Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бензин бағасы арзандай ма?

Қазақстанда бұдан былай ірі мұнай өңдеу зауыттары өз өнімдерін еш делдалсыз, тікелей жанармай құю стансаларына жеткізе алады.
Сенаторлар қолданыстағы заңнаманы тиісті жаңа нормамен толықтыратын болды. Осы және басқа жаңалықтар кеше Сенаттың Экономикалық саясат, инновация­лық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.
«Кейбір заңнамалық актілерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталған жаңа заң жобасына Жоғары палатаның депутаттары бастамашы болды. Ол Сенаттың 10 наурыздағы жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған.
Енді екінші оқылымға әзірленіп жатқан бұл құжат еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында есептеу құралдарын енгізуді 2017 және 2018 жылдарға көшірмек. Бұған қазіргі күрделі кезең итермелеп отыр­ған көрінеді. Әйтпесе, биылдан бастап, бар­лық МӨЗ-дерге қанша шикізат әкелініп, қан­ша көлемде мұнай өнімдері шығарыл­ғанын қатаң есепке алу көзделген. Әрине, бұл шаралар біраз қаржы шығынын қажет етеді.
Бір топ депутат жазған жоба жөнінде өз әріптестеріне түсініктеме берген сенатор Михаил Бортниктің айтуынша, МӨЗ-дер мен мұнай базаларындағы бақылау және есепке алу аспаптарын орнату мерзімін ауыстыру қарастырылуда: «Қолданыстағы заңнамада бекітілген 2016 жылғы 1 қаң­тардың орнына бұл мерзім МӨЗ-дер үшін 2017 жылғы 1 қаңтарға, ал мұнай базалары үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға көшіріледі» деді ол.
Сенатордың түсіндіруінше, енгізілгелі отырған түзетулер 2011 жылы қабылданған «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңын қолдану кезінде анықталған құқықтық олқылықтарды жоюға бағыт­талып отыр. Жаңалықтардың бірі жанар-жағар май өнімдерін өткізудің «мұнай өндірушіден бөлшек саудалаушыға дейінгі үш буынды жүйесіне» қатысты болып келеді. Мысалы, жаңа заң жоба­сымен Салық кодексінің 574-ші бабының 5-тармағын жаңа нормамен толықтырып, «ірі ресурс иелеріне өз мұнай өнімдерін шағын және орта бизнес субъектілерінің жанар-жағармай стансаларына да сату мүмкіндіктерін беру» көзделеді. Бұл, мысалы, бензин бағасының арзандауына әкелуі ықтимал.
Заң жобасы бірқатар шектеулерді жояды. Енді ірі зауыттарға тек мұнай мен газды және газ конденсатын ғана емес, сондай-ақ нафта, вакуумды газмұнай және басқа да құрамында мұнайы бар фрак­цияларды өңдеу мүмкіндігі ұсынылады. Қазіргі уақытта мұндай фракцияларды өңдеуге шектеу қойыл­ғандықтан, отандық мұнай өңдеу зауыт­тарының қуаттылығы толық көлемде пайдаланылмай отыр екен.
Бұған қоса, мұнай базаларындағы бір резервуарды бірнеше компанияның пайдалануына рұқсат етілетін болды. Себебі, бүгінде тек бір ғана компания пайдаланған кезде, бұл резервуарлар «қара алтынға» толмай қалады екен. «Бұл арендалық төлемді төлеу қиыншылықтарын туындатады. Сонымен бірге басқа компа­нияларға резервуарлардың жетпеу проблемасы бас көтеруде» деді М.Бортник.
Жоба арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері нақтыланады. Сонымен қатар, заң жобасы аясында Энергетика министрлігіне ірі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатының негізгі көрсеткіштерін бекіту құқығын беру ұсынылады.
Заң жобасы Сенаттың алдағы жалпы отырысына шығарылмақ.

