Арабтар жаңбырды жасырып жатыр
"Біріккен Араб Әмірлігінің билігі ғаламтор арқылы елдегі су басқан ғимараттар, табиғи апат салдары туралы фотосуреттер жариялауға тыйым салды", - деп хабарлайды The Independent.Биліктің түсіндіруінше, жергілікті тұрғындар туристерді қашырып алмауы үшін елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырмауы керек.БАӘ Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, заңды аттағандар киберқылмыс туралы бап бойынша жазаланады.Заң бойынша, елдің жағымсыз бейнесін қалыптастырған адам бас бостандығынан айырылады немесе 1 млн. дирхамға дейін (272 мыңнан астам доллар) айыппұл төлейді.Ел билігі мұндай қадамға наурыздың басынан бері толассыз жауған нөсер жауынға байланысты болған оқиғалардан кейін барып отыр.Жергілікті тұрғындар су басқан жолдардың көптеген суреттерін жариялап, желден жеңілмоторлы ұшақтардың ұша алмай жатқаны туралы ақпараттармен әлеуметтік желілер арқылы көпшілікпен бөліскен болатын.
http://aikyn.kz/ru/articles/show/21742-arabtar_zha_byrdy_zhasyryp_zhatyr
