қарым-қатынасымыздың маңызды бөлігі болып саналады. Бүгінде Қазақстанда Израиль капиталының қатысуымен жұмыс жүргізетін 270-тен астам кәсіпорын тіркелген. Қазіргі дағ­дарыс жағдайында барлық бағыттар бойынша қауымдасуды кеңейте түсу үшін күш жұмылдырудың маңызы зор. Ақпараттық технологиялар, инновация, медицина және ауыл шаруашылығы перспективалы салаларға айналып отыр. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу тұрғысынан біз Израиль­дің озық технологияларына және бала­малы энергетика саласындағы жаңа­лық­тарға мүдделіміз. Израильдің Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда ай­мағы жөніндегі келісімге қол қоюға ұмтылысын біз қолдаймыз. Израильдің Премьер-министрі Б.Нетаньяхудің Астанаға жоспарланып отырған ресми сапары екіжақты байланыстарды те­реңдетуге серпін береді деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті елімізді Өзбек­стан және Әзірбайжанмен туыс­қандық қатынастар мен ғасырлар тари­хынан тамыр тартатын достыққа, өзара құрметке негізделген берік дәстүрлер бай­ланыс­тыратынын атап өтті.
– Елдеріміз арасындағы ортақ шекара екіжақты қарым-қатынастардың жан-жақты дамуын алдын ала айқындап тұрады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Өзбекстанды Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес ретінде қарасты­ратынына назар аударды.
– Өткен аптада екіжақты ынтымақ­тастық жөніндегі Бірлескен үкіметара­­­лық комиссияның 15-отырысы өтті. Қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру Қазақстан-Өзбек қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығарады деп сенемін. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша біздің тиімді ықпалдасуға мүмкіндігіміз бар. Өзбекстан Президенті И.Кәрімовтің біздің елге сапары кезінде жасалған уағдаластыққа сәйкес, мен маусым айында Ташкентке барып, сонда өтетін Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының кезекті отырысына қатысуды жоспарлап отырмын, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Әзiрбайжан Қазақстан үшін Кавказ өңіріндегі стратегиялық
серіктес екенін атап айтты.
– Біздің елдеріміз энергетика және транзит-көлік, ауыл шаруашылығы, туризм,
білім беру салаларында және басқа да бағыттар бойынша белсене ынтымақтасып келеді. Жақында ғана маған Әзiрбайжан Президенті Ильхам Әлиевтен Әзiрбайжанға ресми сапармен бару жөнінде шақыру келді. Мен бұл шақыруды ықыласпен қабыл аламын. Дипломатиялық арналар арқылы нақты мерзімін келісерсіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Таиланд Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы маңыз-
ды серіктесі болып саналатынына тоқталды.
– Астана мен Бангкок арасындағы өзара іс-қимыл өзара түсіністік және сенім ыңғайында дәстүрлі түрде дамып келеді.
Таиланд басшылығына Азиядағы зара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі үдерісін,  әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясында дінаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Біз Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік логистикасы салалары бойынша жемісті ынтымақтастықты арттыра түсуге әзірміз.
Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы тығыз қауымдасу сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін керемет мүмкіндікке жол ашады, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысушыларды Астанадағы дипломатиялық жұмыстарының басталуымен және алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, қонақжай Қазақстан жерінде өткізетін күндерінің жайлы болуына тілектестігін білдірді.
– Сіздердің қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ын-
тымақтастықтың әлеуетін барынша арттыра түсуге бағытталады деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.
Н.Шимомура орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан мен БҰҰ арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғаса беретініне сенім білдірді.
М.Бродский Қазақстан мен Израиль халықтарын ортақ мүдде мен өзара ілтипатқа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын айтты.
– Таяуда Қазақстан алғаш рет Алғыс күнін атап өтті. Біз үшін бұл мереке Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға қоныс аударған еврейлерге көрсетілген қонақжайлылық үшін сіздің халқыңызға тағы да алғыс білдірудің бір мүмкіндігіне айналды. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Израиль елшісі.
И.Назаров Қазақстан және Өзбек халықтарының руханияты, тарихы және мәдениетінің ортақ сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастық аясын өзара тиімді негізде одан әрі кеңейте түсуге септігін тигізуге ниеттестігін жеткізді.
– Қазақстан – Өзбекстанның маңызды сауда серіктесінің бірі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының Өлемі 3 миллиард доллардан асты. Бұл салада зор әлеует бар, – деді Өзбекстан Республикасының елшісі.  Р.Маммадов Қазақстан мен Әзiрбайжан арасындағы саяси, экономикалық байланыстарды нығайту, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы тығыз қарым-қатынастарды жолға қою үшін өзінің бар күш- жігерін жұмсайтынын айтты. Бұдан бөлек, елші барша Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Н.Пиниоваттаначип Қазақстан мен Таиланд арасындағы серіктестік қарым- қатынас түрлі сала бойынша қарқынды өрістей береді деп үміттенетінiн айта келіп, еліміздің халқына игілік пен бақ-береке тіледі.