Қазақстанда бұдан былай ірі мұнай өңдеу зауыттары өз өнімдерін еш делдалсыз, тікелей жанармай құю стансаларына жеткізе алады.Сенаторлар қолданыстағы заңнаманы тиісті жаңа нормамен толықтыратын болды. Осы және басқа жаңалықтар кеше Сенаттың Экономикалық саясат, инновация­лық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.«Кейбір заңнамалық актілерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталған жаңа заң жобасына Жоғары палатаның депутаттары бастамашы болды. Ол Сенаттың 10 наурыздағы жалпы отырысында бірінші оқылымда мақұлданған. Енді екінші оқылымға әзірленіп жатқан бұл құжат еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай базаларында есептеу құралдарын енгізуді 2017 және 2018 жылдарға көшірмек. Бұған қазіргі күрделі кезең итермелеп отыр­ған көрінеді. Әйтпесе, биылдан бастап, бар­лық МӨЗ-дерге қанша шикізат әкелініп, қан­ша көлемде мұнай өнімдері шығарыл­ғанын қатаң есепке алу көзделген. Әрине, бұл шаралар біраз қаржы шығынын қажет етеді.Бір топ депутат жазған жоба жөнінде өз әріптестеріне түсініктеме берген сенатор Михаил Бортниктің айтуынша, МӨЗ-дер мен мұнай базаларындағы бақылау және есепке алу аспаптарын орнату мерзімін ауыстыру қарастырылуда: «Қолданыстағы заңнамада бекітілген 2016 жылғы 1 қаң­тардың орнына бұл мерзім МӨЗ-дер үшін 2017 жылғы 1 қаңтарға, ал мұнай базалары үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға көшіріледі» деді ол.     Сенатордың түсіндіруінше, енгізілгелі отырған түзетулер 2011 жылы қабылданған «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңын қолдану кезінде анықталған құқықтық олқылықтарды жоюға бағыт­талып отыр. Жаңалықтардың бірі жанар-жағар май өнімдерін өткізудің «мұнай өндірушіден бөлшек саудалаушыға дейінгі үш буынды жүйесіне» қатысты болып келеді. Мысалы, жаңа заң жоба­сымен Салық кодексінің 574-ші бабының 5-тармағын жаңа нормамен толықтырып, «ірі ресурс иелеріне өз мұнай өнімдерін шағын және орта бизнес субъектілерінің жанар-жағармай стансаларына да сату мүмкіндіктерін беру» көзделеді. Бұл, мысалы, бензин бағасының арзандауына әкелуі ықтимал.  Заң жобасы бірқатар шектеулерді жояды. Енді ірі зауыттарға тек мұнай мен газды және газ конденсатын ғана емес, сондай-ақ нафта, вакуумды газмұнай және басқа да құрамында мұнайы бар фрак­цияларды өңдеу мүмкіндігі ұсынылады. Қазіргі уақытта мұндай фракцияларды өңдеуге шектеу қойыл­ғандықтан, отандық мұнай өңдеу зауыт­тарының қуаттылығы толық көлемде пайдаланылмай отыр екен. Бұған қоса, мұнай базаларындағы бір резервуарды бірнеше компанияның пайдалануына рұқсат етілетін болды. Себебі, бүгінде тек бір ғана компания пайдаланған кезде, бұл резервуарлар «қара алтынға» толмай қалады екен. «Бұл арендалық төлемді төлеу қиыншылықтарын туындатады. Сонымен бірге басқа компа­нияларға резервуарлардың жетпеу проблемасы бас көтеруде» деді М.Бортник.  Жоба арқылы мұнай өнімдерін өндірушілердің міндеттері нақтыланады. Сонымен қатар, заң жобасы аясында Энергетика министрлігіне ірі мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік қуатының негізгі көрсеткіштерін бекіту құқығын беру ұсынылады. Заң жобасы Сенаттың алдағы жалпы отырысына шығарылмақ.

http://aikyn.kz/ru/articles/show/21676-benzin_ba_asy_arzandai_ma_

7
0
528

Осы тақырып бойынша