Шассисіз қонған Bek Air ұшағының экипажы оқиғаны толығымен баяндады
Bek Air компаниясына тиесілі әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин және стюард Рүстем Ибрагимов NUR.KZ порталына берген эксклюзивті сұхбатында "Қызылорда-Астана" рейсі бойынша ұшақтың апатты жағдайда қону сәтін толығымен баяндады. «Мұндай жағдай сирек кездеседі. Қазақстанда ондай жайттардың болғанын естімеппін. Елестетіп көріңізші, сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшып келе жатқан темірмен асфальтта жүруге тура келеді. Мұны біреудің қателігі деу әбестік болар. Техниканың аты техника, бәрі де болуы мүмкін», - дейді кеме командирі Дмитрий Родин. Командир ұшақтың қонуы емес, оның қону кезінде өртеніп кету мүмкіндігі басты мәселе болғанын айтуда. Оның алдын алу үшін арнайы көбік шашылған. «Мұндай жағдай сирек кездеседі. Қазақстанда ондай жайттардың болғанын естімеппін. Елестетіп көріңізші, с…