Рәсім барысында Қазақстан Президентіне БҰҰДБ тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және Израиль Мемлекетінің Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадов, Таиланд корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Нат Пиниоваттаначип сенім граматоларын тапсырды.Мемлекет басшысы бұл рәсім олардың жеке дипломатиялық тарихтарындағы жаңа белеске айналатынына назар ау­дарды.– Бәріңіз де дипломатиялық миссияға алғаш рет басшылық еткелі отырсыздар, қызметтеріңіздегі жаңа кезең Қазақстаннан басталғалы тұр. Сіздерді құттықтай оты­рып, Қазақстандағы жауапты да мәртебелі миссияларыңыз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға септігін тигізеді деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті дипломаттар өз қызметтеріндегі жаңа кезеңді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бастап отырғанын атап өтті.– Бұл тарихи тұрғыдан қысқа кезең біздің еліміз үшін ауқымды өзгерістердің дәуіріне айналды. Мемлекеттілікті ны­ғайту, заманауи нарықтық экономика құру, қоғамды жаңғырту жөнінде орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінде біздің елдің басты сипаттары – саяси тұрақ­тылық, этносаралық және конфессияара­лық келісім, халықаралық істердегі се­німділік пен жауаптылық, тиімді әлеу­меттік-экономикалық өзгерістер, – деді Мемлекет басшысы.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы ара­сындағы 2016-2020 жылдарға арналған негіздемелік серіктестік бағдарламасы ынтымақтастықтың жаңа сапалы дең­гейіне шыққанын көрсететініне назар аударды. – Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасымен өзара іс-қимыл негізгі үш векторды қамтиды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Семей облысын аймақтық дамыту жөніндегі бірлескен бағдар­ла­масын оң бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Израильмен ын­тымақтастықтың аясын кеңейте түсуге айрықша мән беретінін айтты.– Сауда-экономикалық ынтымақ­тастық біздің қарым-қатынасымыздың маңызды бөлігі болып саналады. Бүгінде Қазақстанда Израиль капиталының қатысуымен жұмыс жүргізетін 270-тен астам кәсіпорын тіркелген. Қазіргі дағ­дарыс жағдайында барлық бағыттар бойынша қауымдасуды кеңейте түсу үшін күш жұмылдырудың маңызы зор. Ақпараттық технологиялар, инновация, медицина және ауыл шаруашылығы перспективалы салаларға айналып отыр. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу тұрғысынан біз Израиль­дің озық технологияларына және бала­малы энергетика саласындағы жаңа­лық­тарға мүдделіміз. Израильдің Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда ай­мағы жөніндегі келісімге қол қоюға ұмтылысын біз қолдаймыз. Израильдің Премьер-министрі Б.Нетаньяхудің Астанаға жоспарланып отырған ресми сапары екіжақты байланыстарды те­реңдетуге серпін береді деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті елімізді Өзбек­стан және Әзірбайжанмен туыс­қандық қатынастар мен ғасырлар тари­хынан тамыр тартатын достыққа, өзара құрметке негізделген берік дәстүрлер бай­ланыс­тыратынын атап өтті.– Елдеріміз арасындағы ортақ шекара екіжақты қарым-қатынастардың жан-жақты дамуын алдын ала айқындап тұрады, – деді Мемлекет басшысы.Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Өзбекстанды Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктес ретінде қарасты­ратынына назар аударды.– Өткен аптада екіжақты ынтымақ­тастық жөніндегі Бірлескен үкіметара­­­лық комиссияның 15-отырысы өтті. Қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру Қазақстан-Өзбек қатынастарын жаңа сапалы деңгейге шығарады деп сенемін. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша біздің тиімді ықпалдасуға мүмкіндігіміз бар. Өзбекстан Президенті И.Кәрімовтің біздің елге сапары кезінде жасалған уағдаластыққа сәйкес, мен маусым айында Ташкентке барып, сонда өтетін Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының кезекті отырысына қатысуды жоспарлап отырмын, – деді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Әзiрбайжан Қазақстан үшін Кавказ өңіріндегі стратегиялықсеріктес екенін атап айтты.– Біздің елдеріміз энергетика және транзит-көлік, ауыл шаруашылығы, туризм,білім беру салаларында және басқа да бағыттар бойынша белсене ынтымақтасып келеді. Жақында ғана маған Әзiрбайжан Президенті Ильхам Әлиевтен Әзiрбайжанға ресми сапармен бару жөнінде шақыру келді. Мен бұл шақыруды ықыласпен қабыл аламын. Дипломатиялық арналар арқылы нақты мерзімін келісерсіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті Таиланд Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы маңыз-ды серіктесі болып саналатынына тоқталды.– Астана мен Бангкок арасындағы өзара іс-қимыл өзара түсіністік және сенім ыңғайында дәстүрлі түрде дамып келеді.Таиланд басшылығына Азиядағы зара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі үдерісін,  әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясында дінаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесі үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Біз Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік логистикасы салалары бойынша жемісті ынтымақтастықты арттыра түсуге әзірміз.Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы тығыз қауымдасу сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін керемет мүмкіндікке жол ашады, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысушыларды Астанадағы дипломатиялық жұмыстарының басталуымен және алдағы Наурыз мерекесімен құттықтап, қонақжай Қазақстан жерінде өткізетін күндерінің жайлы болуына тілектестігін білдірді.– Сіздердің қызметтеріңіз сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, екіжақты ын-тымақтастықтың әлеуетін барынша арттыра түсуге бағытталады деп сенемін, – деді Қазақстан Президенті.Н.Шимомура орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан мен БҰҰ арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғаса беретініне сенім білдірді.М.Бродский Қазақстан мен Израиль халықтарын ортақ мүдде мен өзара ілтипатқа негізделген дәстүрлі достық қарым-қатынастар байланыстыратынын айтты.– Таяуда Қазақстан алғаш рет Алғыс күнін атап өтті. Біз үшін бұл мереке Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға қоныс аударған еврейлерге көрсетілген қонақжайлылық үшін сіздің халқыңызға тағы да алғыс білдірудің бір мүмкіндігіне айналды. Біз оны ешқашан ұмытпаймыз, – деді Израиль елшісі.И.Назаров Қазақстан және Өзбек халықтарының руханияты, тарихы және мәдениетінің ортақ сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастық аясын өзара тиімді негізде одан әрі кеңейте түсуге септігін тигізуге ниеттестігін жеткізді.– Қазақстан – Өзбекстанның маңызды сауда серіктесінің бірі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының Өлемі 3 миллиард доллардан асты. Бұл салада зор әлеует бар, – деді Өзбекстан Республикасының елшісі.  Р.Маммадов Қазақстан мен Әзiрбайжан арасындағы саяси, экономикалық байланыстарды нығайту, білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы тығыз қарым-қатынастарды жолға қою үшін өзінің бар күш- жігерін жұмсайтынын айтты. Бұдан бөлек, елші барша Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Н.Пиниоваттаначип Қазақстан мен Таиланд арасындағы серіктестік қарым- қатынас түрлі сала бойынша қарқынды өрістей береді деп үміттенетінiн айта келіп, еліміздің халқына игілік пен бақ-береке тіледі.

http://aikyn.kz/ru/news/show/21725-elbasy_elsh_lerden_sen_m_gramotalaryn_abyldady

7
0
389

Осы тақырып бойынша

Елбасы елшілерден сенім грамоталарын қабылдады - Yvision.kz